Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать
☆

Г. Бақылау сұрақтары.

  1. Эвальвентті ілініс дегеніміз не?

  2. Тістердің жанасу беттерінің профиліне қойылатын шарттар.

  3. Тісті берілістің негізгі параметрлерін атаңдар.

  4. Ілініс бұрышы дегеніміз не?

  5. Тістерді орау әдісімен оюды түсіндір.

  6. Негізгі, бөлгіш, тістер төбесі және ойығы шеңберлеріне анықтама беріңдер.

  7. Дөңгелек тістерінің қиылуы дегеніміз не және оны болдырмаудың жолы қандай?

Зертханалық жұмыс №4. Сырғанау подшипниктеріндегі келтірілген үйкеліс коэффициентін «қозғалыстан шығу» әдісімен анықтау

Жұмыстың мақсаты: Әртүрлі жылдамдықтар мен жағар майлардың температураларына байланысты сырғанау подшипниктеріндегі келтірілген үйкеліс коэффициентін эксперименттік жолмен анықтау және подшипниктің күштік қабілеттілігін сипаттайтын қисықтарын құру.

Құрал-жабдықтар мен керек-жарақтар: ТММ-7 м қондырғысы, секундомер, сызу және өлшеу (ұзындық, бұрыш) құралдары. Қондырғы кВт, айналу жылдамдығы ( айн/мин), ротордың массасы кг, ротордың инерция моменті кг∙м2 (0,26 кг∙м∙с-2), білік цапфасының радиусы м.

А. Теориялық бөлім

Сырғанау подшипнигі (4.1-сурет) айналмалы V класты кинематикалық жұпқа жатады да, ол біліктің тірек бөлігінің 1 (цапфадан) және цапфа сырғанайтын подшипниктен 2 тұрады.

Білік цапфасының және подшипниктің беттері майлау материалдарынсыз да (құрғақ үйкеліс), майлау материалдарының жұқа қабаты арқылы да (жанасу және жартылай сұйықтық үйкеліс) өзара әсерлесе алады. Практикада сырғанау подшипниктері сұйықтық үйкеліс процесі сұйық майлау материалы қабатына ауысады, ал ол ығысуға көп кедергі жасамауды және бөлшек беттерін бүлінуден сақтауды қамтамасыз етеді.

Цапфаның айналуына кедергі жасайтын үйкеліс күшінің моменті төмендегідей формуламен анықталады:

, (4.1)

мұндағы - подшипникке әсер күш, Н;

- біліктің (цапфаның) радиусы, м;

; - келтірілген үйкеліс коэффициенті.

Сырғанау подшипниктері үшін келтірілген үйкеліс коэффициентінің теориялық мәндері мына аралықта болады: .

шамасы тәжірибелік жолмен – «қозғалыстан шығу» әдісімен де анықтауға болады. Ал оның маңызы мынада, екі маховигімен қоса (4.2 - сурет) сырғанау подшипниктерінде 2 айналып тұрған білікке 1 белгілі бұрыштық жылдамдық беріп, содан соң двигательді 4 бөліп тастасақ (фрикционды конусты муфтаны 3 ажырату арқылы), онда подшипниктегі үйкеліс күші ауаның кедергісі әсерінен оның айналу жиілігі азая отырып нөлге жақындай бастайды. Муфтаның ажыратылғаннан бастап, біліктің тоқтағанына дейінгі уақыт периоды «қозғалыстан шығу» периоды деп аталады.

4.1 - сурет

4.2 - сурет

4.3 - сурет

Теңдеулердің «қозғалыстан шығу» периодына арналған білік қозғалыстары маховиктермен мына түрде болады:

. (4.2)

мұндағы - айналу осіне салыстырмалы маховик массасының (маховиктермен біліктің) инерция моменті , кг·м2;

- біліктің бұрыштағы үдеуі, с-2;

- кедергі күштерінің моменті, Н∙м.

Кедергі күштерінің моменті (егер ауа кедергісімен елемесе) үйкеліс күшінің моментіне тең:

немесе

,

онда

. (4.3)

Рұқсат ете, білік үйкеліс себебінен біркелкі баяулатылып қозғалады, «қозғалыстан шығу» уақыттарының кез келген моментіне біліктің бұрыштағы жылдамдығы тең деп қабылдауға болады,:

, (4.4)

мұндағы - тәжірибенің бастапқы моментіне бұрыштағы жылдамдық, с-1;

- тәжірибе уақыттарының периоды, с.

(4.4) теңдеуінен «қозғалыстан шығу» периодындағы біліктің бұрыштық үдеулерін анықтауға арналған формуланы аламыз.

Минутта айналымдардың сандары арқылы бұрыштық жылдамдықтарды көрсете отырып, мына теңдеуді аламыз

(4.5) (4.5) теңдеуін (4.3) теңдеуіне қойып, мына теңдеуді аламыз

(4.6) Үлкен бұрыштық жылдамдықтарда маховиктердің айналулары ауа ортасының кедергісі көрінетіні білінеді, демек, маховиктердің (теріс) бұрыштық үдеуі тұрақты болып қалмайды, өзгереді, сондықтан, бұрыштық үдеу тұрақтылығын жорамалмен есептегенде үйкеліс кезеңін анықтауда қателердің болмауы да мүмкін емес. бұрыштық жылдамдықтар кіші болған кезде ауа ортасының кедергісі аз болады. Бұл жағдай тәжірибе жасау барысында ескертілуі тиіс.

Маховиктердің бастапқы бұрыштық жылдамдығын дейін жеткізе отырып, секундомерді қосумен бірге маховиктерді жетектен ажыратады, сөйтіп бір уақыт аралықтарында жылдамдықтар белгіленіп, қозғалыс қорытындыланады және одан алынған деректер бойынша жылдамдықтың уақытқа қатысты өзгеру графигін (4.3 - суреттен) аламыз. Графиктен жылдамдықтың уақытқа тәуелді өзгеруінің түзу сызық болатын жерлері немесе түзуге жақын жерлері (маховиктер қозғалысының соңында болады) таңдап алынады. Ал бұл бөлікте бұрыштық үдеуді тұрақты деп алып, (4.6) формуласы бойынша келтірілген үйкеліс коэффициентін есептеуге болады.

Сырғанау подшипниктеріндегі келтірілген үйкеліс коэффициентін «қозғалыстан шығу» әдісімен анықтау үшін ТММ-7М типті қондырғысын пайдаланады.