- •22. Атаксия түрлері
- •27.Энцефалиттер
- •28 Экономоның эпидемиялық энцефалиті
- •29.Миелиттер
- •30.Полиомиелит
- •31. Ми қан тамырлары зақымдануларының жіктелуі
- •II. Ми қан айналысы бұзылуының сипаты:
- •III. Мидағы зақымдану ошақтары:
- •IV. Ми қан тамырлары өзгерістерінің орналасуы мен сипаты.
- •32.Ишемиялық инсульт
- •33 Геморрагиялық инсульт
- •35 Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары
- •37 Жедел ми қан айналысы бұзылуын дифф емдеу
- •II. Тыныс алу функциясын реттеуге арналған дәрі-дәрмектер.
- •V. Тамыр кеңітетін дәрі-дәрмектер.
- •41 Үшкіл нерв невралгиясы
- •42 Бет нервісінің невриттері мен невропатиялары
- •38 Полиневриттер мен полиневропатиялар
- •39 Шұғыл қабыну полиневропатиясы (Гийен-Барре синдромы)
- •43Бел-сегізкөз остеохондрозыньщ неврологиялық көріністері
- •57 Миотония синдромы бар тұқым қуалайтын нерв-бұлшық ет аурулары
- •55 Жұлындағы пирамида жолдары мен мишықты басым зақымдайтын аурулар
- •14.1. Этиологиясы
- •14.2. Патогенезі
- •14.5. Диагностикасы
- •14.6. Емдік шаралар
- •58 Сирингомиелия
- •48 Шашыраңды склероз
- •51 Бүйірлік амиотрофиялық склероз
- •53.Жұлындық және невралдық амиотрофиялар
28 Экономоның эпидемиялық энцефалиті
Экономоның эпидемиялық энцефалтін (летаргиялық, қысқы, А энцефалиті) 1917 жылы Австралия дәрігері К. Экономо сипаттап жазған.
Этиологиясы мен эпидемиологиясы. Қоздырғышы — сүзілетін (фильтрацияланатын) вирус. Ол әзірше бөлініп алынбаған. Вирус ауырған адамда сақтальш қалуы ықтимал. Ауру ауа арқылы жұғады.
Энцефалитгің вирусы өзінің вирулентігін бірнеше жыл бойы жоймайды. Көбінесе 20 мен 40 жас аралығындағы адамдар ауырады. Ауру қаңтар мен ақпан айларында аса көп тарайды. Инфекцияны энцефалитпен ауырғандар мен дені сау вирус сақтағандар таратады.
Патогенезі. Вирустың нерв жүйесіне кіру жолдары жеткілікті зерттелмеген. Әуелі вирусемия, соңынан вирус периневралдық кеңістіктер арқылы миға жететіндігі жөнінде жорамалдауға болады.клеткалар болады), белок пен қант орта дәрежеде көбейеді. Ликвор қысымы жоғарылайды. Ауру әдетте сауығып кетеді, өлім-жітім болмайды.
Ағымы. Кене энцефалиті прогредиентті түрде өтеді. Шұғыл кезең өтісімен, кейде булбарлық салданудың күшеюі арқылы білінетін симптомдардың біртіндеп үдейтіңдігі байқалады, ал кейбір жағдайларда бұлшық ет семуі мен босаң салданудың басқа да белгілері күшейе түседі. Кожевников эпилепсиясында болатын құрыспа ұстамалар жиілей түседі. Басқа жағдайларда шұғыл кезең аяқталған соң әрі қарай үдемейтін резидуалдық құбылыстар сақталады.
Профилактикасы. Кене энцефалитінің алдын алу жеке және ұжымдық шаралардан тұрады. Жеке профилактикалық шаралар кененің жабысуынан қорғануға (арнайы киім), ішкі киімдерге "К" сабынының 5 % ерітіндісін сіндіру, ментол, камфора, скипидар сіңірілген Павловский торын қолдану, дененің ашық жерлеріне иісі ұнамсыз нәрселерді жағу, өзін-өзі және өзара тексеруге бағытталған.
Ұжымдық профилактика шаралары кенелерді құртуды, жергілікті тұрғындар мен эпидемиялық ошаққа баратын адамдарға арнайы вакцинация жүргізуді талап етеді.
Өлтірілген вакцинамен вакцинациялауда 1 мл вакцина тері астына жіберіледі, бір айдан кейін осы доза қайталанады, үшінші рет вакцинация орманды жерге аттануға бір ай қалғанда жүргізіледі. Осымен вакцинация аяқталады. Егер кене адамды шақса, онда профилактика ретінде энцефалитке қарсы бұлшық етке гамма-глобулин жіберіледі.
Емдеу шаралары. Аурудың шұғыл кезеңінде сырқаттарға улану белгілері жойылғанша төсек тартып жату қажет.
Ұсынылатын дәрі-дәрмектер: 3 күн қатарынан 6,0 мл-ден кене энцефалитіне қарсы гамма-глобулин немесе 2 күн қатарынан 1,5 мл-ден қызылшаға қарсы гамма-глобулин, тәулігіне 6 рет 4 күн бойы 30,0 мг-нан рибонуклеаза бұлшық етке жіберіледі.
Вирустық энцефалиттердің ауыр түрлерінде экзогендік интерферон қолданылады. Ол - вирусты клеткаға жібермейтін ақ зат. Сонымен қатар организмдегі табиғи интерферонның өндірілуіне түрткі болатын заттарды (продигиозан) да пайдалануға болады.
Қосымша инфекциялардың алдын алу үшін кең спектрлі аитибиотикгер, уротропин және десенсибилизациялайтын препаратгар (димедрол) тағайындалады.
Құрыспа ұстамалар пайда болғанда бұлшық етке люминал немесе бензонал, сонымен қоса құймалы (литикалық) қоспа (2,5 %-дық 1 мл аминазин, 2,5 %-дық 1 мл димедрол, 1%-дық 2 мл новокаин), булбарлық өзгерістер болған жағдайда тыныс алу орталығын қоздыратын дәрілер (лобелин, цититон т.б.), дегидратациялау мақсатымен бұлшық етке 25%-дық 10,0мл күкірт қышқылды мангезий, венеға 10%-дық 10 мл хлорлы натрий, т.б. қолданылады.
