Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать
☆

Б. Қондырғының сипаттамасы

ТММ-7М типті қондырғысы (4.4 - сурет) ротормен (білік және екі маховик) бірге құрастырылған подшипниктен, тіреуішке жиналған тежегіш тетіктер 2, тез айналдыру механизмі, басқару пульті 13 және осылар бекітілген құйма негізден 1 құрады. Ал ротордың өзі құйып дайындалған қорапта құрастырылып бекітілген және қоладан (БРАЖ-9-4Л) жасалған подшипник астары 16 арқылы айналады. Ротор білігінің екі ұшына маховиктер 8 бекітілген. Роторды айналдыру конусты муфтаның 9 тікелей қосуымен электродвигатель 12 арқылы жүргізіледі. Электродвигательді қосу және маховиктерді айналдыру магнитті қосқыштың көмегімен, оның тұтқасын 11 солға тірелгенше бұрумен іске асады. Тұтқаның кері қарай өз орнына қайтуы серіппе арқылы болады, бұл кезде электродвигатель автоматты түрде сөндіріледі.

4.4 - сурет

Әртүрлі үйкеліс кезінде подшипниктің үйкеліс моменті подшипник астарының материалына, білік цапфасындағы меншікті қысымға, бұрыштық жылдамдық пен подшипникті майлауға арналған май температурасы тәуелділігінде өзгереді.

меншікті қысым білік цапфасына және астары материалын құруда тұрақты.

Толық период бойынша білік цапфасының бұрыштық жылдамдығының өзгеруі тіреуіштегі қозғалыстың өзінен-өзі тежелу есебінен болады.

Май температурасының өзгеруі электродвигатель (ЭТ-32) көмегімен жасалады да, оның деңгейі электрлі жанасу ТПК типті термометр арқылы реттеледі. Бұл термометрдің жақындағаннан шкала бойынша есептейтін магнитті реттегіші бар. Май температурасының тағайындалған деңгейге дейін өзгеруін қадағалап отыру электрлі жанасу термометрінің екінші шкаласы бойынша жүргізіледі. Сұйықтық үйкеліс кезінде подшипниктегі май температурасы білік цапфасының 7 мм қашықтықта ТХК-529 типті термопара көмегімен өлшенеді.

Қозғалыстан шыққаннан кейін кезкелген уақыт аралықтарында білік цапфасының айналу жылдамдығы ротор білігінің осінің бойында жетекке қарама-қарсы жаққа орналасқан ТМ1000-0-1000 типті магнитті тахометр арқылы анықталады. Бұл кезде білік цапфасының бұрыштық жылдамдығының өзгеру уақыты сағат секундомерімен анықталып отырады.

Басқару пультінің бетіне мыналар бекітіліп орналастырылған: қондырғының электр тізбегін тоқ көзіне қосып-ажырату тетігі 19, май қыздырғышты қосуға және оның температурасын бір деңгейде автоматты түрде ұстап тұруға арналған тумблер 21, қондырғының қосылғандығын көрсетіп тұратын бадыл шамы 20, үйкеліс түрін анықтау үшін қажет дабыл шамдары 14 және 15, подшипник пен цапфа арасындағы май температурасын анықтауға арналған прибор.

Подшипниктің күштік қабілеттілігін анықтау үшін қондырғы мыналармен жабдықталған: білік цапфасының ұзына бойынша орналасқан майдан үш нүктесіндегі қысымды өлшейтін MT-1 үш манометрі 7, подшипник астарын вертикальға қатысты 30º бұру үшін тұтқа 6 және оның фиксаторы, стрелкасы мен шкаласы 18. Үйкеліс процесін (құрғақ, сұйық екенін) бақылау манометрдегі қысымның өзгеруіне және де басқару пультіне орналасқан екі дабыл шамдарының көмегімен жүргізіледі. Маховиктер айнала бастаған кезде (құрғақ үйкеліс кезінде) сол жақтағы дабыл шамы 15 жанады, білік цапфасы мен подшипник астары беттерінің жанасуының өзгеруіне байланысты пайда болған маай қабатының әсерінен сол жақтағы шам жайлап өшіп, оң жақтағы дабыл шамы 14 жанады, бұл жайт подшипниктің сұйықтық үйкеліс жұмыс істеп жатқандығын көрсетеді.

Айналған маховиктерді кез-келген уақытта тоқтату үшін қондырғы 4-ші тұтқаны бұру арқылы қосылатын арнайы тежегішпен қамтамасыз етілген.

4.1 - кесте

Тәжірибе №

Шығу уақыты , сек

Айналыс жиілігі , айн/мин

Май темпер.

, С

900

700

600

….

0

1

2

3

4.5 - cурет. Термоэлектроқозғалтқыш күшінің температураға байланысты өзгеру графигі