- •Isbn 9965-620-31-8
- •Isbn 9965-620-31-8 4310020000
- •Пəннің негізі түсініктері
- •1 Тақырып. Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
- •2 Тақырып. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні мен əдістері
- •3 Тақырып. Мемлекеттің пайда болуы
- •1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік билікке жалпы сипаттама.
- •2. Мемлекеттің пайда болу себептері.
- •3. Мемлекеттің пайда болу нысандары.
- •Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •4 Тақырып. Мемлекеттің түсінігі жəне мəні
- •1. Мемлекеттің түсінігі жəне белгілері.
- •2. Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше түрі ретінде.
- •3. Мемлекеттің мəні.
- •5 Тақырып. Мемлекеттің функциялары
- •1. Мемлекет функцияларының түсінігі.
- •2. Мемлекет функцияларының түрлері.
- •3. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары.
- •6 Тақырып. Мемлекет механизмі
- •7 Тақырып. Мемлекет нысаны
- •8 Тақырып. Мемлекет типтері
- •1. Мемлекет типінің түсінігі.
- •2. Мемлекеттерді типке бөлудегі формациялық тəсіл.
- •3. Мемлекеттерді типке бөлудегі өркениетті тəсіл.
- •9 Тақырып. Қоғамның саяси жүйесі
- •1. Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі.
- •2. Саяси жүйелердің түрлері.
- •3. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі.
- •10 Тақырып. Құқықтық мемлекет
- •1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі жəне қағидалары.
- •2. Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағи-дасы ретінде.
- •3. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі.
- •Құқықтық мемлекет идеясының пайда болуы мен дамуы
- •11 Тақырып. Мемлекет жəне қоғам
- •1. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы.
- •2. Азаматтық қоғамның түсінігі жəне құрылымы.
- •12 Тақырып. Құқықтың пайда болуы
- •13 Тақырып.
- •14 Тақырып. Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар
- •15 Тақырып. Құқықтың қағидалары мен функциялары
- •1. Құқықтың қағидаларының түсінігі жəне түрлері.
- •2. Құқықтың функцияларының түсінігі жəне түрлері.
- •16 Тақырып. Құқықтың типтері
- •2. Құқықтың тарихи типтері.
- •Əлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық
- •18 Тақырып.
- •2. Құқықтық реттеу пəні мен əдісі құқық нормаларын салалар-ға бөлу негіздері ретінде.
- •3. Құқық саласы.
- •4. Құқық институты.
- •19 Тақырып. Тұлға, құқық, мемлекет
- •1. Тұлғаның құқықтық мəртебесі.
- •2. Мемлекет пен құқықтың арақатынасы.
- •3. Экономика, саясат пен құқықтың арақатынасы.
- •20 Тақырып. Құқықтың қайнар көздері
- •21 Тақырып. Құқық нормалары
- •Заңдық күші бойынша төмендегідей тармақталады:
- •Заңға тəуелді актілер
- •Құқықтық нормалардың түрлері
- •22 Тақырып. Құқықшығармашылық
- •1. Құқықшығармашылықтың түсінігі жəне түрлері.
- •2. Құқықшығармашылықтың қағидалары.
- •3. Құқықшығармашылық процестің кезеңдері.
- •2. Құқықшығармашылықтың қағидалары.
- •3. Құқықшығармашылық процестің кезеңдері.
- •23 Тақырып. Заңңаманы жүйелеу
- •1. Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі мен түрлері.
- •2. Құқық жүйесі мен заңнама жүйесі.
- •24 Тақырып. Құқықтық қатынастар
- •25 Тақырып. Құқықты жүзеге асыру
- •26 Тақырып. Құқық нормаларын түсіндіру
- •2. Түсіндіру тəсілдері.
- •3. Субъектілер бойынша түсіндіру түрлері.
- •4. Көлемі бойынша түсіндіру түрлері.
- •27 Тақырып.
- •1. Құқықтық мінез-құлықтың түсінігі жəне белгілері.
- •2. Құқықтық мінез-құлықтың түрлері.
- •28 Тақырып. Құқықбұзушылық жəне заңды жауапкершілік
- •29 Тақырып. Құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет
- •30 Тақырып. Заңдылық жəне құқықтық тəртіп
- •1. Заңдылықтың түсінігі жəне қағидалары.
- •2. Заңдылықтың кепілденуі.
- •4. Заңдылық пен құқықтық тəртіптің арақатынасы.
- •31 Тақырып. Қоғамның құқықтық жүйесі
- •32 Тақырып. Құқықтық реттеу механизмі
- •1. Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі жəне элементтері.
- •2. Құқықтық реттеудің тиімділігі.
- •Мазмұны
- •050057, Алматы қ.,
20 Тақырып. Құқықтың қайнар көздері
1. Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі жəне түрлері.
2. Нормативтік актілердің түсінігі жəне түрлері.
3. Заңдардың түсінігі, белгілері жəне түрлері.
4. Нормативтік актілердің күші.
1. Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі жəне түрлері. Пози-тивтік құқықтың өзіне тəн белгісі болып оның формальды сипаты табылады. Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да қайнар көздерде көрініс тапқан жағдайда заң-ды, жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін.
Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу жəне көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндетті ма-ғына беру.
Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тəн, оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдауын қам-тамасыз етеді. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жол-мен беріледі:
1) құқықшығарсашылық жолы арқылы; бұл жағдайда норма-тивтік құжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады.
2) санкциялау жолы арқылы; бұл жағдайда мемлекетік орган-дар белгілі бір түрде əлеуметтік нормаларды (əдет-ғұрып, корпо-ративтік нормалар) қолдап, оларға заңды күш береді.
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
1. Нормативтік заң актілері – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған жəне белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сəйкес актілер жатады.
2. Санкцияланған əдет нормалары – бұл адамдардың санасынан орын алған жəне көп рет қолданылуының нəтижесінде əдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелеріне мемле-кеттің жалпыға міндетті мəн беріп, оларды орындауды өзінің мəжбүрлеу күші арқылы кепілдеуі. Əдет-ғұрып нормаларына заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі: а)нормативтік актілерде əдет нормаларына сілтеме жасау арқылы; ə)оларды сот шешімдерінде жəне басқа да мемлекеттік
органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы.
3. Заңды прецедент – бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын жəне жалпыға міндетті заңды мағынаны иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе əкімшілік шешім.
4. Нормативтік шарт – бұл екі немесе одан да көп субъекті-лердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған келісімі.
5. Құқықтың жалпы қағидалары – бұл құқықтық жүйенің не-гізгі бастамалары. Мысалы, заңнамалық норма, міндетті преце-дент немесе əдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер əділет-тілік, ар-ождан, құқықтың əлеуметтік бағыттылық қағидаларына негізделуі мүмкін (Грецияның, Испанияның, Ауғанстанның Азаматтық кодекстері).
6. Діни мəтіндер – бұлар, əсіресе, мұсылмандық құқыққа тəн. Ең алдымен, бұл Құран мен Сүннет. Құран – бұл Алланың сөздері, өсиеттері жəне ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап; Сүннет – бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ.
2. Нормативтік актілердің түсінігі жəне түрлері. Норматив-тік заңды актілер – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған жəне белгілі бір қоғамдық қаты-настарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар.нормативтік акті-лерді нормашығарушылық құзіретке ие органдар қатаң анық-талған тəртіп бойынша қабылдайды. Заңды күшіне қарай барлық заң актілері екі топқа бөлінеді: заңдар мен заң актілері.
Заң – бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тəртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие жəне маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.
Заңға сəйкес актілер – бұл заң нормаларынан құралған, заң-дардың негізінде жəне оларды орындау мақсатында қабылданған актілер. Оларға мыналар жатады:
1) Президенттің құзіреті шегінде қабылданған жарлықтар мен өкімдер;
2) Парламенттің құзіреті шегінде қаабылданған қаулылар мен өкімдер;
3) мемлекеттік аумақтық жəне жергілікті органдардың (өкілдік органдар мен əкімшілік органдар) актілері – мемлекеттік билік пен басқарудың аумақтық органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары қабылдайды жəне осы аумақта өмір сүріп жатқан барлық тұлғаларға таралады;
4) ведомстволық актілер – белгілі бір органның құзіреті шегін-
де қабылданады жəне осы ұжымның мүшелеріне ғана таралады.
3. Заңдардың түсінігі, белгілері жəне түрлері. Заң – бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тəртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң кү-шіне ие жəне маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін норма-тивтік акт.
Заңның белгілері:
1. Заң – бұл құқықтық жүйеге заң нормаларын енгізуге, оларды жоюға немесе өзгертуге байланысты құқықшығармашылық əре-кеттер бекітілген заң актісі.
2. Заң – бұл мемлекеттік биліктің қатаң анықталған жоғары органдарының актісі.
3. Заң жоғары заң күшіне ие. Бұл мынаны білдіреді: а) қалған барлық құқықтық актілер заңдарға негізделуі жəне оларға қарама-қайшы болмауы тиіс. Кез-келген басқа акт заңға қайшы келген жағдайда басымдылық соңғысына беріледі; ə) заңды кез-келген басқа орган бекіте алмайды; б) оны қабылдаған органнан басқа ешкім заңды өзгерте немесе оның күшін жоя алмайды.
4. Заң – бұл құқықтық жүйеде бұрын болмаған жəне қоғамдық өмірдің маңызды мəселелеріне байланысты міндетті нормалардан құралған нормативтік акт.
Заңның түрлері:
1) Конституция – бұл басқарудың жəне мемлекеттік құры-лымның нысанын, сот əділдігі жүйесін анықтайтын, конститу-циялық құрылымды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостан-дықтарын бекітетін негізгі саяси-құқықтық акт;
2) конституциялық заңдар – Конституциямен көзделген жəне онымен байланысты мəселелерге қатысты қабылданады;
3) жай заңдар – бұл қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, əлеуметтік, рухани жақтарына арналған ағымдағы заңнама актілері.
4. Нормативтік актілердің күші. Нормативтік актілер əрекет етудің уақыттық, кеңістіктік жəне субъектілік шектеріне ие:
1. Нормативтік актілердің уақыттағы күші олардың күшіне енген сəтінен бастап қүшін жоғалтқан сəтіне дейін таралады. Ак-тілер не оларды қабылдаған сəттен бастап, не нормативтік актінің өзінде немесе оның күшіне енуі туралы арнайы актіде көрсетілген уақыттан бастап, немесе оларды жариялаған сəттен бастап белгілі бір мерзім өткеннен кейін күшіне енеді. Актілер оларды қабыл-дауда көрсетілген əрекет ету уақыты өткеннен кейін,не олардың орнына жаңа акт қабылданған жағдайда, не нақты бір органның
осы актінің күшін жою туралы тікелей нұсқауы негізінде өз күш-терін жояды.
Нормативтік актілердің уақыттағы күшіне байланысты жалпы ережелердің ішінде екі ерекше ереже бар:
а) заңның кері күші – жаңадан қабылданған нормативтік акті-нің өз күшін бұл акт заңды күшіне енгенге дейінгі қатынастарға таратуы. Жалпы ереже бойынша, заңның кері күші болмайды, алайда, заңның кері күшті иеленуі екі жағдайда мүмкін: егер заң-ның өзінде бұл аталып өтсе немесе заң жауапкершілікті жеңіл-детсе немесе жойса;
ə)жаңа заңдағы арнайы көрсету бойынша өз күшін жойған заңның жекелеген мəселелерге қатысты күшін сақтап қалуы.
2. Нормативтік актілердің кеңістіктегі күші олар таралатын аумақпен анықталады. Мемлекеттің аумағы ретінде мемлекеттік шекаралар ішіндегі оның құрғақ жəне су кеңістігі, олардың үстін-дегі ауа кеңістігі, жер қойнаулары, сонымен қатар, шетелдердегі елшілік өкілдіктердің аумақтары, ашық теңіздегі əскери жəне сауда кемелері, мемлекеттің аумағынан тыс жерлерде ұшып жүрген ұшақтар танылады. Бұл мəселені қарастыру кезінде мы-наны ескерген жөн: заңның белгілі бір кеңістікке немесе тұл-ғаларға таралмау тəртібі эксаумақтық деп аталады.
3. Заңның тұлғалар шеңбері бойынша күші нормативтік талап-тардың белгілі бір актінің əрекет ету аумағындағы барлық тұлға-ларға таралуын білдіреді. Алайда, бұл ережеден де ауытқушы-лықтар бар:
а) мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, елшілік жəне консулдық өкілдіктердің қызметкерлері эксаумақтық құқығына ие жəне оларға қылмыстық заңнаманы жəне əкімшілік құқықбұзушы-лықтар туралы заңнаманы бұзғандығы үшін жауапкершілік жəне мемлекеттік мəжбүрлеу шаралары қолданылмайды;
ə) кейбір нормативтік актілер, мысалы, қылмыстық жауапкер-шілікті көздейтін актілер, азаматтарға, олардың қай жерде жүр-геніне жəне олардың шетелдік заңнама нормаларына сəйкес жа-заны өтегеніне қарамастан, таралады;
б) мемлекет аумағында өмір сүруші шетелдік тұлғалар мен азаматтығы жоқ тұлғалар құқықтар мен міндеттердің кең шең-берін пайдаланатынына қарамастан, кейбір жағдайларда құқықтар мен міндеттерді иелене алмайды. Мысалы, олар қарулы күштер қатарында борышын өтемейді, мемлекеттік билік органдарына сайлана алмайды жəне сайлауға қатыса алмайды.
№ 24 кесте Құқықтың қайнар көздері – мемлекеттен туындайтын немесе онымен танылатын, құқық нормаларын айқындайтын жəне бекітетін, оларға заңдық, жалпыға міндеттілік мəн беретін ресми құжаттық нысандар Құқықтың қайнар көздерінің түрлері- нормативтік құқықтық актілер; - санкцияланған əдет-ғұрыптар; - заңды прецедент; - құқықтың жалпы қағидалары; - діни мəтіндер.
