- •«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні және курстің мақсаты.
- •Тарих ғылымының методологиясы.
- •3.Тарихи танымның әдістері.
- •4. Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері
- •5.Траихқа формациялық және өркениеттілік көзқарас
- •6. Қазақстанның қазіргі заман тарихының периодизациясы
- •7. М.Хрохатың ұлттық қозғалыс типалогиясы туралы концепциясы
- •8. Жадидшілдік Ресейлік мқсылмандардың ағартушылық идеологиясы
- •10. XXғ басындағы мұсылмандардың реформаторлық қозғалыстары
- •9.Қазақстандағы Жадидшілдік мектептер мен медреселер
- •11. Ұлттық интеллигенция және оның xXғ басындағы қоғамдық-саяси қызметі
- •12. Қазақ ұлттық интеллигенциясы және оның xXғ басындағы Қазақстандағы саяси өміріндегі орны.
- •13. XXғ басындағы қазақ интеллигенциясының мұсылмандық қозғалыстарға қатысуы
- •14. I және II ші Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарының қатысуы
- •II Мемлекеттік Думаның таратылуы және оның қазақтар үшін салдары
- •15. Мемлекеттік Думаның мұсылмандық фракциясы. Жер мәселесі және қазақ депутаттары а. Бірімжанов пен б. Қаратаевтардың сөйлеген сөздері.
- •16 Қазақ депуттаттарының Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясына қатысуы
- •17. XX ғ. Басындағы қазақ басылымдары.
- •18 «Қазақ»газеті мен «Айқап» журналдарының қазақ халқының ұлттық сана сезімінің қалыптастырудағы рөлі.
- •19. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалысы: негізгі кезеңдері, қозғалыс ошақтары, жетекшілері
- •20. Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары, олардың қызметі
- •21. Қарқаралы петициясы Петициялық қозғалыстың басталуы
- •22. Отандық тарихнамадағы қазақ интеллигенциясының көтеріліске қатысу мәселесі
- •23 .Шет елдік тарихнамадағы 1916 жылғы көтерілісті зерттеудің жаңа тәсілдері
- •24 Ресейдегі ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның демократиялануына әсері
- •25. Қазақстандағы қосүкімет және оның ерекшеліктері
- •26. Қазақ комитеттерінің құрылуы, олардың қоғамдық-саяси қызметі
- •27. «Алаш» партиясы: бағдарламасы, әдісі.
- •28 Ә. Бөкейханов – алаш қозғалысының көшбасшысы, XX ғасырдың көрнекті қайраткері.
- •29 А. Байтұрсынов –мәдени қайраткер және көрнекті саясаткер
- •30. «Үш жүз» партиясы, бағдарлама тезисі, әдісі.
- •31.«Алаш» және «Үш жүз» ұлттыұ саяси партиялары. Олардың бағдарламалық құжаттарының негіздері
- •32 «Шура-и-Ислами», «Шура-и-Улема» мұсылмандық партиясы
- •33.1917 Жылғы қазан төңкерісі. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауы
- •34. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауының қиыншылықтары мен ерекшелігі
- •35. 1917 Жылғы қазан оқиғасына жаңаша баға
- •36. «Ресей халықтарының деклорациясы» және Кеңес үкіметі басшылығының «Ресей мен барлық Шығыс халықтарының еңбекші мұсылмандарына» жолдауы
- •37.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920).
- •38. «Әскери коммунизм» саясаты, оның Қазақстандағы жүзеге асырылуының ерекшелігі
- •Өнеркәсіп және қаржы саласындағы күйзеліс жағдай
- •Ауылдар мен деревнялардағы наразылық
- •39. Төтенше өлкелік IV сьезд. Түркістан Автономиясының құрылуы
- •40. Екінші Жалпықазақ «Алаш» партиясының сьезі. «Алаш» Автономиясы. «Алаш Орда» Үкіметі
- •41«Алаш Орда»:азаматтық қарсыластықтағы орны мен рөлі
- •42. Кеңес үкіметі және Алаш Орда мен Қоқан автономиясының басшыларының тағдыры
- •43. Шет елдік тарихнамадағы 1916 жылғы көтерілісті зерттеудің жаңа тәсілдері
- •44. 1916 Жылңы ұлт-азаттық көтерілісі қазіргі заманғы тарихнамада.
- •45 Жэс және Қазақстандағы жүзеге асырылуы. Жер-су реформалары
- •46 Кирревкомның құрылуы және құрамы. Кирревкомның мақсаты мен жоспары.
- •47 ҚазАксРнің құрылуы. Қазақ жерлерінің ҚазАксРнің құрамына біріктірілуі.
- •48 Қазақ кеңестерінің құрылтай сьезі. «Қырғыз (Қазақ) акср-і еңбекшілерінің заңдық декларациясы»
- •49 Қазақстан Кеңестерінің учредительдік сьезі. ҚазСсРнің құрылуы.
- •50 Орта Азияның ұлттық-территориялық бөлінуі: себебі, салдары.
- •51 Қазақстан одақтық республика дәрежесінде. ҚазСср-нің Конституциясының қабылдануы.
- •52 XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы мәдени құрылыс.
- •XX ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- •Қазақ баспасөзінің қалыптасуы.
- •53 Қазақстандағы өндірістік модернизация: жүзеге асудағы қиыншылықтары мен ерекшеліктері
- •54 Қазақстандағы индустрализация: кеңестік үлгі.
- •55 Қазақстандағы индустриализацияның жүзеге асу жолдары жайындағы пікірталас
- •56 Ф. Голошекиннің «Кіші Қазан» революциясы. 1928-1930 жж. Төтенше жағдай.
- •57 Қазақстандағы ауыл шаруашылығын жаппай коллективтендіру: әдісі, қадамы және оның әлеуметтік, экономикалық салдары.
- •58 Қазақстандағы ауыл шаруашылығын коллективтендіру: халық қасыреті
- •59. 1931-1933 Жж. Аштық. Қазақстандағы шаруалардың кеңестік жүйеге қарсы шығуы.
- •60 Кеңес үкіметінің аграрлық және жер-су саясаты.
- •61 Саяси қуғын сүргін. Қазақстандағы Сталиндік лагерлер.
- •2. Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.
- •1944 – 1945 Жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілері:
- •3. Майдандағы қазақстандықтар.
- •4. Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944-1945 жж.)
- •65 Жекелеген ұлттарды Қазақстанға депортациялау
- •66 Қазақстандықтар –Кеңес Одағының батырлары
- •67 Ұлы Отан соғысы майданындағы Қазақстандықтар
- •68 Қазақстандықтардың Москва үшін шайқасқа қатысуы.
- •69. Сталинград түбіндегі неміс-фашист басқыншыларын талқандау, және оған Қазақстандықтардың қатысуы.
- •70 Қазақстан - фронт арсеналы. Тыл еңбегіндегі Қазақстандықтардың ерлігі.
- •71 Қазақстандықтардың Берлин операциясына қатысуы
- •72 Қазақстандықтардың фашистік Германияны жеңудегі үлесі
- •73 Соғыс жылдарындағы Қазақстанның ұлттық білімі мен мәдениеті
- •74 Тарих ғылымындағы Ұлы Отан соғысының даулы мәселелері.
- •75 М. Шоқай. Түркістан легионы
- •76 Соғыстан кейінгі Қазақстан экономикасы: негізгі мәселелері және даму үрдісі
- •77 Тың және тыңайған жерлерді игеру бағыты: мақсаты және себебі
- •78 Қазақстандағы целинаның жүзеге асырылуы: жетістігі, қателігі
- •79. Хх съезд кпсс. Начало десталинизации.
- •80 Жеке басқа табынуды айыптау. Қоғамдық-саяси өмірдегі « De-десталинизация».
- •81 Қазақстан «хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964)
- •82 «Жылымық». 1953-1964 жылдардағы реформалардың жүзеге аспауының себептері
- •83 XX ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысындағы экономикалық реформа және оның аяқталмауы.
- •84 XX ғасырдың 70-ші және 80 жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудағы қайшылықтар.
- •86. 1986 Жылғы Желтоқсан . Тәуелсіздік жаршысы.
- •87. 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғасы. Жаңаша баға
- •88 М.С.Горбачевтің жаңа бағыты. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету концепциясы.
- •89 Кокп оак-тің апрель (1985ж) пленумы. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету стратегиясы ұғымы.
- •90 Қайта құруды жүзеге асыру және оның негізгі бағыттарын айқындау.
- •92 Қайтақұру бағыты. Негізгі кезеңдері. Қайтақұру жолдарының қайшылықтары.
- •91 ҚазСсРдің және қр тіл туралы заңының қабылдануы
- •93 Қайта құру кезіндегі Қазақстан. 1985-1991 жж. Экономикалық саяси реформалар.
- •95 Қазақстандағы экологиялық мәселелер. «Невада-Семией» қозғалысы
- •96 Тамыз 1991 ж. Ново-Огаревский оқиғасы.
- •97 Беловежск келісімі. Орта Азия елдерінің Ашхабадтағы кездесуі.
- •98 1991 Ж 21-ші желтоқсандағы Алматы Деклорациясы
- •99 Қазақстан және тмд. Қазақстандағы президенттік биліктің енгізілуі
- •100 «Каз.СсРнің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Деклорацияның қабылдануы.
- •101 «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жөніндегі» Конституциялық Заң.
- •102 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
- •103. 1993, 1995 Жж. Қр Конституциясы
- •104. 1995 Ж қр Конституциясы және оның ережелері
- •105 Конституциялық реформа. 1995ж. Қр негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі
- •106 Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы
- •107 Қр ұлтаралық қатынас. Қазақстан Халықтары Ассамблеясы
- •108 Қазақстан Халықтары Ассамблеясы. Қр-ғы заманауй этно-демографиялық үдеріс.
- •109 Қазақтардың Бүкіләлемдік құрылтайы.
- •110 Н. Назарбаев. «XX ғасыр табалдырығында»
- •111 Н. Назарбаев. «Ғасырлар тоғысында»
- •112 Нарықтық қатынастардың дамуы. Экономикалық стратегияны жобалау және үкіметтің экономикалық реформаларға арналған бағдарламасы.
- •113 Қазақстандағы экономикалық реформалар: нарыққа көшудің қиындықтары мен мәселелері.
- •114 Қр ғы әлеуметтік – экономикалық жаңғыру. Қазақстандық заманауй даму моделі
- •121 Қазақстан Халықаралық ұйымдарда
- •123 Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығында
- •124 Қр тмд елдерімен ынтымақтастығы
- •122 Қазақстан әлемдік экономикалық жүйе байланысында
- •125 Қр Сыртқы саясаттағы жетістіктері. Қазақстан Республикасы еқыұ мүшесі. Қазақстанның еқыұ-ға жетекшілігі
- •126 Қр заманауй мәдени үдерістер
- •127 Тәуелсіздіктің рухани негізі. Қазіргі заманңы Қазақстан мәдениеті.
- •128 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы
- •Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2004-2006 жж.)
- •Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2007-2009 жж.)
- •Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2009-2011 жж.)
- •129 Тәуелсіз Қазақстанның даму стратегиясы: басымдықтары мен нәтижесі.
- •130 Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
- •2. Ағымдағы ахуалды талдау
- •2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы оң үрдістер
- •2.2. Шешімін талап ететін проблемалар
- •2.3. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар
- •3. Мақсат пен міндеттер
- •3.1. Мақсат пен нысаналы индикаторлар
- •3.2. Стратегия міндеттері:
- •4. Түйінді бағыттар, негізгі тәсілдер және басым шаралар
- •4.1. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
- •4.2. Қоғамдық бақылау институтын енгізу
- •4.3. Квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
- •4.4. Сот және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
- •4.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру
- •4.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту
- •5. Стратегияны іске асыруды мониторингтеу және бағалау
- •І. Қалыптасқан қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы
- •1. Қуатты да табысты мемлекет
- •2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі
- •3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы
- •4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің роліміз
- •5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен күшті әлеуметтік саясат
- •6. Әлемдік қауымдастық таныған ел
- •7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді роліміз
- •8. "Қазақстан-2030" Стратегиясы. Негізгі қорытындылар
- •Іі. Ххі ғасырдың он жаһандық сын-қатері
- •Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі.
- •Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік.
- •Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер.
- •Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы.
- •Бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік.
- •Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы.
- •Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция.
- •Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық.
- •Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы.
- •Оныншы сын-қатер – әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі.
- •Ііі. "Қазақстан-2050" Стратегиясы - тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты отандастар!
- •2. Біз қайда бара жатырмыз?
- •1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- •1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- •Жаңа кадр саясаты
- •Бюджет саясаты
- •Салық саясаты
- •Ақша-кредит саясаты
- •Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты
- •Құрметті отандастар!
- •Ауылшаруашылық қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту.
- •2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау
- •3. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік
- •Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары
- •Ананы қорғау. Әйелдерге үндеу
- •Баланы қорғау
- •Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі
- •4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары
- •Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтары
- •Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты
- •5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
- •6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
- •7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі
- •Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизм.
- •Екінші. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі.
- •Үшінші. Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы.
- •Төртінші. Мәдениет, дәстүр және даралық
- •Бесінші. Ұлттық интеллигенцияның рөлі
- •Алтыншы. Ххі ғасырдағы Қазақстандағы дін
- •Құрметті қазақстандықтар! Менің отандастарым!
- •Қымбатты отандастар!
- •134 Қр Президентінің «Нұрлы-жол Болашаққа-жол» жолдауындағы жаңа экономикалық саясаты
- •135 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы «Қазақстан жаңа әлемдік шындықта: өсім, реформа, даму» деп аталатын дағдарысқа қарсы мүмкіндіктер немесе дағдарысқа қарсы басты стратегемма.
- •136 Тәуелсіз Қазақстанның .«Мангiлiк Ел» ұлттық идеясы
- •137 Президент және Қазақстанның жаңа астанасы.
- •138 Қр 25 жылдық мерейтойы. Жетістіктері мен болашағы
- •1991 Жылы 16 желтоқсанда Парламент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады.
- •139 Н. Назарбаев Қазақстанның егемен ел ретіндегі қалыптасуы және стратегиялық дамуы
- •140 «ҚазСср-нің тіл жөніндегі» Заңы
- •Халықаралық Аралды құтқару Қоры туралы ережені және хаққ мен оның ұйымдарының мәртебесі туралы келісімді бекіту туралы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының шешімі
- •Халықаралық Аралды құтқару Қоры туралы ереже
- •I. Қордың ұйымдық негіздері
- •II. Қор қаражатын қалыптастыру
- •III. Қор қызметінің негізгі бағыттары.
- •IV. Қордың құқықтары
- •V. Қорды басқару
- •VI. Қордың есебі мен есептілігі
- •Халықаралық Аралды құтқару Қорының (хаққ) және оның ұйымдарының мәртебесі туралы келісім
- •142 Қр «Қазақстан -2030» даму стратегиялық бағдарламасы
- •143 Қр өндірістік-инновациялық даму стратегиясы.
- •144 Н. Назарбаев. «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам»
- •133 «Қазақстандық жол 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын қр Президентінің Қазақстанның дамыған әлемдік 30 елдің қатарына енуі туралы концепциясының басым бағыттары
- •146 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары «Қазақстан 2050-стратегиясы»
- •147 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі басымдықтары «Қазақстандық жол- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
- •148 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының басты мақсаты «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
- •V. Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері
- •Vі. Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер - жаңа қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары
- •V. Жаңа Кезеңнің ығытына қарай саяси және әкімшілік даму
- •Vі. Қазақстанның жаңа өңірлік және геосаяси жауапкершілігі
- •Құрметті отандастар!
- •Құрметті қазақстандықтар!
- •Құрметті қазақстандықтар!
- •Құрметті отандастар!
- •Қымбатты достар!
- •Қадірлі отандастар!
- •150 Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Тәуелсіздік белестері» еңбектеріне сипаттама
- •Назарбаев н. Ә. Ғасырлар тоғысында (кітап корей тілінде)
II Мемлекеттік Думаның таратылуы және оның қазақтар үшін салдары
Бірінші орыс революциясы қатаңдықпен басып тасталғаннан кейін патша үкіметі елде қуғын-сүргін шараларын жүзеге асыруға кірісті. 1907 жылы реакцияшыл сайлау заңы шықты. Ендігі жерде бұратана ұлттар, соның ішінде қазақтар да сайлау құқығынан айырылды. Патша үкіметі Қазақстанның байырғы халқы сайлауға қатысуға әлі дайын емес деп санады. Сондықтанда 1907—1917 жылдарда қазақтар Ресейдің Мемлекеттік Думасына сайланған жоқ. Патша үкіметінің бұл шарасы қазақ халқының ашу-ызасын туғызды. 1907 жылғы маусымда Ақтөбе, Петропавл, Костанай сияқты тағы да басқа қалаларда наразылық митингілері болып өтті. 1908 жылы Ә. Бөкейханов Выборг үндеуіне қол қойды. Ол үндеу II Мемлекеттік Думаның таратылуына қарсылық ретінде қабылданған болатын.
Келесі шақырылған Мемлекеттік Думаларда қазақ халқының мүдделерін Т. Седелъников, В. Недоносков, Н. Бородин, И.И. Космодемияновский, А. Виноградов, Н. Скалозубов сияқты орыс депутаттары белсене қорғады. Орынбор губерниясынан сайланған депутат Т.И. Седельников Мемлекеттік Дума мәжілісінде былай деп ашық айтты: «Жүздеген мың қырғыздар... мүлде жерсіз қалып отыр, ұлт арақтай ғана болмашы жері бар қырғыздардың саны кем дегенде миллионға жетеді». Қазақтардың жерге қатысты құқығын башқұрт Ш. Сыртланов, татар депутаты С. Максудов қорғады.
Закавказьелік депутат X. Мамедов III Мемлекеттік Думаның мінберінен бүкіл мұсылман фракциясының атынан сөйлеген сөзінде Ресейдің ішкі аймағынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударуды онда қазақтардың жерге қатысты занды құқықтары шешілгенге дейін тоқтата тұруға шақырды. Қазақтың белгілі саяси қайраткерлердің бірі Мұстафа Шоқай Думаға депутат болмаса да, III және IV Мемлекеттік Думалардағы мұсылман фракциясының құрамына кіріп, ондағы мұсылман депутаттардың назарын қазақтардың бастан кешіріп отырған ауыр халіне аударды.
15. Мемлекеттік Думаның мұсылмандық фракциясы. Жер мәселесі және қазақ депутаттары а. Бірімжанов пен б. Қаратаевтардың сөйлеген сөздері.
Қаратаевтардың сөйлеген сөздері
Қазақстан халқының саяси ой-өрісінің дамуында Мемлекеттік Думаға сайлау жүргізу науқаны маңызды рөл атқарып, онда қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді қызметімен көрінді. Мысалы, 1905 жылдың 6 тамызында Мемлекеттік Дума жөніндегі патша Манифесі қазақ еліне де депутат сайлау құқығын берген болатын. Бірақ, бұл құқықтың жартыкештігі байқалды. Өйткені, депутаттарды сайлау барысында ұлттардың арасалмағы есепке алынбады. Сондықтан, қазақ зиялылары мұндай әділетсіздікті түзетуге біршама әрекет жасап көрді. Нәтижесінде, қазақ халқы Мемлекеттік Думаға әр облыстан бір депутаттан ғана сайлау құқығына ие болды. Сөйтіп, Қазақстаннан бірінші Мемлекеттік Думаға барлығы 9 депутат, оның ішінен 4 миллион қазақ халқынан 4 депутат: Ә.Бөкейханов, А.Бірімжанов, А.Қалменов және Б.Құлманов сайланды. Олар Дума жұмысына мұсылман депутаттары фракциясы құрамында қатынасты. Бұл фракцияның заң жобасы ретінде дайындаған ең басты құжаты аграрлық мәселеге байланысты еді. Мұсылмандар фракциясы жер мәселесіндегі аграрлық тұжырымдаманы мұсылмандар партиясының бағдарламасы негізінде ұсынды. Ал барлығы 72 күн ғана жұмыс жасаған бірінші Мемлекеттік Дума 1906 ж. 9-шілде күні үкімет шешімімен таратылды. Дәл сол күннің кешінде Думадағы оппозицияның 182 өкілі (кадеттер, трудовиктер, меньшевиктер) Выборг қаласында (Финляндия) жиналып, Манифест дайындап, оған өздерінің қолдарын қойды. Олардың арасында Ә.Бөкейхановта бар еді. Сол үшін ол келесі Думаға сайлану құқығынан айрылып қана қойған жоқ, сонымен бірге жауапқа тартылып, абақтыда отырып шығады. Сөйтіп, халық бұқарасының назарын алаңдату үшін шақырылған бірінші Мемлекеттік Дума оның үміттерін ақтамады, ал оның мінберін партиялар ө змақсаттарына пайдаланды.
Бақытжан Қаратаевтың 1907 жылы ІІ Думада сөйлеген сөзі
Депутат мырзалар!
Қырғыз-қайсақ халқының атынан бұл мінбеден ешкім сөйлеген жоқ: соған қарамастан, мемлекетіміздегі шиеленісіп отырған аграрлық мәселені шаруаларды Далалық облыстар территориясына, Семей және Жетісу облыстарының территориясына қоныс аудару арқылы шешкісі келетіндер бар. Әсіресе оң жақ қатарда отырған ағайындарымыз аграрлық дағдарысты шаруаларды Орта Азияға көшірту жолымен жоюға құштар. Олардың көзқарастарын Парламентке егіншілік пен жерге орналастыру ісінің бас басқарушысы князь Васильчиков, сондай-ақ Министрлер Кеңесінің төрағасы Столыпин таратып отыр. Алайда осы уақытқа дейін Мемлекеттік Дума делегаттарының бірде-бірі дәл қазір азиялық облыстар ішінде шаруаларды қоныстандыратын басы артық жер бар ма, басымызды қатыра-қатыра шаруаларды қоныс аударуға тәуекел ете алатындай Далалық облыстардың барлық бөліктері жаратылыстық-тарихи, шаруашылық-статистика, топырағы мен ауа райы жағдайлары тұрғысынан зерттеліп болды ма деп сұраған жоқ, ол туралы біле де қоймас. Жергілікті халықтың мүдделерімен есептеспей келген қоныстандыру қалай дегенмен де әділетсіздік болып табылуға тиіс. Ол қашанда күштінің әлсізді қанауы деп қабылданбақ. Сөз жоқ, қырғыздар, яғни қырғыз-қайсақ деп аталатындар - әлі дамудың төменгі сатысында тұрған қауқарсыз халық, сол себепті де олармен ортақ тіл табысуға болады және оларға зорлық көрсетудің ешқандай жөні жоқ. Біз, қырғыз-қайсақтар, Россияда қатты ушығып отырған аграрлық мәселе шұғыл шешім қабылдауды талап етенінін терең түсінеміз. Біздің шаруа бауырларымыздың жерге мұқтаждығын жақсы сеземіз, егер басы артық жеріміз болса, оларға біз ризашылығымызбен ығысып орын беруге әзірміз. Ал мәселенің түйіні Далалық облыстар территориясының әлі күнге дейін жаратылыстық-тарихи, шаруашылық-статистикалық тұрғыда жете зерттелмегендігінде. Бүгін біздің жолдасымызға депутат Темеренков Азияда ұшы-қиырсыз жер бар, шаруаларды сонда қоныс аудартып, осылайша жер жетімсіздігін жоюға болады дегенді айтты. Шын мәнінде, белгілі ғалым Щербина Далалық облыстардың солтүстік уездерін, атап айтқанда, Тоғай, Ақмола және Семей облыстарының жері құнарлы уездерін ғана зерттеген, бірақ Щербина олардың оңтүстігіндегі уездерін барлай алмады. Егер ауа райы мен топырақ жағдайларының барлығы тұтастай зерттелген болса, онда Далалық облыстардың оңтүстік уездерінде топырақ сорлы, құмды, кеуіп қалған сор дала болғандықтан, басы артық жердің өте аз екені жайында ешқандай күмәнсіз қорытынды жасаған болар едік. Осы кезге дейін бәрі қырғыздар көшіп-қонып жүрді-міс деген түсінікпен келеді. Жоқ, мырзалар, қырғыздардың көшпелілері де, отырықшылары да бар. Далалық облыстардың солтүстіктегі құнарлы уездерін, міне, ондаған жылдардан бері отырықшы қырғыздар жайлап, егін егіп келеді. Олардың кейбіреулері шымнан, енді біреулері кірпіштен, үшіншілері қызыл кірпіштен үй салып алған, бір сөзбен айтқанда, олардың өз тұрмыстарына сай тұрғын үй мен қора-қопсылары бар. Осынау отырықшы қырғыздар үшін егін егу - тұрмыс түзеудің ең негізгі көзі, ал олар мал өсірумен де айналысады десек, ол тұрмыс түзеудің қосымша көзі болып табылады. Далалық облыстарға қоныс аудара отырып, іс жүзінде осы қырғыздарды өздері мекендеген жақсы жерлерінен, жылы ұяларынан қуып шығумен айналысуда.
Думаның төрағасы:
- Шешен мырза, он минут уақытыңыз бітті.
Қаратаев:
- Мырзалар, осыған дейін сіздердің ешқайсыларыңыз Далалық облыстарға қоныс аудару жайы туралы ауыз ашқан жоқсыздар. Бәлкім, Мемлекеттік Дума дархандық танытып, менің сөзімді ақырына дейін тыңдар. Мырзалар, менің шаруаларды Далалық облыстарға қоныс аудартудың жай-күйі жайындағы баяндамамды аяқтауыма мүмкіндігім қалмады, дегенмен менің айтарым - Мемлекеттік Дума өздері Ішкі Россиядағы помещиктер мүдделерін, осынау 130 мың помещиктің мүддесін қорғау үшін шаруаларды қоныстандыру арқылы қорлап отырған қырғыз-қайсақтардың әрдайым шаруалардың жерге деген мұқтажын қанағаттандыру мақсатымен жеке иеліктегі жерлерді күштеп тартып алу ниетіндегі барлық оппозициялық фракцияларға аянышпен қарайтынын есте ұстайтын болсын. Дегенмен бүгінгі таңда шаруаларға орын босату үшін қырғыздарды жерлерінен ғана емес, олардың тұрғын үйлерінен көшіріп, қуып шығып жатқанын түсініңіздер. Орыстың қарапайым еңбекшілері мен зиялылар қауымы жерімен қоса, үйінен, қора-қопсысынан қуылып жатқан сорлы қырғыз-қайсақтарды жәбірлеп жатқандарға қарсы шығып, қамқор қол ұштарын береді деп сенемін. Менің қолымда мұны дәлелдейтін қыруар деректер тұр, бірақ, өкінішке қарай, сөзімді аяқтай алмадым («Орал өңірі», 1990, 8 желтоқсан).
Сондай-ақ Дума отырыстарының арасында Б.Қаратаев «Жерге орналастыру және егіншілік» басқармасына барып, өкіметтің қазақ өлкесіндегі жүргізіп отырған жер саясатының көшпелі қазақтарға үлкен зиян тигізіп отырғанын, Дала өлкесіне орыс шаруаларын қоныстандыруды тоқтату қажеттігін айтады. «Айқапта» жарияланған «Қазақ жері хақында» деген мақалада: «1907 жылдың наурыз айында ІІ Мемлекеттік Думаның депутаттары Қаратаев, Бірімжанов, Қосшығұлов һәм Нүрекенов бас министр Столипинмен, жер министрі дәрежесіндегі князь Васильчиковқа жолығып жер мұқтажын айтып сөйлейді.
Қазақ депутаттары Қаратаевқа сөз тізгінін беріп еді, ол айта-айта келіп, былай дейді: «Қара шекпенділерді переселениеден тоқтату керек, Азиатск облыстарындағы қазақ жерлерін өлшеп, жақсысы қанша, жаманы қанша екенін білу керек, көшпелі һәм отырықшы қазақтарды жақсы деген жерлерге орналастыру керек, одан соң артық жерлер болса, переселение пайдасына шығару керек. Жаман жерлерін ешкім қызғанбайды». (Айқап», 1911, №11).
ІІ Мемлекеттік Думаның аграрлық комиссиясының құрамында М.Тынышпаев пен Б.Қаратаев болды.
Бақытжан Қаратаев Думаның аграрлық заң жобасын жасауға араласады. Қазақ өлкесіндегі жер саясатына байланысты отырыстарда сөз сөйлейді. Ол Думаның 39-пленарлық мәжілісінде аграрлық мәселені талқылауға қатысты. 16 мамырда мінбеден қазақ жерінде басы артық жердің жоқтығын, бар болса да, бұл жерлердің табиғи жағдайы қоныстандыруға келмейтіндігін, қоныстандыру басқармасы бұл жағдайлармен санаспаса, қазақ шаруашылығы күйзеліске ұшырайтынын ашып айтады.
Б.Қаратаев өзімен пікірлес депутаттар сияқты қазақ халқының әлеуметтік және экономикалық мұқтаждықтары шешіледі деп үміттенді. Өкінішке қарай, Дума алдына қойған жер мәселесіне қатысты істері ешқандай да қолдау таппады. Сондықтан да Б.Қаратаев елге құр қол қайтпас үшін Дала ережесіне қатысты мақалаларды, қазақтарға қатысты әртүрлі циркулярды жинады. Сөйтіп, үлкен үмітпен бар талабын хат түрінде Думаның мұсылман фракциясына тапсырды.
Бұл Дума да 1907 жылы 3 маусым күнгі заң бойынша таратылды. Думаның таратылғанына қарсылық білдірген жиналыстар, митингілер күніге өтіп жатты.
Жаңа ІІІ Мемлекеттік Думаға сайлау заңы түбірімен өзгертілді. «Бұратана халық» деп аталынған қазақ депутаттары патша үкіметіне үрей туғызды. Сондықтан да қазақ халқын сайлау құқығынан мүлдем айырды. Думада 82 депутаттың орны кеміді. («Қазақстан заңдары», 1998, №4, 43-45 беттер).
Депутаттықтан кейін де халық үшін күресіп өткен Қаратаевтың елім деп еңіреген хан-сұлтанның қасиетті тұқымы екенін өзі ұйымдастырып, отырықшылар ауылын салғаны да дәлелдейді. Ол 1910 жылы Орал облысындағы Жымпиты уезінің Шідерті болысында сегіз көшпенді ауыл адамдары үшін жер кестіріп алып, әрі диқан, әрі малшы тірлігін үйлестіре жолға қойған отырықшылар поселкесін салған.
Ондағы мақсат - нақты бір жер алып, жер игеріп, сауда-саттықтың қыр-сырын үйретіп, оқу-ғылымға бағыттау еді. Әрине, отырықшылық бар жерде ғимараттар бой көтеріп, жер игеріліп, сауда-саттық, ғылым дамитыны белгілі. Ол сонау Мысыр елін, Грек, Рим жұртын мысал етіп, халықты жерге орнықтыруға бағыттады.
Бақытжан Қаратаев 1911-1914 жылдарда Ордада, Оралда және Астраханьда шығарылған демократиялық бағыттағы «Қазақстан» газетіне жан-жақты жәрдемдесіп және онда өз мақалаларын да жариялап отырған. Оның мақалалары қазақ еңбекшілеріне, зиялыларына терең ой берген, парасатты ақылға шақырған, халқы үшін қамқорлық болған үгіттер болды. «Қазақстан» газетінде жарияланған «Азаматтарға бір-екі ауыз сөз» деген мақаласында Бақытжан «Балуан бірді, білімді мыңды жығады» деген ойды кең мағынада түсіндіре отырып, халқын ағартушылыққа, білімге шақырған.
