Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать
☆

Б. Қондырғыны сипаттау

ТММ-35 лабораториялық қондырғысы әр түрлі жазықтықтарда орналасқан айналмалы массалардың статикалық және динамикалық теңгерулерін оқып үйрену үшін арналған. Ол келесі негізгі түйіндерден тұрады: ротор, фрикционды жетек (привод), тіректері бар плита (7.3 - сурет).

7.3 - сурет

Ротор бір-бірінен 80 мм қашықтықта бес диск 2 еркін отырғызылған білік 1 болып табылады. Осьтік бағытта дисктер білікке қатаң бекітілген шығыршықтармен (дөңгелектермен) шектеледі. Шығыршықтар жасаушы бойымен градусталған (градустарға бөлінген), ал дисктер күншектері дискті қажетті бұрышпен қондыра алатын рисктен (белгіден) тұрады. Дисктерді бекіту бұрандалар 4 арқылы орындалады. Дискте саңылау жанында жүктерді бекіту үшін шкала орналасқан, ол жүкті қажетті радиусқа қойып отырады. Дискілі білік (ротор) екі тіреуішке бекітілген, біліктің сол жақ ұшы сфералы подшипникке бекітілген айналу қозғалысынан басқа горизонталь жазықтықта бұрылыс жасауға көмектеседі; біліктің оң жақ ұшы кареткада 5 орналасқан радиалды шарикті подшипникке бекітілген. Каретка горизонталь жазықтықта бағыттауыш 7 бойынша роликтер 6 арқылы орын ауыстыра алады және 9 винттермен реттелген созылу серіппелерінің 8 көмегімен бір орында тұрады. Ротор электродвигатель 100 арқылы фрикционды берілістер арқасында айналады. Электродвигатель 10 оң жақ тіректе тербелмелі күйентеге ІІ бекітілген.

Күйентенің сабын «төмен» басқанда фрикционды диск шкивке 12 сығылып электродвигательді 10 іске қосады, ал ол роторды айналдырады. Сапты жібергенде электродвигатель салмағы әсерінен фрикционды диск қайта кері қайтады да, электродвигательді өшіреді.

В. Жұмыстың орындалу реті

  1. Оқытушының көрсетуі бойынша теңгерілмеген массалардың (жүкшелердің) салмағы мен координаталарды (айналу радиусымен қондыру бұрыштары) жазылады және олардың дисктерде орналасуынан кинематикалық сұлбасы салынады (7.2а - суреті сияқты).

  2. Жүкшелерді дисктерге бекіте отырып, лабораториялық қондырғының статикалық теңгеруін тексереді (өз-өзіне берілген статикалық теңгерілмеген ротор айналдыру моментінің әсерінен тербелісті қозғалыс жасайды). Роторды статикалық теңгеру қажет, яғни массасын және оның қарсы салмағының координаталарын ( бұрышы мен қондыру радиусы) анықтау. Бұл үшін теңдеу (7.3) бойынша таңдап алынған масштаб бойынша статикалық моменттер көпбұрышын (7.2б сурет) құру қажет және массасының мәні мен оның қондыру радиусын есептеу керек.

  3. Түзету (теңгеру) массасын дискі ІІ-де орналастырып, роторға статикалық теңгеру жүргізу керек; роторды кез-келген бұрышқа бұрағанда, ол тепе-теңдікте болу керек.

  4. Әзірге статикалық теңгерілген (ротор айналғанда, оның оң жағы горизонталь бағытта тербелісті қозғалыс жасайды) роторды динамикалық теңгерілмегендігін тексереміз.

  5. Масса -дің және екі теңгеру массаларының координаталарын анықтаймыз: екі І және ІІ түзету жазықтықтарында орналасқан және -ді динамикалық теңгерілу шарты бойынша (7.5 теңдеу) анықтаймыз. Бұл үшін таңдалып алынған масштабта центрден тепкіш инерция моментінің көпбұрышын құрамыз (7.2в - сурет) және масса (бұлар екеу) мен олардың қондыру радиустарын анықтаймыз.

  6. Екі теңгеру массаларын І және ІІ дискілеріне сәйкес ( ) және бұрыштарымен бекітеміз де, олрды статикалық теңгерілуге тексереміз, содан соң роторды айналдыра отырып, оның динамикалық теңгерілуін тексереміз, ротор ұштарында тербелісті қозғалыс болмауы керек.

  7. Жұмыстың есептік түсініктеме жазбасын тапсыру. Жұмыстың мақсаты, қондырғының дискілермен қоса кинематикалық сұлбасын, роторды статикалық және динамикалық теңгеру үшін керекті есептеулерді көрсету керек.