- •22. Атаксия түрлері
- •27.Энцефалиттер
- •28 Экономоның эпидемиялық энцефалиті
- •29.Миелиттер
- •30.Полиомиелит
- •31. Ми қан тамырлары зақымдануларының жіктелуі
- •II. Ми қан айналысы бұзылуының сипаты:
- •III. Мидағы зақымдану ошақтары:
- •IV. Ми қан тамырлары өзгерістерінің орналасуы мен сипаты.
- •32.Ишемиялық инсульт
- •33 Геморрагиялық инсульт
- •35 Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары
- •37 Жедел ми қан айналысы бұзылуын дифф емдеу
- •II. Тыныс алу функциясын реттеуге арналған дәрі-дәрмектер.
- •V. Тамыр кеңітетін дәрі-дәрмектер.
- •41 Үшкіл нерв невралгиясы
- •42 Бет нервісінің невриттері мен невропатиялары
- •38 Полиневриттер мен полиневропатиялар
- •39 Шұғыл қабыну полиневропатиясы (Гийен-Барре синдромы)
- •43Бел-сегізкөз остеохондрозыньщ неврологиялық көріністері
- •57 Миотония синдромы бар тұқым қуалайтын нерв-бұлшық ет аурулары
- •55 Жұлындағы пирамида жолдары мен мишықты басым зақымдайтын аурулар
- •14.1. Этиологиясы
- •14.2. Патогенезі
- •14.5. Диагностикасы
- •14.6. Емдік шаралар
- •58 Сирингомиелия
- •48 Шашыраңды склероз
- •51 Бүйірлік амиотрофиялық склероз
- •53.Жұлындық және невралдық амиотрофиялар
27.Энцефалиттер
Энцефалиттер мен менингоэнцефалиттер — нерв жүйесі ауруларының жиі кездесетін түрлерінің бірі.
М, П. Цукердің (1973) ұсынысы бойынша энцефалиттер үш топқа бөлінеді:
I. Біріншілік вирустык энцефалиттер.
А. Вирусы белгілі энцефалиттер:
1) арбовирусты маусымдық: көктем-жаздық (кенелік, шотландық), жаз-күздік энцефалиттер (масалық, американдық, австралиялық, жылқы энцефаломиелиті);
2) маусымы толық анықталмаған біріншілік вирустық (Коксаки және ЕСНО) энцефалит (герпес және тұмау вирустарынан, құтыру ауруынан болатын энцефалиттер).
Б. Вирусы белгісіз біріншілік Экономоның эпидемиялық энцефалиті, балаларда жылдың әр мезгілінде болатын энцефалиттер (құрама топ).
II. Инфекциялы-аллергиялық және аллергиялық энцефалитгер:
1) параинфекциялық энцефалиттер мен энцефаломиелиттер (қызылша, шешек және қызамықтан болатын энцефалитгер, т.б.);
2) вакцинациялық энцефалиттер мен энцефаломиелиттер (шешекке қарсы вакцинацияларда кездесетін энцефалит пен энцефаломиелит, екпелерден кейін болатын энцефалиттер мен энцефаломиелиттер);
3) антирабиялық энцефалитгер мен энцефаломиелиттер;
4) миелинсіздендіретін энцефалиттер (лейко- және панэнцефалит, шашыранды склероздың балаларда кездесетін түрлері);
5) ревматизм жөне басқа коллагенездерден болатын энцефалиттер;
6) туберкулостатикалық энцефалитгер мен арахноэнцефалиттер.
III. Микробтық және рикетсиялық энцефалиттер мен энцефаломиелиттер:
1) біріншілік энцефалиттер (нерв жүйесінің сифилисі, бөртпе сүзектен болатын энцефалит).
2) екіншілік энцефалиттер (стафилококктық, стрептококктық, маляриялық, токсоплазмоздық, әр түрлі микробтық рикетсиялық аурулардан болатын энцефалитгер).
Сонымен қатар энцефалиттер патологиялық үрдістің таралуына байланысты бөлінеді. Олар:
1) панэнцефалит (мидың барлық бөліктеріне таралатын қабыну үрдісі);
2) сұр затты басымырақ зақымдандыратын ошақты полиэнцефалит;
3) ақ затты арнайы зақымдандыратын лейкоэнцефалит;
4) ми мен жұлынды зақымдандыратын шашыранды энцефаломиелит.
Кейде мидағы кең таралымды (диффузды) өзгерістермен қатар, гипоталамус (диэнцефалит), ортаңғы ми (мезэнцефалит), сопақша ми (энцефалиттің булбарлық түрі), жұлынның алдыңғы мүйізі (полио-миелиттік түр), нерв түбірлері мен нервтер (полирадикулоневриттік түр), ми қабы (менингеалдық және менингоэнцефалиттік түрлері) басымырақ зақымдатындығы байкалады.
Этиологиялық факторлардың әр қилылығы клиникалық ағым мен ауру салдарының әр түрлілігіне себепші болады. Бірақ кейбір жалпы клиникалық белгілер энцефалиттердің барлық түрлеріне тән.
1. Ауру жалпы милық симптомдардың (бас ауыруы, лоқсу, құсу, бас айналу) шұғыл немесе созылынқы дамуынан басталады. Олардың пайда болуынан бұрын көбінесе жалпы инфекциялық продрома (дімкәстік, жұтқыншақ ауыруы, буындар сырқырауы, іштің бұзылуы) болады.
2. Екіншілік энцефалит негізгі аурудың әр түрлі даму кезеңдеріңде, яғни оның басталуынан бірнеше күн, апта немесе тіпті айлар өткенде пайда болуы мүмкін.
3. Шұғыл кезеңнің алғашқы сағаттарында, кейде алғашқы тәуліктердің соңында нерв жүйесінің зақымдану белгілері білінеді. Олардың көрінісі біркелкі емес. Мысалы, кене және маса энцефалиттерінде өрескел ошақты симптомдар (парездар, салдар, атаксия, діріл) пайда болса, ал туберкулез бен сифилистік менингоэнцефалиттер кезінде патологиялық үрдіс бас сүйек-ми нервтерін (III, VI, И, VII жұптар) қамтиды.
4. Қан мен ми-жұлын сұйығындағы өзгерістер. Көптеген энцефалиттерде (кене, маса, малярия, тұмау) нейтрофильдік ауытқитын лейкоцитоз немесе, керісінше, лимфоцитозды лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы байқалады.
Ликворды тексерудің диагностикалық мәні аса зор. Сонымен қатар ондағы өзгерістер энцефалиттердің әр түрлерінде біркелкі болмайды. Кене, маса энцефалиттеріне белоктың аздап көбеюі мен плеоцитоз тән. Тұмау және маляриялық энцефалиттерде ми-жұлын сұйығының құрамы өзгермегенімен, оның қысымы көтеріледі. Тек, өте ауыр жағдайларда аздаған лимфоцитарлық плеоцитоз бен гиперальбулиноз болуы мүмкін.
5. Энцефалиттердің әр түрін саралап ажыратуға бактериологиялық, вирусологиялық және серологиялық тексерістер ерекше көмегін тигізеді. Көпшілік жағдайда аталған тексерістер нәтижесінде энцефалиттің пайда болу себебін анықтауға болады. Бірақ, энцефалитке душар қылатын нейротроптық вирустар анықталмаған, ал серологиялық және вирусологиялық тексерістерді уақытында жүргізу мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан энцефалиттердің этиологиясын іс жүзінде аурулардың аздаған бөлігінде ғана (жобамен 25—30 %) білуге болады.
6. Энцефалиттің клиникасына ұқсайтын көріністер әр қилы экзо-және эндогендік уланулар мен қан тамыр ауруларында болуы да ықтимал. Энцефалопатияның көпшілігі қант диабеті, бауыр, бүйрек және өкпе ауруларын, атеросклерозды, артериялық гипертонияны асқындырады. Мұндай жағдайларда ауру негізгі аурудың декомпенсациялық кезеңінде басталады да, дене қызуы көтерілмейді, ликвордың құрамы өзгермейді.
Энцефалитгің әр түріне тән клиникалық белгілерді білудің диагностикалық маңызы зор.
