- •Әдістемелік нұсқау
- •Әдістемелік нұсқау
- •Зертханалық жұмыс №1. Механизмдердің структуралық анализі мен классификациясы және олардың кинематикалық сұлбасын құрастыру
- •Б. Жұмыстың орындалу реті.
- •В. Бақылау сұрақтары.
- •Зертханалық жұмыс №2. Көп сатылы тісті берілістердің құрылымдық және кинематикалық анализі
- •А. Теориялық бөлім
- •Осьтері қозғалмалы тісті берілістер.
- •Зертханалық жұмыс №3. Тісті дөңгелектердің эвольвента пішінді профилін тісті рейкамен орау әдісі арқылы салу
- •А. Теориялық бөлім
- •В. Бақылау сұрақтары.
- •Б. Қондырғының сипаттамасы
- •В. Жұмыстың орындалу реті.
- •Г. Бақылау сұрақтары.
- •Зертханалық жұмыс №4. Сырғанау подшипниктеріндегі келтірілген үйкеліс коэффициентін «қозғалыстан шығу» әдісімен анықтау
- •А. Теориялық бөлім
- •Б. Қондырғының сипаттамасы
- •В. Жұмыстың орындалу реті
- •Б. Қондырғының сипаттамасы
- •В. Жұмыстың орындалу реті
- •Г. Бақылау сұрақтары
- •Зертханалық жұмыс №6. Червякты редуктордың пайдалы әсер коэффициентін анықтау
- •А. Теориялық бөлім
- •Б. Қондырғының сипаттамасы
- •В. Жұмыстың орындалу реті
- •Г. Бақылау сұрақтары
- •Б. Қондырғыны сипаттау
- •Г. Бақылау сұрақтары.
- •Зертханалық жұмыс №8. Роторды динамикалық теңгеру
- •А.Теориялық бөлім
- •Б. Қондырғының сипаттамасы.
- •В. Жұмыстың орындалу реті.
- •II түрлі жұдырықшаның профилінің есептелу және құру
- •Г. Бақылау сұрақтары
Г. Бақылау сұрақтары.
Машинаның теңгерілмеулерін қалай түсінеміз және қандай теңгерілмеулердің түрлерін білесіз?
Теңгерулердің қандай түрлері бар?
Звеноның дисбалансын не сипаттайды?
Түзету жазықтықтары және теңгеру массалары дегеніміз не?
Іс жүзінде қандай бөлшектер статикалық, ал қандай бөлшектер динамикалық теңгеріледі?
Зертханалық жұмыс №8. Роторды динамикалық теңгеру
Жұмыстың мақсаты: Ротордың динамикалық теңгерілу әдісімен танысып білу.
Құрал - жабдықтар мен керек - жарақтар: Динамикалық теңгеруге арналған ТММ-IA үлгісіндегі станок,салмақтары белгілі жүкшелер жиынтығы,сағат типтес индикатор.
А.Теориялық бөлім
Теңгерілу теориясында ротор деп кез-келген айналмалы денені айтамыз. Сондықтан, электродвигательдің якорі, компрессордың иін білігі, токар станогының шпинделі, турбинаның жұмыс дөңгелектері, ЭВМ-нің магнитті барабандары және т.б. Егер айналатын роторлар теңгерілмеген болса, онда олар станок (станина) пен оның негізінің вибрациясын тудыратын, өзінің тіректеріне динамикалық қысым түсіреді. Мұндай жағдайларда ротордың массалар центрі айналу осінде жатып, инерция күштерінің центрден тепкіш моменттері нольге тең болатындай айналмалы массалардың теңгерілуін беретін роторлардың динамикалық теңгерілуін (балансировка) қолдану қажет. (Бұл жайт №7 зертханалық жұмыста тереңірек қарастырылған).
Практикада жобалау кезінде толық теңгерілген роторды оны жасау кезінде материал тығыздығының әрекеттілігі мен ротордың өлшемдерінің берілген мәндерден ауытқуы әсерінен кейбір теңгерілмеулер пайда болады. Мұндай теңгерілмеулерді болдырмау үшін роторды жасау процесінде теңгеруші (балансировка) деп аталатын арнайы станоктар қолданылады, ал теңгерілмеуді болдырмау процесінің өзі балансировка деп аталады.
Динамикалық теңгеруге арналған станоктар роторының айналу осіне қозғалмайтын немесе станинаға қатысты қозғалмалы болады. Айналу осінің мүмкін қозғалыстар санына байланысты (оның еркіндік дәрежесі санына) теңгеру станоктарын үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа теңгерілетін ротордың айналу осі қозғалмайтын станоктар жатады, екіншіге айналу осі басқа қозғалмайтын оське қатысты тербелетіндер, үшіншіге айналу осі кеңістік қозғалыс (екі қозғалмалы тіректері бар) жасайтындар жатады.
8.1а - суретте көрсетілген қондырғының сұлбасы екінші топқа жатады. Теңгерілетін ротор 1 станинаға 3 шарнирлі бекітілген рама 2 подшипниктеріне отырғызылған. Раманың екінші тірегі (тірек-5) серіппелі. Соның арқасында рама қозғалмайтын 0 осінде қатысты тербелуі мүмкін. Рамамен бірге станинаға қатысты роторда 1 өз осімен бірге тербеледі.
Ротордың
динамикалық теңгерілмеуі кез-келген
таңдап алынған І және ІІ түзету
жазықтықтарында екі теңгерілмеген
массалармен
және
берілген деп алайық. Теңгерілетін ротор
1 рамаға 2 берілген түзету жазықтықтарының
бірі (мысалы, жазықтық 1) раманың тербелу
осі арқылы бітетін жазықтықпен дәл
келетіндей етіп орнатылады, яғни түзету
жазықтығы 1 шарнир 0 осі арқылы өтуі
керек.
Теңгеретін қондырғылар резонансты айналымдар сандарына жұмыс істей алады. Резонансты айналымдар сандарында ротордың 1 минуттағы айналым санына тең болғандағы айналмалы санын атайды. Қарастырылып отырылған үшін бұл раманың 2 ротормен 1 қоса алғандағы меншікті тербелісі болып табылады.
8.1 - сурет
Мұндай қондырғыларда теңгерілетін ротор қандай да бір әдіспен айналымдар санының резонанстық жағдайдан асқанға дейін айналдырылады. Бұдан кейін привод ажыратылады да теңгерілетін ротор тоқтай бастайды. Тербелу тіректері жақсы болған жағдайда ротордың минуттағы айналым санының кемуі өте төмен болады. Сондықтан, ротор ұзақ уақыт бойы резонансқа жуық айналымдар санымен айналып үлгереді. Резонанс кезінде өлшенген ротор-рама системасының тербеліс амплитудасы тек қана II түзету жазықтығындағы дисбалансқа тәуелді.
Мәжбүр
етуші 0 осіне қатысты алынған
инерция
күшінің моментіне тең, ал
инерция күші бұл оське қатысты момент
тудырмайды, сондықтан ротор-рама
системасының еріксіз тербелістеріне
әсері болмайды. Сонымен, резонанс
кезіндегі раманың еріксіз тербелісі
амплитудасына пропорционал деп алуға
болады.
(8.1)
немесе қажетті дәлдікпен оны дисбалансқа пропорционал деп алуға болады, яғни,
,
(8.2)
мұндағы - пропорционалдық коэффициент (қондырғының тұрақты параметріне байланысты);
- резонанс кезіндегі раманың (ротормен бірге) тербеліс жиілігі;
- дисбаланстың модулі.
(8.3)
Пропорционалдың
коэффициенті
әзірге
белгісіз болғандықтан (8.3) теңдеуінен
ізделінді дисбалансты таба аламыз. II
жазықтықтағы дисбалансты табу үшін
раманың еріксіз тербелістер амплитудаларын
өлшей отырып, үш байқау (жүргізу)
жүргіземіз. Бірінші байқауда ротордың
өзіндік теңгерілмеуінің инерция
күштерінің
амплитудасы
анықталады. Екінші байқауда II дәлдеу
жазықтығында кез-келген жерде дисбалансты
бар
қосымша массаны бекітеміз,ол қосымша
инерция күшінің
пайда
болуына
сәйкес болады. Қосынды инерция
күші
резонанс жағдайында амплитудаға
пропорционал. Бұл амплитуда өлшеп
алғаннан кейін
қашықтығында
180°-қа
ауыстырып, үшінші байқауды жүргіземіз.
Бұл кезде резонанс жағдайында
инерция
күшіне пропорционал
амплитудасын
өлшеп аламыз.Бұдан келіп мынаны жазуға
болады.
және
,
(8.4)
мұндағы
-
амплитуда,резонанс жағдайында
инерция күшіне пропорционал.
(8.4)
теңдеуінің шешімін ортақ жағы бар екі
үшбұрышты
және
құру
арқылы табуға болады (8.1б - сурет). Мұнан
келіп, белгісіз амплитуданы табу үшін
кез-келген бағытта
амплитудасының екі есесіне тең
кесіндісін жүргізіп,
және
шарттарынан
нүктесін
тауып,
нүктесімен
қосқан жеткілікті. Бұлармен бірдей
бұрышы да табылады.
,
және
- ларды аналитикалық анықтау үшін мына
ара қатынастарды қолданамыз:
;
;
(8.5) (8.3)
теңдеуінен ізделініп отырған дисбаланстың
модулін
анықтаймыз:
(8.6)
Бұдан келіп, II түзету жазықтығында теңгеруші массаны бұрышымен орнату керектігі шығады.
Алынған
косинустың
мәніне екі бұрыш сәйкес келеді, олардың
абсолют шамалары бірдей де, таңбалары
қарама-қарсы. Бұл екі мүмкін мәннің
бірін таңдап алу қосымша байқаулар
жүргізу арқылы іске асады.
Дәл осылай І түзету жазықтығындағы дисбалансты жоюға болады. Тек ол үшін роторды 1 рама 2 подшипниктерінен шешіп алып, ось бойымен бұрып, қайтадан подшипниктерге отырғызу керек: бірақ бұл жағдайда 0 шарнирі осімен ІІ түзету жазықтығы сәйкес келуі керек. Бұдан кейін ротордың жаңа орны үшін жоғарыда көрсетілгендей, сәйкес амплитудаларын жаза отырып, үш рет байқау (тәжірибе) жүргізу керек.
8.2 - сурет
Б. Қондырғыны сипаттау
Бұл зертханалық жұмыста роторды динамикалық теңгеру ТММ-ІА станогында жүргізіледі (8.2 - сурет).
Теңгеретін станок подшипниктерінде 2 теңгерілетін ротор 5 қондырылған маятникті рамадан 1 тұрады. Ротор осінде қосымша жүктер мен қарсы салмақтарды бекітетін саңылаулары 3 бар екі теңгеретін диск 4 бекітілген.
Дискілер төлкелерінде (втулкаларында) роторға қатысты кіретін бұрышпен білікке дискілерді бекітуге арналған градустық шкала бар. Дискілер білікке бұрандалармен 7 бекітіледі. Станинаны бұрандалар 12 көмегімен көлденең қалыпқа деңгей 9 бойынша келтіріледі.
Раманың ротормен қоса тербелісінің максималды амплитудасын өлшеу штокты (және индикатор тілін) бастапқы қалыпқа жібермей тұратын арнайы тежегіш тетігімен жабдықталған (стрелкалы) индикатор арқылы жүргізіледі. Қондырғыны іске қосу үшін привод тұтқасын ІІ басу керек, бұл кезде электродвигатель жұмыс істейді де, ол ротордың сыртқы бетіне сығылады да оны айналымға келтіреді.
Біліктен сол ұшының бүйірінде тежегіш тетік 8 орналастырылған, оның көмегімен ротордың тоқтау уақытын кемітуге болады.
В. Жұмыстың орындалу реті
Станокты жұмысқа дайындау: а) раманы І деңгей 9 бойынша бұрандалармен 12 көлденең қалыпқа келтіру; б) дискіні (ІІ түзету жазықтығы) шкала бойынша 0-ге келтіру; в) индикатордың 6 тілін 0-ге келтіру;
Привод тұтқасын ІІ жоғарыдан төмен қарай соңына жеткенше баса отырып, роторды айналымға келтіру. Резонанстан өткеннен кейін ротордың одан әрі айналуын тоқтату керек. Резонанс басталған кездегі амплитуда мәнін жазып алу керек. Тәжірибені үш рет қайталап, амплитуданың орташа мәнін есептеу керек.
Роторға дискінің 4 кез-келген жеріне
массалы
қосымша жүкті бекіту керек (қосымша
жүктің салмағы мен оның қондыру радиусы
кез-келген). Роторды
-ны
анықтағандай айналдыра отырып,
тербеліс
амплитудасын өлшеп аламыз, оның орташа
мәнін есептейміз.
массалы
қосымша жүкті диаметральді қарама-қарсы
орында осьтен
қашықтықта бекіту керек. Ол үшін
бекітпелі бұранданы 7 босатып, дискіні
4 180°-қа
бұрып, қайтадан бұрандамен 7 бекіту
керек.Теңдеулерден (8.5) және (8.6) аналитикалық жолмен амплитуданы , пропорционалдық коэффициенті , іздеп отырған дисбалансты және қондыру бұрышын анықтау керек.
ІІ түзету жазықтығында (дискі 4) қашықтықта массалы қарсы салмақты (алдын-ала) массалы қосымша жүкті шешіп алып, бірінші бұрышымен, содан соң
бұрышымен орнату керек. Ротордың бақылау
байқауларын өткізу және
массалы теңгеруші (корректирующий)
қарсы салмақтың дұрыс орнын таңдап
аламыз. Дұрыс деп ротор тербелісі аз
немесе жоқ болатын бұрышқа сәйкес
орынды айтамыз.Амплитудаларының , , тәжірибелік мәндерін қолданып іздеп отырған дисбаланстың және оның бұрыштық координатасын табамыз және бұларды графикалық жолмен де есептейміз.
Дәл осылай 1 түзету жазықтығындағы дисбалансты жоямыз. Дисбалансты анықтау үшін роторды рама подшипниктерінен 2 шешіп алып, шарнир 0 осімен ІІ түзету жазықтығы сәйкес келетіндей қылып тік ось бойымен бұрып подшипниктерге қайта отырғызамыз. Бұдан кейін ротордың жаңа орны үшін алдыңғы 7 көрсетілгендей үш тәжірибе жасап амплитудаларын жазып аламыз.
Жұмыстың есептік-түсініктемесін жазу. Жұмыс мақсатын, орындалу ретін көрсетіп, теңгеруші станоктың кинематикалық сұлбасын құрып, теңгеру процесін суреттеп: амплитуда көпбұрыштарын құру және керекті есептеулер жүргізу керек.
Г. Бақылау сұрақтары
Ротордың теңгерілмеуі дегеніміз не және айналмалы массалардың динамикалық теңгерілмеуі немен сипатталады?
Тез айналатын роторларды не үшін теңгеру қажет?
Дисбаланс дегеніміз не және оны қалай анықтаймыз?
4. Теңгеруші массалар әдісімен роторды динамикалық теңгерудің мәні неде?
Зертханалық жұмыс №9.
Жұдырықшалы механизмдердің синтезі
Жұмыстың мақсаты: Итергіш қозғалысының берілген заңы бойынша жұдырықшалы механизм жұдырықшасының профилін құру (анықтау).
Құрал - жабдықтар мен керек - жарақтар: ТММ-21 приборы, сызу, есептеу құралдары.
А. Теориялық бөлім
Үш звенолы жазық жұдырықшалы механизм тіректен және қозғалмалы екі звенодан тұрады. Қозғалмалы звенолар тірекпен төменгі кинематикалық жұп, ал бір-бірімен жоғарғы кинематикалық жұп құрайды.
Жұдырықшалы механизмде жетекші звеноға жұдырықша, ал жетектегіне итергіш қажет.
I типті жұдырықшалы механизм (9.1а - сурет) жұдырықшадан 1 және түзу сызықты ілгері-кейінді қозғалыс жасайтын итергіштен тұрады. Егер итергіштің қозғалыс сызығы жұдырықшаның айналу центрі арқылы өтсе, жұдырықшалы механизм центрлік механизм деп аталады. Егер итергіштің қозғалыс сызығы жұдырықшаның айналу осіне қатысты орын ауыстырса, онда жұдырықшалы механизм эксцентрлік механизм болып табылады. Итергіш қозғалыс сызығының жұдырықша айналысының центріне қатысты ығысуы эксцентриситет деп аталады.
II типті
жұдырықшалы механизмдер (9.1б
- сурет)
күйентелі деп
аталады да, жұдырықшадан
және жұдырықшамен қозғалыстың
барлық
уақытында жанаса отырып қозғалмайтын
осі
бойымен
тербелмелі
немесе айналмалы қозғалыс жасайтын
күйентеден тұрады.
қашықтығы
күйентенің ұзындығы деп
аталады.
қашықтығы
жұдырықша мен күйентенің айналу
центрлерінің
арасындағы
центр
аралық
қашықтық деп
аталады.
Итергіштің
(күйентенің)
ұшы роликпен 2
жабдықталған.
Жұдырықша
1,
ілгерілмелі
қозғалатын
итергіші бар механизмнің
бұрышына бұралғанда итергіш 3
қашықтығына
орын
ауыстырады. Жұдырықша профиліне
байланысты
орын ауыстыру
айналу
бұрышына
байланысты
әртүрлі
функция
болып
табылады:
.
Күйентелі механизмдерде жұдырықшаның
1
бұрышына бұрылуы күйентеге
бұрыштық орын ауыстырын береді (9.1б
- сурет):
.
Итергіш орны ауыстыруының (немесе ), жылдамдығының және үдеуінің жұдырықшаның бұрылу бұрышына тәуелділік функциялары итергіштің қозғалыс заңы деп аталады. Қозғалыс заңы аналитикалық тәуәлділіктер ретінде немесе графиктік түрде, итергіштің орын ауыстыруы, жылдамдық және үдеулер диаграммалары ретінде берілуі мүмкін. Жұдырықшаның пішіні (оның профилі) қозғалыс заңына байланысты болады.
9.1 - сурет
9.2 - сурет
9.3 - сурет
9.2-суретте
итергіштің қозғалыс заңы жұдырықшаның
бұрылыс функциясында ауыстыру (
немесе
)
диаграммасы ретінде берілген. Жалпы
жағдайда диаграмманы жұдырықшаның
бұрылу бұрыштарына
,
,
,
сәйкес төрт бөлікке бөлуге болады.
Итергіш жұдырықша центріне ең жақын орналасқан (бастапқы орын) орыннан бастап жұдырықша бұрышына бұрылғанда, итергіш түзу жүріс жасайды: бұрышында итергіш қозғалмайды (максималды орын ауыстырудағы тоқтам). бұрышында итергіш кері қарай қозғалады: бұрышында итергіш қайтадан қозғалмайды (бастапқы орындағы тоқтам).
, , , бұрыштарын сәйкесінше, қашықтау бұрышы , жоғары тоқтам бұрышы , кері қайту бұрышы және төменгі тоқтам бұрышы деп аталады.
Итергіштің
ең жақын орыннан ең қашық орынға, жоғарғы
тоқтамға ең қашықтан ең жақынға орын
ауыстыруы, төменгі тоқтамға (жұдырықшаның
айналу центріне байланысты алынған)
сәйкесінше қашықтау уақыты
,
жоғарғы тоқтам уақыты
,
кері қайту уақыты
және
төменгі тоқтам уақыт деп аталады. Кейбір
жұдырықшалы механизмдерде жоғарғы және
төменгі тоқтам фазалары болмауы мүмкін.
Жұдырықша
айналу бірқалыпты (
)
болғанда, оның
,
,
,
бұрылыс бұрыштарын
,
,
,
уақыттарына пропорционал (
)
деп алуға болады және диаграмманың
,
,
,
учаскаларын осы уақыттармен алмастыруға
болады.
Сонымен,
жұдырықшалы механизм итергішінің бүкіл
жұмыс циклы жұдырықшаның бір айналым
уақытына сәйкес келеді (
,
мұндағы
-жұдырықшаның
минуттағы айналым саны).
Мұнан
(3600).
, , , немесе , , , мәндерінің кестесін (таблицасын) жұдырықшалы механизмнің циклограммасы деп атайды.
Итергіштің тоқтам қашықтығы тұрыс уақыты мен жақындағы тұрыс уақытына сәйкес, фазалық бұрыштарды және жұдырықша профилі шеңбер доғасымен беріледі.
Жұдырықшалы
механизмдердің қолданылуына байланысты
жұдырықшаларды екі топқа бөлуге болады:
бірінші топқа берілген технологиялық
процесті қанағаттандыратындай белгілі
бір заңға сәйкес құрылған орын ауыстыру
диаграммасы бар жұдырықшалар жатады.
Мұнда көптеген приборлардың жұдырықшаларын
жатқызуға болады (мысалы, есептеу
механизмдерінің жұдырықшалары). Екінші
топқа итергіштің берілген уақыт
аралығында бір орыннан келесі орынға
орныға орын ауыстыруын (немесе жұдырықшаның
берілген бұрыштарда
,
,
,
бұрылуын) қамтамасыз ететін жұдырықшалар
жатады, итергіш қозғалыс заңы бұл
ауыстыруларда әртүрлі болуы мүмкін.
Мұндай жұдырықшалар көп жағдайда үлкен
бұрыштық жылдамдықтарда жұмыс
істейтін болғандықтан итергіштің
қозғалыс
заңы итергіш
қозғалысының
үдеуі минимал болатындай (демек, инерция
күштері
де)
шарттан алынады. Қозғалыс заңдарын
таңдағанда үдеулер
бірқалыпты,
өткелдерсіз (без
перепадов) өзгеретіндей
болу
керек, бұл
механизмнің звенолары мен кинематикалық
жұптарына қосымша күштер түсіретін
жұдырықша мен итергіш
арасындағы жұмсақ
соққыларды болдырмайды. Сондықтан,
мұндай
жұдырықшаларды
есептеу барысының басында үдеудің
өзгеру заңы беріледі
де,
ал итергіштің
орын
ауыстыру диаграммасы
үдеу
диаграммасы
үдеу
диаграммасын екі рет интегралдау
арқылы алынды.
I
типті
жұдырықшаның технологиялық қолданылуына
сәйкес
жұдырықшаның фазалық бұрыштары анықталады
деп алайық
(
,
,
,
бұрыштары).
Итергіштің де
максимал орын ауыстыруының
шамасы
белгілі болсын. Мысал
ретінде итергіш үдеуі
синусоидалды өзгеретін жағдайды
қарастырайық
(9.3а
- сурет).
Қашықтау уақытында итергіш, бастапқы орныда қозғалмай тұрған, қашықтығына орын ауыстырып қайта тоқтауы керек. Бұл кезеңде итергіш жылдамдығы нольден максимал соңғы мәнге дейін өсіп, қайта нольге түсуі керек. Демек, үдеулер фаза басында оң, ал фаза теріс болады. Диаграмманың бұл бұрышқа сәйкес участкасында үдеу толық синусоида болып табылады (9.3а - сурет). Біз уақытты сәйкес жұдырықшаның бұрылыс бұрыштарына пропорционал деп аламыз, сондықтан итергіш үдеуінің заңын жазғанда айнымалы ретінде уақытты аламыз. Үдеудің синусоида теңдеуі мынадай:
,
(9.1)
мұндағы
-
тұрақты
шама (максимал үдеу).
-
цикликалық
жиілік, итергіш үдеуінің
бұрыш
участкасында
толық өзгеруіне сәйкес келеді, яғни
.
Итергіштің орын ауыстыру заңын алу үшін (9.1) өрнегін екі рет интегралдаймыз:
Интегралдау
тұрақтыларын анықтау
үшін бастапқы шарттар енгіземіз:
,
,
,
сонда
,
.
Демек,
(9.2)
(9.3)
тұрақтысын
анықтауға болады, ол үшін мына шартты
енгіземіз:
,
болғанда
;
.
Енді (9.1), (9.2), (9.3) теңдеулері былай жазылады:
(9.4)
(9.5)
(9.6)
(9.6)
теңдеуіндегі
айнымалысы
айнымалысымен
алмастырамыз:
сонда
(9.7)
Тербелмелі итергіш бар II түрлі жұдырықшалы механизм үшін де осыған сәйкес мұндай өрнекті аламыз:
(9.8)
мұндағы - итергіштің бұрыштық жүрісі (қашықтау бұрышының мәні)
- итергіштің
максималды керілу бұрышы
(9.3б,
в - сурет).
бұрышының
кез-келген мәндерін ала
отырып (
бұрышының
аралығынан), мысалы,
,
,
және
т.б.
формула
(9.7) бойынша
ілгерілмелі қозғалатын және
формула (9.8) бойынша күйентелі
жұдырықшалы механизмдер үшін итергіш
орын ауыстыруының мәндер тізбегін
есептеп алуға болады және оның дәл орын
ауыстыру диаграммасын құруға болады
(9.3в
- сурет).
Итергіштің
орын
ауыстыру диаграммасын жоғарыда
көрсетілгендей үдеудің белгілі өзгеру
заңы бойынша
аналитикалық жолмен
ғана емес, сонымен қатар итергіштің
үдеулер диаграммасын
графиктің
интегралдау
әдісі
бойынша
да құруға
болады.
9.4 - суретте
жұдырықшалы механизм
түріне
байланысты
немесе
итергіш
үдеуінің синусоидалды заңын көрсететін
қисық берілген.
және
,
сонымен қатар
және
аудандары
бір-бірімен тең болуы керек, себебі
итергіштің бастапқы және соңғы қашықтау
және кері қайту бұрыштарындағы жылдамдығы
нольге тең. 9.4
- суретте
көрсетілген тәуелділікті екі рет
графиктік интегралдайық. Ол үшін:
1. 01,
12, ... ,
интервалдарынан
орталарына сәйкес
ординаталарын құрамыз
және ордината
осінде
кесінділерін белгілейміз.
2.
осінің
бойынан кез-келген таңдап алынған
нүктесі
нүктелерімен
қосамыз.
3. 9.4в
- суретте
нүктесінен
кесіндісін
интервалында
сәулесіне
параллель
жүргіземіз,
кесіндісін 1-2 интервалында
сәулесіне
параллель
және
т.б.
Алынған сынық сызық (9.4б - сурет) графиктік түрде 9.4а - суретте көрсетілген тәуәлділіктің бірінші интегралы болып табылады, яғни жылдамдықтар диаграммасы
,
немесе
.
Сәйкесінше, итергіш жылдамдықтарының осы диаграммасын интегралдай отырып, итергіш ауыспалылықтарының диаграммасын аламыз:
, немесе (9.4в - сурет).
9.4 -
суреттегі диаграмманың
осінен
жұдырықшаның
-
ға (немесе 360°)
тең
бұрылыс бұрышын
көрсететін
ұзындығы
мм
кесіндісін жүргізейік. Бұл жағдайда
жұдырықшаның бұрылыс бұрышының масштабы
мынаған
тең:
,
(9.9)
(9.10)
а) 1-ші типті жұдырықшалы механизм (итергіші ілгерілмелі қозғалады).
Бізге ММТ курсынан 9.4а, б, в - да көрсетілген диаграммалар масштабтарының арасында графиктік интегралдау кезінде мынадай тәуелділіктер болатыны белгілі:
,
(9.11)
.
(9.12)
Лабораториялық
жұмыстың тапсырмаларында
итергіштің қозғалыс заңы
қисығы
түрінде беріледі, ал қисық құрылған
масштаб
көрсетілмейді.
Бұл қисықты интегралдай отырып
қисығын
аламыз. Екі қисықтың да
масштабы (9.12) теңдігі
бойынша байланысқан, бірақ мұндағы
,
және
мәндері
белгісіз масштабпен құрылады. Бірақ
тапсырмада итергіштің жүрісі
беріледі.
қисығында
ол (9.4в - сурет) максимал ордината
ретінде
берілген, оның мәні осы
қисықпен
анықталады.
және
біле
отырып,
масштабын
анықтауға болады:
(9.13)
9.4 - сурет
Осылайша,
анықтап,
содан соң (9.11)
жӘне
(9.12)
теңдіктері
бойынша
және
табамыз.
б) II-ші
типті жұдырықшалы механизм
(күйентелі).
Бұл жағдайда лабораториялық жұмыс
тапсырмасында
диаграммасының
орнына күйентенің қозғалыс заңы оның
үдеулер диаграммасы түрінде
беріледі.
Оны екі рет интегралдай отырып
және
қисықтарын
аламыз, олардың масштабтары:
(9.14)
(9.15)
Күйентенің
максимал керілу бұрышы,
лабораториялық
жұмыс
тапсырмасында
беріледі.
Сондықтан
масштабы
былай
табылады:
(9.16)
Бұдан
кейін (9.14)
және (9.15) теңдіктерінен
және
масштабтары
анықталады.
Барлық кинематикалық диаграммалардың масштабтарын біле отырып, жұдырықшаның кез-келген орны үшін итергіш үдеуінің, жылдамдығының және жүрісінің мәндерін табуға болады.
Аналитикалық немесе графиктік интегралдау әдісі бойынша алынған итергіштің орын ауыстыру диаграммасының ТММ-21 приборының көмегімен жұдырықша профилін құруға болады.
