Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих 150.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

95 Қазақстандағы экологиялық мәселелер. «Невада-Семией» қозғалысы

«Невада-Семей» антиядролық қозғалысы

Респу­блика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозға­лыс ядролық жарылыстарға қарсылық біл­діріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақ­сат етті, Семей ядролық полигонында ядро­лық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Ан­тиядролық қозғалыстың күш-жігері арқа­сын­да 1989 жылы жоспарланған 18 ядролық сы­нақ­ саны 7-ге дейін азайтылды. Ең соңғы яд­ро­лық сы­нақ осы жылдың 19 қазанында жасалды. 

Қозғалыс белсенділері. Айта кетер жайт, қозғалысқа кәрі-жас, үлкен-кіші демей халық бір кісідей жұмылды. Соның арқасында жарты ғасыр індет ошағы болған дертті аумақ жабылды.

Анти­ядро­лық қоз­ға­лысқа қатысушы Қарағандының 130 мың шах­тері егер ядролық сынақ тоқтамаған жағдайда мер­зімі шектеусіз ереуілге шығатындарын мәлімдеген бо­латын. 

Оларды Семей, Павлодар, Өске­мен, Жез­қазған жұмысшылары және сон­дай-ақ Жо­ғарғы Кеңес қолдады. 

«Невада-Семей» антиядролық қозғалысы Семей қаласындағы бөлімшесінің 1989-2000 жылдары алғашқы төрағасы болған Марат Мауытқанұлы Оразалин қозғалыстың құрылған кездерін былай деп еске алады:

-1989 жылы ақпанның 12-і мен 18-і күндері әскерилер ешкімге ескертпей, Семей полигонында атом бомбасының сынағын өткізді. Сынақ кезінде жердің жарығынан оқшау (инертті) газдар ауаға бөлініп шыққан екен. Улы газ алдымен Курчатов қаласының маңындағы Шаған қаласын басып, артынан жел тұрып, газды Алтай өңіріне айдап әкетеді. Бұл жайтты естіген сол кездегі Қазақ КСР Коммунистік партиясының Семей облыстық комитетінің бірінші хатшысы Кешірім Бозтаев КСРО Орталық комитетіне сынақты тоқтатып, сол жердің халқына көмек көрсетуді талап еткен мазмұнда шифрограмма жібереді. Бұл атом қаруының сыналуына қарсы ашық түрде жасалған шаралардың бірі болатын. Сол кездері Семей облысының атынан КСРО депутаттарының I съезіне қатысқалы отырған О.Сүлейменов 1989 жылы 28 ақпанда ядролық сынаққа қарсы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысын құру туралы үндеу тастады. Біз де, яғни семейліктер де қолды қусырып отыра алмадық. Дереу Семейдің медициналық институтының партия комитетіне жиналып, «Невада -Семей» антиядролық қозғалысының обылыстық бөлімшесін құрдық. Мені бөлімшенің төрағасы етіп сайлады. Ол кезде мединицалық институттың партия комитеті хатшысы лауазымынан босатылған едім. Қозғалыстың құрылғандағы мақсаты біріншіден, халықты ояту, екіншіден, полигонды жабу, үшіншіден, зардап шегіп отырған халыққа көмек көрсету туралы заңның қабылдануы үшін әрекеттер жасау болатын. Әрине, бүгін қозғалыстың алға қойған мақсаттары толықтай орындалды. 1991 жылы Президент Н. Назарбаевтың Қаулысымен полигон толықтай жабылды. Кейіннен 29 тамыз – халықаралық ядролық қаруға қарсы күрес күні болып бекітілді, Қазақстан ядролық қарудан бас тартты. 

1991 жылы Семей қаласында өткен митинг. Оң жақтан екінші ақын Олжас Сүлейменов. Тарихқа көз салсақ Олжас Омарұлы 1989 жылы КСРО Жоғары Кеңесі депутаттығына үміткер болған.Және дәл сол жылы 25 ақпанда ол Алматыдағы көп адам жиналған митингте  барлық қоғамдық, шығармашылық, діни ұйымдар мен советтік бейбітшілік қорғау Комитетіне, халықаралық «Жасыл әлем» ұйымына, «Адамзатты аман алып қалу» халықаралық қорының Комитетіне, Невада штатында (АҚШ) сынақтарға тыйым салу қозғалысын жақтаушыларға Үндеуін оқып, Қазақстанда ядролық сынақтарды тоқтатуды талап еткен.

Халықтың бас­тамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қа­руды сы­науға тыйым салу – мораторий жасау тура­лы ше­шім шығарды. Қазақстан Респу­бли­касының егемендігі туралы Декларацияда ел аума­ғы ядро­сыз аймақ деп жарияланды. Қазақ­стан Пре­зиденті Н.Ә. Назарбаевтың Семей полиго­нын жабу туралы Жарлығы – 1991 жыл­дың 29 тамызы күні шықты. Сөйтіп тиянақтылық пен табандылық танытқан қазақ халқы өз мақ­сатына жетті.

Қазақстанның көптеген қалалары мен аймақтарында, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Ита­лия, Жа­пония, Түркия, т.б. елдерде ұйымның бө­лімшелері құрылған. 

Қозғалыстың бел­сенді қызметінің арқасында БҰҰ БА-ның 53-сессиясы «Қазақстандағы Семей өңірі адамдары ден­сау­лығы мен экологиясын сауықтыру және эконо­ми­касын дамыту мақсатындағы халықаралық ынты­мақтастық пен іс-қимылды үйлестіру» қара­рын қабыл­дады.

Семей сынағының құрбаны - белгілі суретші, АТОМ жобасының Құрметті Елшісі Кәріпбек Күйіков. Тағдыр тәлкегіне ұшыраса да мойымаған ол қылқаламын тісіне серік етіп, ядролық сынақ зардабын бейнелейтін туындыларын майлы бояумен кенеп бетіне түсіріп келеді. Сұхбаттарын оқып отырып ұққанымыз ол, әлі күнге дейін түнде түсіне кірген қызыл жалын "саңырауқұлақтан" шошып оянады екен. Сонымен қоса ол АТОМ жобасы аясында АҚШ, Голландия, Норвегия, Германия, Австрия, Швейцария секілді бірнеше елдерде өз көрмесін өткізіп үлгерген. Өз сөзімен айтсақ ол ядролық сынақ зардабын шет елдерге дәріптеп сынақтың соңғы құрбаны болу.

Бүгінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 29-тамыз халықаралық ядролық сынаққа қарсы күн болып белгіленді. Еліміз бейбітшілік сүйгіш саясатымен әлемдік қоғамдастықта өзіндік орнын алған елдердің санатында танылып келеді. 

Сонымен қатар Елбасының бастамасымен Ядролық қарусыз әлем құруға бағытталған АТОМ жобасы жүзеге асырылуда. Жоба әлем басшыларына Ядролық қару сынақтарын тоқтатуына ықпал ету; Ядролық қару сынақтарын әлем бойынша жоюға бағытталған келісімінің заңды құралы ретінде күшіне енуін қамтамасыз ету үшін, Петицияны Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы келісімге қол қоймаған немесе келісімшартты бекітпеген ядролық ірі мемлекеттерге ұсыну бағыты бойынша сәтті жұмыс жасап келеді.  Источник: http://e-history.kz/kz/contents/view/2558

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп - қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек - қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116 - сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада — Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада — Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды. Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық - экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма - жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әртүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]