Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bulgakova_D_A_Memleket_zh_ne_y_teoriasy.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453 Кб
Скачать
☆

18 Тақырып.

ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ

1. Құқық жүйесінің түсінігі.

2. Құқықтық реттеу пəні мен əдісі құқық нормаларын салалар-ға бөлу негіздері ретінде.

3. Құқық саласы.

4. Құқық институты.

1. Құқық жүйесінің түсінігі. Құқық жүйесі – бұл құқықтың өзінің құрылымы, оның салаларға, институттарға бөлінуі. Құқық-тың жүйелік құрылымы оның белгілі бір байланыстағы көптеген элементтерден құралған біртұтас құрылым екендігін білдіреді.

Құқық жүйесінің негізгі сипаттары:

1) оның алғашқы элементі болып құқық нормалары табылады, олар, өз кезегінде, біріге отырып, ірі құрылымдарды – институт-тарды, салаларды құрайды;

2) оның элементтері бір-біріне қайшы келмейді, іштей үйлес-кен, тығыз байланыстылыққа ие; бұл құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді;

3) ол əлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мəдени, тарихи факторлармен тығыз байланысты;

4) ол объективтік сипатқа ие, себебі, объективтік сипаттағы қатынастарға тəуелді жəне адамдардың субъективтік қалауы бойынша қалыптасуы мүмкін емес.

2. Құқықтық реттеу пəні мен əдісі құқық нормаларын са-лаларға бөлу негіздері ретінде. Құқық нормаларын салаларға бөлу үшін екі негізді басшылыққа алады: құқықтық реттеу пəні мен əдісін.

Құқықтық реттеу пəні – бұл құқық реттейтін қоғамдық қаты-настар. Ол басты негіз болып табылады, себебі, қоғамдық қаты-настар объективтік түрде қалыптасады жəне олардың белгілі бір сипаты сəйкес құқықтық нысандарды талап етеді. Мысалы, еңбек қатынастары еңбек құқығының, ал отбасы қатынастары отбасы- неке құқығының реттеу пəні болып табылады.

Қосымша негіз болып құқықтық реттеу əдісі табылады. Егер пəн құқықтың нені реттейтініне жауап берсе, əдіс оның қалай реттейтінін көрсетеді.

Құқықтық реттеу əдісі – бұл олардың көмегімен біртектес қо-ғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды

құралдардың жиынтығы. Құқықтық реттеудің төмендегідей негіз-гі əдістері болады:

1) императивтік – бұл тыйымдарға, міндеттерге, жазаларға негізделген биліктік ережелер, субординация əдісі;

2) диспозитивтік – рұқсат етуге негізделген, тараптардың теңқұқылығы, координация əдісі;

3) марапаттаушы – белгілі бір жақсы жүріс-тұрыс үшін марапаттау əдісі;

4) ұсынушылық – мемлекет пен қоғам үшін тиімді жүріс-тұрысты жүзеге асыруға кеңес беру əдісі;

3. Құқық саласы – бұл белгілі бір қоғамдық қатынастар түрін (саласын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы.

Құқық саласының белгілері;

- əрбір саланың өз пəні болады;

- əрбір саланың өз заңнамасы, яғни, дербес кодекстері болады;

- құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын реттейтін, құқық-тар мен міндеттерді жүзеге асыру тəсілдерін жəне құқықтық нор-маларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік-құқықтық ша-раларды орнықтыратын ерекше заңды режимі болады.

Құқық салаларының түрлері:

1) негізгі салалар; бұлар басты құқықтық режимдерді қамтиды, жалпы алғанда, құқық салаларының жүйесінің ең басында консти-туциялық құқық, одан кейін материалдық құқықтар – азаматтық, қылмыстық, əкімшілік құқықтар жəне оларға сəйкес іс жүргізу-шілік салалар – азаматтық іс жүргізушілік, қылмыстық іс жүр-гізушілік жəне əкімшілік іс жүргізушілік құқықтары орналасқан;

2) арнайы салалар; бұларда құқықтық режимдер қоғамның ерекше сфераларына бағытталған: еңбек құқығы, жер құқығы, қаржылық құқық, əлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, отбасы құқығы, түзеу-еңбек құқығы;

3) кешенді салалар; бұларға негізгі жəне арнайы салалардың əртүрлі институттарының бірігуі тəн: шаруашылық құқық, аграр-лық құқық, экологиялық құқық, сауда құқығы, прокурорлық қа-дағалау, теңіз құқығы.

4. Құқық институты – бұл қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін (тобын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Құқық институты – заң нормаларының құқық саласына қарағанда аз жиынтығы. Əрбір құқық саласында бірқатар институттар болады. Мысалы, еңбек құқығында – еңбек тəртібі институты, жалақы институты, азаматтық құқықта – ескіру мерзімі институты, өкілдік

институты жəне т.б.

Белгілі бір нормалар жиынтығының нақты бір құқықтық инс-тиутты қалыптастыруының заңды негізі болып үш белгі табы-лады: 1) құқықтық нормалардың заңды теңдігі; 2) қоғамдық қаты-настарды реттеудің толықтығы; 3) құқықтық институтты құраушы нормалардың заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер-дің тарауларында, бөлімдерінде жəне басқа да құрылымдық бір-ліктерінде жинақталуы.

№ 22 кесте Құқық жүйесі – бұл құқықтың өзіндік құрылымы, оның салаларға, институттарға жəне сала ішінде тармақталуы Құқық саласы – қоғамдық қатынастардың белгілі бір аясын реттейтін заңдық нормалардың ретке келтірілген жиынтығы: 1. профильді, негізгі салалар; 2. арнайы салалар; 3. кешенді салалар. Құқық институты – қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін (тобын) реттейтін заңды нормалардың ретке келтірілген жиынтығы Құқықтың сала ішінде тармағы – құқықтың белгілі бір саласының құрамындағы құқықтың “туыстас” институтарының тобы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]