Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bulgakova_D_A_Memleket_zh_ne_y_teoriasy.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453 Кб
Скачать
☆

31 Тақырып. Қоғамның құқықтық жүйесі

Құқықтық жүйе – бұл құқықтың құқықтық идеологиямен жəне сот тəжірибесімен біртұтастықта қарастырылуы. Осы үш элемент: заңдар мен басқа да мемлекетпен танылған қайнар көздерден көрініс тапқан жалпыға міндетті нормалар жүйесі ретіндегі құқық, құқықтық сананың белсенді жағы – құқықтық идеология жəне сот тəжірибесі құқықтық жүйені құрайды.

«Құқықтық жүйе» түсінігінің белгілі бір мемлекеттегі құқыққа сипаттама берудегі маңызы зор. Бұл жағдайда ұлттық құқықтық жүйе жөнінде сөз болып отыр. Құқықтық жүйенің құқықпен қатар қай элементінің – не сот тəжірибесінің, не құқықтық идеология-ның – ерекше рөлге ие болуына сол мемлекеттегі барлық құқық-тық құбылыстар тəуелді болып келеді. Осы белгі бойынша құқық-тық жүйенің келесі жанұяларын (құқықтың қайнар көздерінің ортақтығы негізінде бөлінген құқықтық жүйелердің жиынтығы) бөліп қарастырады:

1. Континенталдық Еуропаның нормативтік-заңнамалық жүйе-лер отбасы – бұл романдық-германдық құқық. Бұл құқықтық жүйелерде бірінші орынға заң қойылған (Италия, Франция, Гер-мания, Португалия жəне т.б.).

2. Нормативтік-соттық, ағылшын-саксондық құқықтық жүйе-лер жанұясы – бұл Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Канаданың, Австралияның жəне т.б. елдердің прецеденттік құқығы. Бұл құ-қықтық жүйелерде басты орынды сот тəжірибесі, заңды прецедент иеленген.

3. Діни-дəстүрлі, идеологиялық құқықтық жүйелер жанұясы – бұл мұсылман құқығы (Иран, Ирак, Пəкістан, Судан жəне т.б.) жəне кеңестік құқық. Бұл құқықтық жүйелерде ерекше рөлді дін мен партиялық идеология иеленеді.

№ 41 кесте Құқықтық жүйе –бұл құқықтық шынайылықтың басқа белсенді элементтерімен – құқықтық идеологиямен жəне сот тəжірибесімен біртұтас қарастырылатын құқық Заң Сот прецеденті Идеология романо-германдық құқық – континентальды Еуропаның нормативтік-заңшығарушылық жүйелерінің жанұясы прецеденттік құқық – нормативтік-соттық англо-саксондық құқықтық жүйелер жанұясы мұсылмандық құқық, кеңестік құқық – діни-дəстүрлі, идеологизацияланған құқықтық жүйелер жанұясы

32 Тақырып. Құқықтық реттеу механизмі

1. Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі жəне элементтері.

2. Құқықтық реттеудің тиімділігі.

1. Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі жəне элементтері. Құқықтық реттеу механизмі – бұл құқық субъектілерінің мүдде-лерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсаттарын-да кезекті түрде ұйымдастырылған заңды құралдардың жүйесі.

Құқықтық реттеу механизмінің мақсаты – субъектілердің мүд-делерінің құндылықтарға кедергісіз бағыт алуын қамтамасыз ету (мазмұнды белгісі). Құқықтық реттеу механизмі – бұл табиғаты жəне функциялары бойынша əр түрлі заңды құралдардың жүйесі (формальды белгісі).

Құқықтық реттеу механизмінің келесі элементтерін бөліп қа-растыруға болады:

1) құқық нормасы – мұнда мүдделерді қанағаттандыру үлгісі қалыптасады;

2) ұйымдастырушылық – атқарушы акт сияқты шешуші фак-тімен бірлескен заңды факт немесе фактілік құрам;

3) құқықтық қатынас – бұл жердегі нормативтік талаптар сəйкес субъектілерге қатысты нақтыланады;

4) құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру актілері – субъек-тілердің сақтау, атқару жəне пайдалану нысанындағы əректтері;

5) қорғаушы, құқыққолданушы акт – құқықбұзушылық жағдай-ында қолданылады.

2. Құқықтық реттеудің тиімділігі – бұл құқықтық реттеудің нəтижесі мен оның алдында тұрған мақсаттың арасындағы арақа-тынас.

Құқықтық реттеудің тиімділігін көтерудің төмендегідей жолда-рын атап өтуге болады:

1. Құқықшығармашылықты жетілдіру; мұның нəтижесінде заңшығармашылық техниканың жоғары деңгейіне сəйкес құқық нормаларында қоғамдық мүдделер мен заңдылықтар мейлінше анық көрініс табады. Бұл кезде заңды жəне ақпараттық құрал-дардың көмегімен заңды сақтау оны бұзудан пайдалы болатындай жағдай жасау керек.

2. Құқықты қолдануды жетілдіру нормативтік реттеудің нəти-желерін толықтырады. Құқықты қолдану əр бір заңды жағдайдың

нақты жағдайларын, өзіндік ерекшеліктерін ескереді. Құқық-шығармашылық пен құқыққолдануды дұрыс үйлестіру құқықтық реттеуге икемділік пен кешенділікті береді.

3. Құқық субъектілерінің құқықтық мəдениетінің деңгейін кө-теру де құқықтық реттеудің сапасына, заңдылық пен құқықтық тəртіпті нығайту процесіне əсерін тигізеді.

№ 42 кесте Құқықтық реттеу механизмі – бұл заңдық құралдардың жүйесі, олардың көмегімен қоғамдық қатынастарға құқықтық əсер ету жүзеге асырылады, құқық субъектілерінің мүдделері қанағаттандырылады Төмендегідей элементтерді қамтиды: - құқықтық нормалар; - құқықтық қатынастар; - жеке құқықтық актілер; - құқықтық тəртіп; - құқықтық сана Мақсаттары: - өркениетті қоғамның қалыпты өмірінің негізі жəне сөзсіз талабы ретіндегі заңдылық пен құқықтық тəртіпті қолдау; - мемлекеттік құрылымдарды оңтайлы құру, олардың нəтижелі қызмет етуі; - адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, адамның өз міндеттерін орындауы, азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарын тиімді қорғау; - қоғам мүшелерінде прогрессивтік құқықтық сана мен құқықтық мəдениетті қалыптастыру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]