Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
К печати ТММ дріс.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3.4. Эвольвентті ілінісудің элементтері мен қасиеттері.

Бұл сұрақта доңғалақтың ілінісінде болатын, ал доңғалақты ілінісуден ажыратсақ жоқ болып кететінілінісу элементтері қаралады (3.5-ші сурет). Бұл элементтерге жататындар:

Осьаралық қашықтық – бұл доңғалақтыңцентрлері O1 және O2 арасын-дағы қашықтық. Ілінісу полюсыП (пи) – бұл радустары және доңғалақ шеңберінің центроидтарының түйісу нүктесі, эвольвентті ілінісуде бастапқы шеңбер деп аталады. Ілінісудің теориялық сызығы – бұл қозғалмайтын жазықтықта белгіленген, тіс профилдерінің лездік түйісу нүктелерінің геометриялық орны. Қозғалысты беру процессі келесі жолмен жүреді: тістің бір жұбының профилібелгілі бір уақыт бойында бір бірімен түйісіп тұрады, яғни имеют ортақ нормалы болады. Эвольвентаның бірінші қасиетіне сәйкес, оған жүргізілген нормаль негізгі шеңберге жанама болады, ал бір бірімен түйісетін профилдер үшін екінегізгі шеңберге де жанама болады. Сондықтан берілген профилдерге түйісу нормалы тек біреу болады жәненегізгі шеңберге ортақ жанама болады, сонымен түзу ілінісу сызығын құрайды. Доңғалақтың геомет-риялық өлшемдерін ескерсек, ілінісу сызығы тек бір аралықта қана қозғалысты беруге қоланылады, бұл төбе шеңберімен қиылысу нүктелерінің арасы (3.5- ші сурет). Бұл зона активті ілінісу сызығы деп аталады. Оның шекарасы 3.5-ші суретте және нүктелерімен белгіленген.

3.5- ші сурет

Ілінісу бұрышы – бұл ілінісу сызығы мен ілінісу полюсы арқылы жүргі-зілген негізгі шеңберге ортақ жанама арасындағы бұрыш.

Түйiндескен (немесе жұпты) нүктелер – бұл ілінісу сызығында бір бірімен жанасатын тістің профилінің нүктелері.

Радиалды саңылау– бұл бірінші доңғалақтың төбе шеңбері мен екінші доң-ғалақтың ойық шеңберімен осьаралық сызықтың қиылысу нүктелері арасын-дағы қашықтық.

Ілінісу қасиеттері.

1) беріліс қатынасы ілінісудің барлық фазасында тұрақты, себебі ол негізгі шеңбер радиустары арқылы өрнектеледі. Дәлелдеу үшін ұқсас тік үшбұрыш-тарды (3.5-ші сурет) және пайдаланып, келесі теңдеуді құра-мыз:

.

2) беріліс қатынасы осьаралық қашықтықтың өзгеруіне тәуелді емес.

3) эвольвентті профильдің дұрыс ілінісуі,тек ілінісу сызығы бойында қана болады,себебі бұл аралықта түйісетін эвольвентті профильдің ортақнормалы болады.

4) бір модульды эвольвентті доңғалақтың толық өзара алмасымдылығы болады, яғни дұрыс ілінісу құра алады.

3.5. Эвольвентті ілінісудің сипаттамалары. Қосарлама коэффициентi.

Қосарлама коэффициентi дегеніміз активті ілінісу сызығының ұзындығы-ның тісті доңғалақтың негізгі қадамына қатынасы, келесі қатынаспен анықта-лады:

.

Тісті ілінісудегі беріліс төмендегідей жолмен жүреді: алдыңғы тіс жұбы ілі-нісуден шығар кезде (контактадан), келесі тіс жұбы ілінісуге кіруі керек (контак-таға).

3.12-ші сурет

Тіс жұбы ілінісуге ерте кірген сайын, беріліс жақсы жұмыс iстейдi. Бұл сапа-ның сандық сипаттамасы болып қосарлама коэффициентi саналады, яғни ол тісті берілітің жақсы жұмыс жасауын сипаттайды. Көп жағдайда қосарлама коэффициентiнің шамасы 1 мен 2 арасында болады, минимал шамасы 1,1-ден кем болмауы керек. Активті ілінісу сызығының ұзындығының тісті доңға-лақтың негізгі қадамына қатынасы схема түрінде 3.12-ші суретте көрсетілген. Тіс профилдерінің түйісу нүктесі активті ілінісу сызығының бойымен, нүкте-сінен нүктесіне қарай қозғалады. Негізгі қадам активті ілінісу сызығынан қысқа, сондықтан осы сызықтың аралығында бір немесе екі тіс жұбы жұмыс жасайды. Егер 3.12-ші суретте көрсетілгендей, негізгі қадамды pb нүктесі-нен нүктесіне қарай салсақ, онда кесіндісі үш бөлікке бөлінеді. Екі шеткі бөлігі тістің екі жұпты ілінісуіне сәйкес келеді, ал ортадағы -бір жұпты ілінісу зонасына жатады. Ортадағы зона қысқа болған сайын, тісті беріліс жақ-сы жұмыс жасайды, себебі екі шеткі участоктың ұзындығы артады.