Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать
☆

Б. Қондырғының сипаттамасы

Винтті жұптың ПӘК- ін эксперимент арқылы анықтау үшін сұлбасы 5.2- суретте көрсетілген ТММ-33 қондырғысын пайдаланады. Қондырғының рамасына I подшипниктер 15 және 19 бекітілген. Жоғары подшипникке 15 редуктормен 7 қоса двигатель 8 орналастырылған. Электродвигательді ажыратып-қосу 11 және 12 кнопкалары арқылы басқарылатын қосу тетігінің көмегімен іске асырылады. Двигатель статоры айнала алады. Төменгі подшиникке 19 винттің 17 төменгі ұшын бекіту үшін муфтамен қоса білік отырғызылады. Тірекке 10 редуктор корпусымен саусақтар тәрізді стержень 9 арқылы байланысқан маятник 13 ілінген. Оңай ауыстырылатын винттің 17 гайкасына 16 ілгіш 18 арқылы салмағы болатын жүк 20 ілінген. Саңылаудың 2 көмегімен гайканың айналып кетуден сақтандыру жағы қарастырылған. Двигательді қосқанда винт 17 айналады да, гайка 16 жүгімен 20 қоса қозғалады. Осы мезгілде реактивті момент двигатель статорын кері бағытта айналдыруға тырысады және маятникті ауытқытады. Бұл ауытқу шамасы реактивті моментке тәуелді және шкала 14 бойынша анықталады.

Маятник шкаласының көрсету шамасын алдын-ала белгілеу жұмыстары (тарировка )жүргізіледі. Бұл операция редуктормен 7 қатаң қосылған диаметрі мм шкив 6, бір ұшына салмағы жүк 3 ілінген тростан (жіптен) 4 және блоктан 5 тұратын арнайы тетіктің көмегімен іске асырылады.

Алдын-ала белгілеу жұмыстары кезінде винтті жұп алынып тасталады және жүкті 3 ауыстыра отырып шкала 14 бойынша маятниктің 13 ауытқу шамалары жазып алынады. Бұл алынған мәндер ауытқуы мен арасындағы тәуелдікті бейнелеу графигін (5.3 - сурет) салу үшін қолданылады, яғни ( күші мен шкив 6 радиусының көбейтіндісі ).

5.2 - сурет

5.3 - сурет

В. Жұмыстың орындалу реті

  1. ТММ-33 қондырғысының құрылысымен танысу және одан алынған мына деректерді 5.2 кестесіне енгізу; бұранда түрі, бұранда қадамы, винт пен гайка материалдары. Шкаланың 14 мәні бойынша тәуелділік графигін салу, бұл жерде бұрын дайындалған графикті де пайдалануға болады.

  2. Жоғарғы жылжымалы муфтаны бекіте отырып, қондырғыға таңдап алынған винт 17 мен гайка 16 орналастырылады және гайканы ең төменгі орынға түсіріп, оған 20 жүк салмағы іліп қою керек.

  3. Двигательді 7 қосып гайканың жүгімен қоса жоғары немесе төмен қозғалуы барысында үш рет маятник 13 шкаласын 14 бойынша ауытқуы жазып алынады.

  4. Ілінген салмағы жүкті 20 ауыстыра отырып, осьтік күштерді өзгертуге болады, тек күш өзгерген сайын 3-пунктте айтылғандар қайталанып отыруы ұмытылмасын.

  5. Винттегі гайка 16 алмастырылады және жаңа винтті жұп үшін алғашқыға жүргізілген тәжірибе қайталанады.

  6. Әрбір винт-гайка жұбы үшін жүк 20 бойынша маятниктің 13 орташа ауытқуы есептеледі. Тәуелділік графигінен винтке әсер ететіндігі қозғаушы моменттері анықталады. Жүк 20 көтерілу барысында винттің 17 бір айналған уақыт кезіндегі пайдалы жұмысы (5.2) формуласымен, ал қозғаушы күштерінің жұмысы (5.3) формуласы бойынша есептеледі, сөйтіп (5.4) формуласы арқылы әрбір винт-гайка жұбы үшін ілінген жүкке 20 сай ПӘК анықталады. Және де әртүрлі осьтік күштер үшін ПӘК-і анықтау тәжіриебелерінің нәтижелері 5.2 - кестесіне жазылып отырылуы тиіс.

  7. Осьтік күштерге байланысты ПӘК-нің өзгеру диаграммасы салынады.

  8. Лабораториялық жұмыста қолданылып жүрген әрбір винт-гайка жұптарының материалдары үшін бұранда өзгешеліктеріне байланысты винтті жұптардың ПӘК-ін аналитикалық формуллалар (5.5 немесе 5.6) бойынша есептейміз. Есептеу барысында сырғанау үйкелісі коэффициенттерінің мәндері 5.1 - кестесінен алынады.

  9. Орындалған жұмыс есебін дайындау. Есептеу толтырылған 5.2 - кестесі болуы тиіс.

5.1 - кесте

Жұп материалдары

Үйкеліс коэффициенті

винт

гайка

Болат 45

Болат 45

Болат 45

Болат 45

Болат 20

Қола ОЦСЧ-4-2,5

Шойын СЧЦ I

Жез ЛС59- I

0,15

0,10

0,13

0,12

5.2 - кесте

Бұранда түрі

Бұранда қадамы, мм

Винт материалы

Гайка материалы

Жүк cалмағы Q, H

Маятниктің

ауытқуы

Момент Т, Н ∙ м

Жұмыс, Дж

ПӘК

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13