Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bulgakova_D_A_Memleket_zh_ne_y_teoriasy.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453 Кб
Скачать
☆

25 Тақырып. Құқықты жүзеге асыру

1. Құқықты жүзеге асырудың түсінігі жəне нысандары.

2. Құқық нормаларын қолданудың түсінігі, белгілері жəне ке-зеңдері.

3. Заңды коллизиялар.

4. Құқықтағы олқылықтар.

5. Құқықтық нормаларды қолдану актілері.

1. Құқықты жүзеге асырудың түсінігі жəне нысандары. Құ-қықтық нормалар адамдардың санасы мен еркіне мақсатты түрде əсер ете отырып, оларды заңнамаға сəйкес жүріп-тұруға итерме-леу үшін қажет. Қоғамдық қатынастардың қатысушыларының жүріс-тұрыстары арқылы кез-келген заңшығарушы қалайтын нə-тижелерге жетуге болады.

Құқықтық нормаларды жүзеге асыру – құқықтық нормалардың ережелері көрініс тапқан адамдардың жүріс-тұрысы, олардың құ-қықтарды жүзеге асыру мен заңды міндеттерді орындаумен байла-нысты тəжірибелік қызметі. Субъектілердің əрекеттерінің сипатына қарай құқықты жүзеге асырудың төрт нысанын бөліп қарасты-рады:

1) сақтау – қолданыстағы құқықпен тыйым салынған əрекет-терден бас тарту;

2) орындау – оң мазмұнды заңды міндеттерді орындауға байла-нысты белсенді əрекеттерді жүзеге асыру;

3) пайдалану – олар арқылы тұлғаның өз мүддесін қанағат-тандырылатын субъективтік құқықтарды жүзеге асыру;

4) қолдану – құзіретті органдардың нақты бір заңды істі шешуге байланысты биліктік қызметі, нəтижесінде сəйкес жеке акт қабылданады.

2. Құқық нормаларын қолданудың түсінігі, белгілері жəне кезеңдері. Құқықты қолдану – бұл құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны. Ол субъектілердің билік органдарының көмегінсіз өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алмауы жағдайында қажет. Қолдану мына белгілермен сипатталады:

- құқықты тек осыған өкілетті құзіретті органдар ғана қол-данады;

- биліктік сипатқа ие;

- іс жүргізушілік нысанда жүзеге асырылады,

- сəйкес жеке, биліктік (құқыққолданушы) актіні қолданумен байланысты;

- үш кезеңнен құралады:

1) істің іс жүзіндегі негізін анықтау; бұл кезде іс бойынша объективтік шындық анықталып, барлық заңды маңызы бар ақпараттарды жинау жүзеге асырылады;

2) істің заңды негізін анықтау; бұл кезде құқыққолданушы осы қоғамдық қатынасты реттейтін құқықтың саласын, институтын жəне нормасын таңдайды;

3) істі шешу; бұл кезде құқық нормасының негізінде ресми мағынадағы биліктік сипаттағы жеке акт қабылданады. Шешім қабылдау қорытынды əрі негізгі кезең болып табылады. Бұдан кейін шешім орындалуы жəне нақты қоғамдық қатынас іс жүзінде реттелуі тиіс.

3. Заңды қарама-қайшылықтар. Екінші кезеңде, яғни, нақты құқық нормасын таңдауда, нормалардың қарама-қайшылығы жəне құқықтағы олқылықтар сияқты құбылыстарды кездестіруге болады.

Заңды қарама-қайшылықтар – бұл бір қоғамдық қатынастарды реттеуші құқықтық актілер арасындағы қарама-қайшылықтар. Олар құқықтық жүйеге келіспеушіліктерді, кемшіліктерді əкеледі, құқыққолдану тəжірибесінде ыңғайсыздықтар туғызады, заңнаманы қолдануды қиындатады.

Қарама-қайшылықтардың түрлері:

1) Конституция мен басқа барлық актілер арасындағы: басым-дылық Конституцияға беріледі;

2) заңдар мен заңға сəйкес актілер арасындағы: заңдарға ба-сымдылық беріледі;

3) бір органның актілері арасындағы: уақыты бойынша кейін қабылданған актіге басымдылық беріледі;

4) əр түрлі органдар қабылдаған актілер арасындағы: жоғары тұрған органның актісіне басымдылық беріледі.

4. Құқықтағы олқылықтар – бұл қолданыстағы заңнамада қажетті заң нормаларының толығымен немесе жартылай болмауы.

Олқылықты жаңа құқық нормасын қабылдау арқылы құқық-шығармашылық процесінің көмегімен жоюға болады.

Олқылықтарды құқыққолдану процессі арқылы жеңуге болады себебі, бұл кезде ешбір жаңа нормалар қабылданбайды: не құқық ұқсастығы, не заң ұқсастығы қолданылады.

Заң ұқсастығы – бұл нақты бір заңды істі осыған ұқсас істі

шешуге бағытталған құқықтық норманың негізінде шешу.

Құқық ұқсастығы – бұл нақты заңды істі құқықтың жалпы қағидалары мен мəні негізінде шешу. Құқықтағы олқылықтарды жеңудің бұл əдісі ұқсас істі шешуге байланысты осы құқық саласында, ұқсас құқық саласында да нақты нормалар болмаған жағдайда ғана қолданылады.

5. Құқықтық нормаларды қолдану актілері. Құқықты қолдану актісі – бұл нақты бір заңды істі шешу нəтижесінде құзіретті орган шығаратын, жеке биліктік ережеден құралған құқықтық акт. Оның мынадай ерекшеліктері болады:

- құзіретті орган шығарады;

- мемлекеттік-биліктік сипатқа ие;

- нормативтік емес, жеке сипатқа ие, себебі, нақты субъекті-лерге бағытталған;

- заңмен анықталған өзіне тəн нысанға ие.

Құқыққолдану актілерін келесі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:

1) нысаны бойынша – жарлықтар, үкімдер, шешімдер, бұй-рықтар жəне т.б.;

2) оларды қабылдайтын субъектілерге байланысты–мемлекет-тік жəне мемлекеттік емес органдардың (мысалы муниципалды органдардың) актілері;

3) құқықтың функциялары бойынша – реттеуші (мысалы, қыз-меттік бұйрықтар) жəне қорғаушы (мысалы, қылмыстық істі қозғау туралы қаулы);

4) заңды табиғаты бойынша – негізгі жəне көмекші; негізгі актілер заңды істің соңғы шешімін көрсетеді (мысалы, үкім), ал көмекші актілер негізгі актілерді шығаруға жəрдемдеседі (мысалы, тұлғаны айыпкер ретінде жауапқа тарту туралы қаулы).

5) құқықтық реттеу пəні бойынша – қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық жəне т.б. актілер;

6) сипаты бойынша – материалдық жəне іс жүргізушілік.

№ 35 кесте

Құқық

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]