- •Isbn 9965-620-31-8
- •Isbn 9965-620-31-8 4310020000
- •Пəннің негізі түсініктері
- •1 Тақырып. Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
- •2 Тақырып. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні мен əдістері
- •3 Тақырып. Мемлекеттің пайда болуы
- •1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік билікке жалпы сипаттама.
- •2. Мемлекеттің пайда болу себептері.
- •3. Мемлекеттің пайда болу нысандары.
- •Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •4 Тақырып. Мемлекеттің түсінігі жəне мəні
- •1. Мемлекеттің түсінігі жəне белгілері.
- •2. Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше түрі ретінде.
- •3. Мемлекеттің мəні.
- •5 Тақырып. Мемлекеттің функциялары
- •1. Мемлекет функцияларының түсінігі.
- •2. Мемлекет функцияларының түрлері.
- •3. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары.
- •6 Тақырып. Мемлекет механизмі
- •7 Тақырып. Мемлекет нысаны
- •8 Тақырып. Мемлекет типтері
- •1. Мемлекет типінің түсінігі.
- •2. Мемлекеттерді типке бөлудегі формациялық тəсіл.
- •3. Мемлекеттерді типке бөлудегі өркениетті тəсіл.
- •9 Тақырып. Қоғамның саяси жүйесі
- •1. Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі.
- •2. Саяси жүйелердің түрлері.
- •3. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі.
- •10 Тақырып. Құқықтық мемлекет
- •1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі жəне қағидалары.
- •2. Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағи-дасы ретінде.
- •3. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі.
- •Құқықтық мемлекет идеясының пайда болуы мен дамуы
- •11 Тақырып. Мемлекет жəне қоғам
- •1. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы.
- •2. Азаматтық қоғамның түсінігі жəне құрылымы.
- •12 Тақырып. Құқықтың пайда болуы
- •13 Тақырып.
- •14 Тақырып. Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар
- •15 Тақырып. Құқықтың қағидалары мен функциялары
- •1. Құқықтың қағидаларының түсінігі жəне түрлері.
- •2. Құқықтың функцияларының түсінігі жəне түрлері.
- •16 Тақырып. Құқықтың типтері
- •2. Құқықтың тарихи типтері.
- •Əлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық
- •18 Тақырып.
- •2. Құқықтық реттеу пəні мен əдісі құқық нормаларын салалар-ға бөлу негіздері ретінде.
- •3. Құқық саласы.
- •4. Құқық институты.
- •19 Тақырып. Тұлға, құқық, мемлекет
- •1. Тұлғаның құқықтық мəртебесі.
- •2. Мемлекет пен құқықтың арақатынасы.
- •3. Экономика, саясат пен құқықтың арақатынасы.
- •20 Тақырып. Құқықтың қайнар көздері
- •21 Тақырып. Құқық нормалары
- •Заңдық күші бойынша төмендегідей тармақталады:
- •Заңға тəуелді актілер
- •Құқықтық нормалардың түрлері
- •22 Тақырып. Құқықшығармашылық
- •1. Құқықшығармашылықтың түсінігі жəне түрлері.
- •2. Құқықшығармашылықтың қағидалары.
- •3. Құқықшығармашылық процестің кезеңдері.
- •2. Құқықшығармашылықтың қағидалары.
- •3. Құқықшығармашылық процестің кезеңдері.
- •23 Тақырып. Заңңаманы жүйелеу
- •1. Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі мен түрлері.
- •2. Құқық жүйесі мен заңнама жүйесі.
- •24 Тақырып. Құқықтық қатынастар
- •25 Тақырып. Құқықты жүзеге асыру
- •26 Тақырып. Құқық нормаларын түсіндіру
- •2. Түсіндіру тəсілдері.
- •3. Субъектілер бойынша түсіндіру түрлері.
- •4. Көлемі бойынша түсіндіру түрлері.
- •27 Тақырып.
- •1. Құқықтық мінез-құлықтың түсінігі жəне белгілері.
- •2. Құқықтық мінез-құлықтың түрлері.
- •28 Тақырып. Құқықбұзушылық жəне заңды жауапкершілік
- •29 Тақырып. Құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет
- •30 Тақырып. Заңдылық жəне құқықтық тəртіп
- •1. Заңдылықтың түсінігі жəне қағидалары.
- •2. Заңдылықтың кепілденуі.
- •4. Заңдылық пен құқықтық тəртіптің арақатынасы.
- •31 Тақырып. Қоғамның құқықтық жүйесі
- •32 Тақырып. Құқықтық реттеу механизмі
- •1. Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі жəне элементтері.
- •2. Құқықтық реттеудің тиімділігі.
- •Мазмұны
- •050057, Алматы қ.,
6 Тақырып. Мемлекет механизмі
1. Мемлекет механизмінің түсінігі.
2. Мемлекет механизмінің құрылымы.
3. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың жəне оның қыз-метінің қағидалары.
4. Мемлекет органдарының түсінігі жəне түрлері.
1. Мемлекет механизмінің түсінігі. Əдетте заң əдебиеттерінде «мемлекет механизмі» жəне «мемлекеттік аппарат» түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекет механизмі – бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппара-тының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдаусы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушы-лық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сəйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
1) тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тəжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
2) құқықтық нысандар – құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табы-лады жəне мемлекеттік-міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байла-нысты қызмет;
ə) құқыққолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жү-зеге асырумен байланысты қызмет;
б) құқыққорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақы лаумен жəне қадағалаумен, кінəлі тұлғаларды заңды жауапкер-шілікке тартумен т.б. байланысты қызмет.
2. Мемлекет механизмінің құрылымы. Бұл құрылымға мына-лар кіреді:
1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы жəне өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мəдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы əлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кəсіпорындар;
3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық,қаржылық жəне күштеу құралдары.
3. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың жəне оның қызметінің қағидалары – бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет етуінің негізгі бағыттарын анықтайтын баста-машылық ережелер. Оларға мыналар жатады:
1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы қағидасы, бұл қағидаға сəйкес, мемлекеттік қыз-метшілер аталған құқықтар мен бостандықтарды мойындауы жəне қорғауы тиіс;
2) демократиялық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын білдіреді;
3) биліктің тармақтарға бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз əрекеттерді болдырмауға негізделген;
4) заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметші-лердің Конституцияны, заңдар мен заңға сəйкес актілерді сақтау міндеттілігін білдіреді;
5) жариялылық қағидасы, бұл қағида нақты бір мемлекеттік органдардың тəжірибелік қызметіне қатысты құқық субъекті-лерінің ақпараттармен танысуын білдіреді;
6) кəсібилік қағиадсы, бүл қағида мемлекеттік аппарат қыз-метінде мейлінше кəсіби қызметкерлерді пайдалануға қолайлы жағдайлар жасайды,
7) алқалық пен жалғызіліктіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппараттың демократиялық жəне бюрократиялық бас-тамаларының саналы сəйкестігін қамтамасыз етеді;
8) сайлаушылық пен тағайындаушылықтың үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орта-лықсыздандырудың тиімді байланысын білдіреді;
9) бағыныстылық (иерархичность) қағидасы, бұл қағида мемле-
кеттік органдардың мемлекеттік аппараттағы əртүрлі деңгейде орналасқанын білдіреді.
4. Мемлекет органдарының түсінігі жəне түрлері. Мемле-кеттік орган – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы жəне осы мақсатта сəйкес биліктік өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе мекеме. Əрбір мемлекеттік органға мыналар тиесілі: а) оның оралымды басқаруындағы мемлекеттік, қазыналық мүліктер; ə) қаржы құралдары, банктегі есепшот, бюджеттен қаржыландыру көзі; б) өзіне тəн ұйымдастырушылық құрылымы, онымен байланысты қызметтік бағыныстылық жəне қызметтік тəртіп жүйесі; в) биліктік өкілеттіктердің қажетті көлемі, олардың негізінде лауазымдық тұлғалар мен алқалық органдар заңды міндетті əрекеттерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың түрлері:
1. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысанына қарай мем-лекет органдары өкілдік, атқарушылық, сот, прокурорлық жəне басқа да бақылаушы-қадағалаушы органдар болып бөлінеді.
2. Биліктің тармақтарға бөліну қағидасы бойынша – заң шыға-рушы, атқарушы жəне сот органдары.
3. Қызметінің құқықтық нысандары бойынша – құқықшығару-шы, құқыққолданушы жəне құқыққорғаушы органдар.
4. Бағыныстылық деңгейіне байланысты – республикалық жəне жергілікті органдар.
5. Өкілеттіктерінің мерзіміне байланысты – тұрақты (қызмет ету мерзімі шектеусіз түрде құрылады) жəне уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады).
6. Құзіретінің сипатына қарай – жалпы (мысалы, Үкімет) жəне арнайы (мысалы, министрлік) құзіретті органдар.
№ 10 кесте
Құтəрқұменбо
№ 11 кесте
Құрылу тəртібі жəне атқаратын міндеттерінің сипаты бойынша мемлекеттік органдар төмендегідей топтастырылады: Мемлекет механизмі Биліктік басқару функцияларын атқару кезінде өзара тығыз əрекеттесетін мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың күрделі жүйесі Нені білдіреді Мемлекеттік басқарумен арнайы айналысатын адамдардан құралады (заң шығарушылық, заңдарды атқару, заңдарды бұзушылықтардан қорғау) Құрамы өзінің функционалдық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті материалды — техникалық, қаржылық жəне басқа да құралдармен қамтамасыз етіледі Қамтамасыз етілуі Мемлекет органы заңды тəртіпте құрылады Заңмен анықталған құзырет аясында əрекет ететін мемлекет механизмінің өз алдына жеке құрылымдық элементі Нені білдіреді Қоғамның қалыпты қызмет етуін, сыртқы қауіпсіздік пен мемлекеттің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің баска да органдарымен өзара əрекеттесуі Əрекеттесуі Заң шығару мекемелері, жергілікті өзін-өзі басқару мен билік ету органдары Өкілдік Мемлекет басшысы, үкімет, министрлік басшысы, жергілікті атқарушы органдар Атқарушы Конституциялық сот, сот төрелігі органдарының жүйесі Сот органдары
