Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bulgakova_D_A_Memleket_zh_ne_y_teoriasy.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453 Кб
Скачать
☆

8 Тақырып. Мемлекет типтері

1. Мемлекет типінің түсінігі.

2. Мемлекеттерді типке бөлудегі формациялық тəсіл.

3. Мемлекеттерді типке бөлудегі өркениетті тəсіл.

1. Мемлекет типінің түсінігі. Мемлекет типі сəйкес тарихи ке-зеңде туындайтын оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Белгілі бір кезеңдегі барлық мемлекет-терге белгілі бір сипаттар тəн болып келеді. Мемлекеттерді типке бөлу негізінен формациялық жəне өркениетті тəсілдер тұрғысынан жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттерді типке бөлудегі формациялық тəсіл. Фор-мациялық тəсілдің шегінде негізгі талап ретінде əлеуметтік-эко-номикалық факторлар, яғни, қоғамдық-экономикалық формация орын алады. Бұл тəсіл тұрғысынан мемлекет типі қоғамның эко-номикалық базисімен тығыз байланысты қоғамдық құрылымға сəйкес мемлекеттің өзара тығыз байланысты белгілерінің жиын-тығы ретінде анықталады. Экономикалық базистің типтеріне қа-рай мемлекеттің төмендегідей типтерін бөліп қарастырады: құ-лиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық жəне социалистік мемле-кеттер.

Бұл типологияның артықшылықтары болып екі мəселе табы-лады: мемлекеттерді əлеуметтік-экономикалық негізінде бөлу идеясы өте дұрыс, себебі, шынымен де бұл факторлар қоғамға зор əсерін тигізеді, ол мемлекеттің дамуының табиғи-тарихи сипатын, кезеңділігін көрсетеді. Ал формациялық теорияның əлсіз жағы оның тарихтың əртүрлі сипаттарын ескермеуінен жəне рухани факторларды бағаламауынан көрінеді.

3. Мемлекеттерді типке бөлудегі өркениетті тəсіл. Өркениет-ті тəсіл шегінде негізгі талаптар ретінде рухани факторлар – мə-дени, діни, ұлттық жəне т.б. факторлар орын алады. Өркениет –бұл қоғамның діни, ұлттық, географиялық жəне тағы да басқа белгілерінің ортақтығымен ерекшеленетін тұйық жəне локальды сипаты. Өз дамуында өркениет бірнеше кезеңдерден өтеді:

І кезең – локальды өркениеттер, олардың əрқайсысының өзара байланысты əлеуметтік институттары, оның ішінде мемлекет те, болады (ежелгіегипеттік, шумерлік, үнділік, эгейлік жəне т.б. өр-кениеттер).

ІІ кезең – белгілі бір мемлекет типтерімен байланысты ерекше өркениеттер (үнділік, қытайлық, батыс еуропалық, исламдық жəне т.б. өркениеттер).

ІІІ кезең – өз мемлекеттілігімен ерекшеленетін қазіргі кезгі өр-кениеттер, бұл өркениеттер енді-енді қалыптасып келе жатыр, бұларға əлеуметтік-саяси құрылымдардың дəстүрлі жəне қазіргі кезгі түрлерінің қатар өмір сүруі тəн.

Өркениеттер мен олардың мемлекеттіліктерін типке бөлудің басқа да негіздері бар: хронологиялық, генетикалық, діни жəн т.б.

№ 13 кесте

- -

-

- Мемлекет типтері Қоғамдық-экономикалық формация типі Өркениет типі

9 Тақырып. Қоғамның саяси жүйесі

1. Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі.

2. Саяси жүйелердің түрлері.

3. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі.

1. Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі. Қоғамның саяси жүйесі–бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік жəне мемлекеттік емес əлеуметтік институттардың жүйесі. Мұндай институттардың қатарына қоғамдық өмірдің билікке байланысты саласына қатысушы мемлекет, партиялар, кəсіптік одақтар жəне басқа да ұйымдар мен қозғалыстар жатады. Саяси жүйе сыртқы жəне ішкі саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, əлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, білдіреді жəне қорғайды. Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси жүйенің пайда болған жəне қызмет ететін əлеуметтік ортасы арқылы анықталады:

1) Еңбек нəтижелері саналы түрде мемлекеттік ұйымдасқан адамдардың ерекше тобымен бөлінетін əлеуметтік орта. Мұндай ортада меншіктің мемлекеттік жəне қоғамдық түрлері орын алады; өзіндік меншікке рұқсат берілуі мүмкін, ал жеке меншік мүлдем болмайды. Мұндай саяси жүйелерде мемлекеттік билік қоғамның экономикалық өміріне тоталитарлы түрде араласады; мемлекет идеологиясынан өзгеше ойлау басып-жаншылып отырады; мемле-кеттік идеология, дін, мəдениет, білім, ғылым қалыптасады. Билік-те тек бір саяси партия болады.

2) Əлеуметтік ортаның екінші түрі қоғамның экономикалық өмірінің нарықтық-ақшалық негізіне, еркін кəсіпкерліктің тəжіри-бесі мен идеологиясына негізделеді. Мұндай саяси жүйелерде мемлекет нарықтық экономика үшін жағдайларды ұйымдастыру-шы ретінде көрініс табады, азаматтардың құқықтары мен бостан-дықтарын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйеде партиялар билікті сайлау компанияларына қатысу арқылы жаулап алуға тырысады; құқықтық нысандар саяси мақсаттарға жетудің негізгі құралына айналады.

3) Əлеуметтік ортаны ұйымдастырудың үшінші түрі – аралас түр, ол конвергенция деген атқа ие болды. Конвергенциялық саяси жүйелер бір əлеуметтік ортадан екінші əлеуметтік ортаға өту кезінде пайда болады. Конвергенциялық саяси жүйелерге əртүрлі мақсаттағы жəне мазмұндағы көптеген саяси институттардың араласуы тəн болып келеді.

2. Саяси жүйелердің түрлері. Саяси жүйелердің пайда бола-тын əлеуметтік ортасының сипатына қарай мынадай саяси жүйе түрлері болады: тоталитарлық, либералдық-демократиялық жəне аралас жүйелер; ал өзара байланысу сипатына қарай ашық жəне жабық саяси жүйелер болады.

3. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі. Мемлекет саяси жүйеге белгілі бір жекелеген органдары арқылы емес, өзіндік бір саяси, аумақтық, құрылымдық бөлік ретінде кіреді. Ол өз функцияларын басқа əлеуметтік инстиуттармен, пар-тиялармен, кəсіптік одақтармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші рөлді иелен-ген, себебі:

а) оның аумақтық шекараларында азаматтық белгісі бойынша біріккен халықтың жалғыз ресми өкілі рөлін атқарады;

ə) егемендіктің жалғыз иесі болып табылады;

б) қоғамды басқаруға бағытталған əлеуметтік аппараты бо-лады;

в) қарулы құрылымдары болады;

г) құқықшығармашылыққа қатысты монополияға ие;

д) материалдық құндылықтардың ерекше жиынтығына (мемле-кеттік меншік, бюджет, валюта жəне т.б.) ие.

№ 14 кесте Қоғамның саяси жүйесі Бұл елдің мемлекеттік жəне қоғамдық-саяси өміріне қатысатын, мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдары мен институттарының жиынтығы Мемлекет Қоғамдық ұйымдар (саяси партиялар мен қозғалыстар, кəсіби одақтар, əйелдер, жастар ұйымдары) Құрылымы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]