Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
К печати ТММ дріс.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1.5. Артық (қайталанатын) байланыс және механизмдегі жергілікті қозғалыс.

Механизмдегі қозғалысты өзгерту заңына әсер ететін қозғалыс пен байла-ныс шарттарымен қатармеханизмде бұл заңдарға әсер етпейтін қозғалыс пен байланыс шарттары болады. Бұндай байланысты артық, ал қозғалысты –жергілікті қозғалыс,немесееркіндік қозғалу мүмкіндігінің артық дәрежесі деп атайды. Бір артық байланыс есептік қозғалысты бірге азайтады, албір жергілікті қозғалыс бірге арттырады.

1.8-ші суретте қарама қарсы жақтары тең (атауы осыған байланысты) шар-нирлі параллелограмм механизмі көрсетілген. Бұл механизмнің есептік мүм-кіндік қозғалу дәрежесі:

Бұл звеноларда қозғалыс жоқ, яғни бұл механизм емес, ферма болып сана-лады. Бұл жерде звенолардың қозғалысы, мысалға 1-ші звено жетекші болған жағдайда болады, яғни нақты қозғалыс:

2 және 4-ші звено бір функцияны атқарады, 3-ші звеноға қозғалысты береді. Структура тұрғысынан қарасақ, бұл звенолардың бірін (мысалы, 4-ші звено) артық байланыс деп есептеуге болады.

1.8-ші сурет 1.9-шы сурет

Егер жұдырықшалымеханизмнің қозғалу мүмкіндігін есептесек (1.9-шы сурет), онда , яғни бұл механизмде екі жетекші звено болуы керек, бұл мүмкін емес, себебі .

Бұл жағдайда жергілікті қозғалыс болып роликтің 2 итергішке 3 қатысты айналуы саналады. Бұл қозғалыс механизмдегі қозғалысты өзгертуге қатыс-пайтын болғандықтан, ол еркіндік қозғалу мүмкіндігінің артық дәрежесі болып саналады. Мұнда бұл қозғалыс сырғымалы үйкелісті жылжымалы үйкеліске алмастыру үшін қажет.

Механизмніңструктуралық анализін жасаған кезде артық байланыс пен жергілікті қозғалыстар алынып тасталуы керек.

Бақылау сұрақтары:

1. машина, механизм дегеніміз не, олардың айырмашылығы?

2. механизмнің звеносы дегеніміз не?

3. кинематикалық жұпдегеніміз не?

4. жазықкинематикалық жұптың классификациясы?

5. кинематикалықтізбек дегеніміз не?

6. жазық механизмнің қозғалу мүмкіндігі қалай есептеледі?

7. механизмнің қозғалу мүмкіндігініңфизикалық мағанасы?

8. артық байланыс дегеніміз не?

9. жергілікті қозғалу мүмкіндігі (еркіндіктің артық дәрежесі) дегеніміз не?

10. Л.В. Ассурдың механизмді құру структурасының принципі?

11. бастапқы механизм дегеніміз не?

12. Ассургруппасы дегеніміз не, Ассургруппасының классификациясы?

13. механизмнің құрылым формуласы дегеніміз не?

14. механизмнің классификациясы?

15. жоғарғы кинематикалық жұпты төменгімен қалай алмастырады?

2. Тісті механизмнің кинематикасы

Тісті механизмдер күштерді бір мезгілде түрлендіру арқылы айналмалы қозғалысты түрлендіру үшін пайдаланылады.

2.1. Берiлiс қатынасы туралы ұғым

Тісті механизмнің айналмалы қозғалысты түрлендірудің негізгі сипаттамасы, бұл беріліс қатынасы -механизмніңжетекші звеносының бұрыштық жылдам-дығының немесе айналыс жиiлiгiнің механизмніңжетектегі звеносының бұ-рыштық жылдамдығына немесе айналыс жиiлiгiне қатынасы.

Беріліс қатынасы индекісі бар латын әрпімен « » белгіленеді. Индекстер көрсетеді:1-ші индекс қай доңғалақтан екенін, ал 2-ші индексқай доңғалаққа есептелетінін. Мысалы, 1-шідоңғалақтан 2-ші доңғалаққа қатысты беріліс қатынасы есептелетінінкөрсетеді.Анықтама бойынша:

немесе , .

болғандықтан, , және тең болады.

Егер механизмдеберіліс қатынасыбірден артық болса, онда жетекші доң-ғалақтың бұрыштық жылдамдығы, жетектегі доңғалақтан артық болады, бұн-дай механизм редуктор деп аталады.Қарсы жағдайда механизм мультипли-катор деп аталады. Машина жасау саласында редуктор көп жағдайда маши-наның орындаушы органдарының қозғалысының жылдамдығын азайту қажет-тілігіне және оларға жүктемені көбейтуге байланысты қолданылады. Мульти-пликатораз қолданылады және күштік қондырғыға жатпайды.

Жетекші және жетектегі доңғалақтың айналу бағыты сәйкес болса, онда бе-ріліс қатынасының таңбасы оң болады, яғни , егерайналу бағыты сәй-кес болмаса, онда .