Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bulgakova_D_A_Memleket_zh_ne_y_teoriasy.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453 Кб
Скачать
☆

24 Тақырып. Құқықтық қатынастар

1. Құқықтық қатынастардың түсінігі жəне түрлері.

2. Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары.

3. Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың өзара бай-ланысы.

4. Құқықтық қатынастардың құрылымы.

5. Құқықтық қатынастардың субъектілері.

6. Құқық субъектілерінің құқыққабілеттігі жəне əрекетқабі-леттігі. Құқықсубъектілік.

7. Құқықтық қатынастардың объектілері.

8. Субъективтік құқықтар жəне заңды міндеттер.

9. Заңды фактілер.

1. Құқықтық қатынастардың түсінігі жəне түрлері. «Құқықтық қатынас» категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық категориялардың бірі болып табылады жəне адамдардың жүріс-тұрысына құқықтың қандай жолмен əсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас – бұл қатысушылары субъек-тивтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық норма-ларымен реттелген қоғамдық қатынас.

Құқықтық қатынастардың белгілері:

а) бұл əлеуметтік субъектілер арасындағы екіжақты нақты бай-ланысты білдіретін қоғамдық қатынас;

ə) ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни, құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдай-ларға қатысты жеке дараланады;

б) бұл тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс;

в) бұл ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қа-тысушыларының еркі қажет;

г) бұл мемлекетпен қорғалатын жəне қамтамасыз етілетін қа-тынастар.

Құқықтық қатынастардың түрлері. Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге бөлудегі сияқты, əр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

1) салалық белгісі бойынша құқықтық қатынастар конститу-циялық-құқықтық, əкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық жə-не т.б. болып бөлінеді;

2) сипаты бойынша – материалдық (қаржылық, еңбек жəне т.б) жəне іс жүргізушілік (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік жəне т.б.) құқықтық қатынастар;

3) құқықтың функциялары бойынша – реттеуші жəне қорғаушы құқықтық қатынастар; реттеуші құқықтық қатынастар құқық нор-масы немесе шарт негізінде пайда болады, қорғаушы құқықтық қатынастар мемлекеттік мəжбүрлеумен жəне заңды жауапкер-шілікті жүзеге асырумен байланысты болады;

4) қатысушыларының құрамына қарай–жай жəне күрделі құқықтық қатынастар; жай құқықтық қатынастар екі субъектінің арасында туындайды (сату-сатып алу құқықтық қатынастары), ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектілердің арасында туындайды (қылмыстық жазаны өтеу құқықтық қатынастары);

5)субъектілерінің анықталу дəрежесіне қарай – абсолюттік жə-не қатысты құқықтық қатынастар; абсолюттік құқықтық қатынас-тарда тек бір жақ қана – субъективтік құқықты иеленуші – анықталады, ал қатысты құқықтық қатынастарда екі жақ та жеке дара анықталған болып келеді жəне бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттерді иеленуші болып табылады;

6) жалпы жəне нақты құқықтық қатынастар; жалпы құқықтық қатынастар заңнан тікелей туындайды, нақты құқықтық қатынас-тар заңды фактілердің – əрекеттердің, нақты жүріс-тұрыс актілері-нің – нəтижесінде пайда болады.

2. Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарт-тары. Алғышартар – бұл құқықтық қатынастарды туындататын жағдайлар, факторлар. Құқықтық қатынастардың пайда болу ал-ғышарттарының екі түрін бөліп қарастырады:

1. Материалдық (жалпы) алғышарттар; бұларға адамдардың құқықтық қатынастарға түсуіне əсер ететін өмірлік қажеттіктері мен мүдделері жатады. Кең мағынада – бұл белгілі бір қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің объективтік қажеттігін көрсе-тетін əлеуметтік-экономикалық, мəдени жəне т.б. жағдайлардың жүйесі.

2. Заңды (арнайы) алғышарттар; бұларға құқық нормасы, құ-қықсубъектілік жəне шынайы өмір жағдайы ретіндегі заңды факт жатады. Аталған алғышарттарсыз құқықтық қатынастың туын-дауы мүмкін емес.

3. Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың өзара байланысы. Құқық нормасы – бұл жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережесі, ал құқықтық қатынас – құқық нормасының негізінде

пайда болатын қоғамдық қатынас.

Олардың арасындағы өзара байланыс мыналардан көрінеді:

а) құқық нормасы мен құқықтық қатынас құқықтық реттеу механизмінің элементтері болып табылады;

ə) құқық нормасы – бұл құқықтық қатынастың пайда болуының негізі;

б) құқық нормасы құқықтық қатынастар субъектілерінің шең-берін анықтайды;

в) құқық нормасы өз гипотезасында белгілі бір құқықтық қаты-настың пайда болу жағдайларын көздейді;

г)құқық нормасы өз диспозициясында құқықтық қатынастар қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңды міндет-терін анықтайды;

д) құқық нормасы өз санкциясында диспозицияны орындаудың мүмкін салдарын көрсетеді (жазалау немесе марапаттау);

е) құқықтық норма мен құқықтық қатынас себеп пен сал ретінде байланысқа түседі, яғни, құқықтық қатынас – бұл құқық нормасының жүзеге асу нысаны.

4. Құқықтық қатынастардың құрылымы. Құқықтық қаты-нас элементтер құрамы бойынша күрделі құрылымға ие: құқықтық қатынастың субъектісі; құқықтық қатынастың объектісі; субъек-тивтік құқық жəне заңды міндет (заңды мазмұн).

5. Құқықтық қатынастардың субъектілері – бұл құқықтық қатынастардың сəйкес субъективтік құқықтар мен міндеттерді иеленген қатысушылары. Құқықтық қатынас субъектісі – бұл өзінің құқықəрекетқабілеттігін пайдаланушы құқық субъектісі. Құқықтық қатынастар субъектілерінің келесі түрлері болады:

1. Жеке субъектілер (жеке тұлғалар); бұларға азаматтар, аза-маттығы жоқ тұлғалар, қосазаматтығы бар тұлғалар, шетелдік тұлғалар жатады. Азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азамат-тар Қазақстанның аумағында Қазақстан азаматтары сияқты құ-қықтарды иеленіп, құқықтық қатынастарға түсе алады, алайда, оларға қатысты заңнамамен орнықтырылған шектеулер бар, мысалы, олар Қазақстан Республикасының өкілдік органдарына сайлана жəне сайлауға қатыса алмайды, Қарулы Күштер қата-рында қызметін өтемейді, мемлекеттік аппаратта белгілі бір лауазымды иелене алмайды жəне т.б.

2. Ұжымдық субъектілер; бұларға мыналар жатады: мемлекет (ол басқа мемлекеттермен халықаралық-құқықтық қатынастарға түскен жағдайда); мемлекеттік ұйымдар; мемлекеттік емес

ұйымдар (жеке фирмалар, коммерциялық банкілер, қоғамдық бірлестіктер жəне т.б.).

6. Құқық субъектілерінің құқыққабілеттігі жəне əрекетқа-білеттігі. Құқықсубъектілік. Құқықтық қатынастардың субъекті-лері болу үшін тұлғалар құқыққабілеттік пен əрекетқабілеттікті иеленуі тиіс.

Құқыққабілеттік – бұл тұлғаның құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті. Əрекетқабілеттік – бұл тұлғаның өз əрекеттері арқылы осы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеті. Əрекетқабілеттіктің келесі түрлері болады: толық – 18 жастан басталады; жартылай – 14 пен 18 жас аралығында болады.

Əрекетқабілеттік шектелуі мүмкін. Конституцияда бекітілген-дей, азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмен ғана жəне конституциялық құрылымды, адамгершілікті, басқа тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, денсаулығын қорғау, елдің қорға-нысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарын-да қажет болған шамада ғана шектелуі мүмкін.

Құқыққабілеттік пен əрекетқабілеттік бір-бірінен ажыратыл-майды жəне көп жағдайда бір мезетте пайда болады. Азаматтық құқықтан басқа көптеген салаларда осындай жағдай орын алған. Азаматтық құқықтағы құқыққабілеттік пен əрекетқабілеттіктің ажыратылуын былай түсіндіруге болады:

а) мүліктік қатынастар олардың жасына, еркінің жағдайына қарамастан барлық азаматтар үшін қажет;

ə) мүліктік құқықтық қатынастар саласында құқыққабілеттігі бар, алайда əрекетке қабілетсіз тұлғаның орнына оның заңды өкілі қатыса алады.

Құқықсубъектілік – бұл тұлғаны құқық субъектісі ретінде сипаттайтын құқыққабілеттік пен əрекетқабілеттік.

7. Құқықтық қатынастардың объектілері – бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері бағыт-талған жəне осыған байланысты олар заңды байланысқа түсетін категория. Аталған категорияны түсінуде екі бағытты бөліп қа-растырады:

- олардың біріншісіне сəйкес, құқықтық қатынастың объектісі болып тек субъектілердің əрекеттері табылады;

- екінші көзқарасты көптеген ғалымдар жақтайды, оған сəйкес, объектілердің түрлері өте көп, олар:

1) материалдық игіліктер (заттар, құндылықтар, мүлік жəне т.б.);

2) материалдық емес игіліктер (өмір, денсаулық, қадір-қасиет,

абырой жəне т.б.);

3) рухани шығармашылық өнімдері (əдебиет, өнер, музыка, ғылым туындылары жəне т.б.);

4) құқықтық қатынастар қатысушыларының əрекеттерінің нə-тижелері (мысалы, тасымалдау шартының, мердігерлік шартының нəтижесінде туындайтын құқықтық қатынастар);

5) бағалы қағаздар мен құжаттар (ақша, акциялар, диплом жəне т.б.).

8. Субъективтік құқықтар жəне заңды міндеттер. Егер қо-ғамдық қатынастар құқықтық қатынастардың материалдық мазмұны болып табылса, субъективтік құқықтар мен міндеттер субъективтік мазмұны болып табылады. Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынастар қатысушыларының арасындағы заңды байланыстар жүзеге асырылады.

Субъективтік құқық – бұл субъектінің өз мүдделерін қана-ғаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс ша-масы.

Заңды міндет – бұл заңды қажет жүріс-тұрыс шамасы. Міндет – бұл субъективтік құқықтың жүзеге асырылуының кепілі.

Субъективтік құқық пен заңды міндеттің арасындағы айырма-шылықтар:

- егер субъективтік құқық тұлғаның өз мүдделерін қанағаттан-дыруға бағытталса, заңды міндет бөтен мүдделерді (мысалы, мемлекеттің, басқа тұлғалардың) қанағаттандыруға бағытталған;

- егер субъективтік құқық заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы болып табылса, заңды міндет қажетті жүріс-тұрыс шамасы болып табылады.

9. Заңды фактілер – бұл белгілі бір құқықтық салдардың туын-дауына негіз болып табылатын нақты өмірлік жағдайлар. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарт-тары болып табылады.

Заңды фактілерді əр түрлі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:

1. Туындайтын салдардың сипаты бойынша:

- құқықтудырушы (мысалы, жоғары оқу орнына түсу);

- құқықөзгертуші (мысалы, күндізгі оқу бөлімінен сыртқы бө-лімге ауысу);

- құқықтоқтатушы (мысалы, жоғары оқу орнын аяқтау).

2. Құқықтық қатынастар субъектілерінің еркімен байланысына қарай:

- оқиғалар – бұл субъектілердің еркіне тəуелсіз жағдайлар, мысалы, табиғат апаты, өлім жəне т.б

- əрекеттер – бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің еркімен байланысты жағдайлар. Əрекеттер, өз кезегінде, құқыққа сай жəне құқыққа қайшы болып бөлінеді.

Көп жағдайда құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін бір заңды факт жеткіліксіз болып, олардың жиынтығы–заңды құрам қажет болатын жағдайлар туындайды. Мысалы, кəрілігіне байла-нысты зейнетақы алу үшін зейнеткерлік жасына жету, белгілі бір еңбек өтілінің болу, зейнетақыны тағайындау туралы шешімінің болуы тиіс. Заңды құрамдардың екі түрі болады: а) оның барлық элементтері көрсетіліп, заңмен нақты анықталған болуы мүмкін (мысалы, зейнетақыны тағайындау мəселесі); ə) ол жалпы белгі-лермен сипатталуы мүмкін (мысалы, некені бұзудың негіздері).

№ 31 кесте

№ 32 кесте Құқықтық қатынастардың түрлері: - салалық белгісі бойынша: • Конституциялық-құқықтық; • Əкімшілік-құқықтық; • Азаматтық-құқықтық жəне т.б.. - сипатына байланысты: • материалдық (қаржылық, енбек жəне т.б.); • процессуалдық (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік жəне т.б.) - құқық функциялары бойынша: • реттеуші; • қорғаушы - қатысушылардың құрамы бойынша: • жай; • күрделі - субъектілердің анықталғандығының дəрежесі бойынша: • абсолюттік (тек қана бір тарап анықталған); • қатысты (екі тарап та анықталған) Құқықтық қатынас – бұл құқық нормаларының негізінде пайда болатын қоғамдық қатынас, мұнда тараптар өзара, мемлекетпен кепілденген нақты екі жақты құқықтар мен міндеттермен байланысады Жеке даралық: - азаматтар; - қос азаматтыға бар тұлғалар; - азаматтағы жоқ тұлғалар; - шетелдіктер Құқықтық қатынастардың субъектілері – бұл өздерінің құқыққабілеттіктерін пайдаланатын құқық субъектілері Ұжымдық: - Мемлекеттік органдар немесе тұтас мемлекет; - Қоғамдық ұйымдар; - Жеке кəсіпорындар мен ұйымдар; - Заң бойынша заңды тұлға мəртебесіне ие болған өзге де ұйымдар

№ 33 кесте

№ 34 кесте

Заңды - Субъектілердің іс-əрекеті, адамдардың тəртібі Құқықтық қатынастың объектісі – бұл құқықтық қарым-қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері неге бағытталғандығы, неге байланысты олардың заңды байланысқа түсуі - Материалдық игіліктер; - Материалдық емес игіліктер; - Рухани шығармашылық өнімдері; - Құқықтық қатынасқа қатысушылардың іс əрекетінің нəтижесі; - Құнды қағаздар мен құжаттар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]