- •22. Атаксия түрлері
- •27.Энцефалиттер
- •28 Экономоның эпидемиялық энцефалиті
- •29.Миелиттер
- •30.Полиомиелит
- •31. Ми қан тамырлары зақымдануларының жіктелуі
- •II. Ми қан айналысы бұзылуының сипаты:
- •III. Мидағы зақымдану ошақтары:
- •IV. Ми қан тамырлары өзгерістерінің орналасуы мен сипаты.
- •32.Ишемиялық инсульт
- •33 Геморрагиялық инсульт
- •35 Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары
- •37 Жедел ми қан айналысы бұзылуын дифф емдеу
- •II. Тыныс алу функциясын реттеуге арналған дәрі-дәрмектер.
- •V. Тамыр кеңітетін дәрі-дәрмектер.
- •41 Үшкіл нерв невралгиясы
- •42 Бет нервісінің невриттері мен невропатиялары
- •38 Полиневриттер мен полиневропатиялар
- •39 Шұғыл қабыну полиневропатиясы (Гийен-Барре синдромы)
- •43Бел-сегізкөз остеохондрозыньщ неврологиялық көріністері
- •57 Миотония синдромы бар тұқым қуалайтын нерв-бұлшық ет аурулары
- •55 Жұлындағы пирамида жолдары мен мишықты басым зақымдайтын аурулар
- •14.1. Этиологиясы
- •14.2. Патогенезі
- •14.5. Диагностикасы
- •14.6. Емдік шаралар
- •58 Сирингомиелия
- •48 Шашыраңды склероз
- •51 Бүйірлік амиотрофиялық склероз
- •53.Жұлындық және невралдық амиотрофиялар
35 Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары
Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары кезінде ми зақымдануының белгілері бірнеше минут, сағат (тәулік соңына дейін) өткен соң тегіс жойылады. Олардың пайда болуына кіші-гірім қан құйылулар (плеториялық форма), аздаған жібу ошақтары (ишемиялық форма) жөне гипертониялық криздер әсер етеді.
Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары атеросклерозбен, қант диабетімен, әр түрлі себептерге байланысты болатын васкулиттермен, жүрек және қан ауруларымен ауыратын және қанның артериялық қысымы көтеріле беретін адамдарда, қан тамырларының түрлі аномалиялары (ауытқулары) бар сырқаттарда жиі кездеседі.
Ми қан айналысының өткінші бұзылу патогенезінде қан тамырларының атеросклероздан тарылып және бітеліп қалуынан пайда болатын ми қан тамырларының кемшілігіне, олардың патологиялық иірілулері мен бүгілулеріне, артерия қысымының тұрақсыздығына, ангаоспазмге (қан тамырларының ширығып қысылуы) және жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушіліктеріне аса мән беріледі. Олардың пайда болып, дамуына бастың ірі қан тамырларынан (магистралдық) және шеткі қан тамырлардан келетін микроэмболиялар ерекше әсер етеді. Қанның реологиялық және физикалық, химиялық қасиеттерінің өзгерістері мен ірі қан тамырларыңдағы атеромотоздық беріштердің ойыла желінуі олардың негізгі себептері болуы мүмкін.
Жоғарыда келтірілген РМҒА-ның неврологая институты ұсынған жіктеу бойынша ми қан айналысының өткінші бұзылымдары гипертониялық криздер мен өткінші ишемиялық талмаларға бөлінеді.
Гипертониялық криз гапертониямен ауыратындарда кездеседі. Оған эмоционалдық стресстер, ауыр дене еңбегі, маскүнемдік және басқада, факторлар қозғау болады.
Патологиялық-анатомиялык, өзгерістер мидың ісінуімен, ми қан тамырларының қанға толуымен және микрогеморрагиялармен сипатталады. Гистологиялық тексерістер нәтижесіңде қан тамырларының кебінуі, оларға плазманың сіңуі, плазморрагиялар, микроаневризмалар және диапедездік периваскулярлық геморрагиялар байқалады.
Гипертониялық криздің клиникалық сипатында бас сүйек қуысы ішіне орналасқан қан арнасы қанға аса мол толуына және ондағы ткандердің ісінуіне немесе ми қан тамырларының жиырыла қысылуына байланысты жалпы милық симптомдар басым болады.
Ең алдымен шүйде аймағында анығырақ сезілетін іштен керней таралатын бас ауырулары білінеді. Олармен қатар көбінесе бастың шулауы, жүйесіз бас айналу, лоқсу, кейде құсу тәрізді жалпы милық симптомдар байқалады. Мұндайда сырқаттарда вегетативті қан тамырлық бүлінулер де байқалады. Олар беттің қуқыл тартуы немесе қызаруы, жүрек соғуының жиілеуі, жүрек тұсының ауыруы, ауыздың құрғауы, т.б. белгілер арқылы білінеді. Естің жеңіл түрде бұзылуы (есеңгіру, шатасу, бағытын ажырата алмау, ұйқышылдық) мүмкін. Кейде психомоторлық қозу, өткінші амнезия және аз уақыт естен тану болуы да ықтимал.
Гипертониялық криз кезінде бет асимметриясы, сіңірлік анизо-рефлексия, көз аясының өзгеруі, сезімділік бұзылымдары, т.б. аз білінетін ошақтық симптомдар жиі анықталады. Сырқаттар субъективті түрде фотопсия, диплопия болғанын және көздің көруі біршама төмендегендігін байқайды.
Өткінші ишемиялық ұстамалар көбінесе атеросклероз, артериялык гипертония немесе олардың қабаттасуы кезінде байқалады және әдетте ми қан айналысы созылмалы түрде бұзылуынан ми қызметінің өзгеруіне байланысты пайда болады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер магистралдық қан тамырларының атеросклерозы мен ми тканіндегі аздаған ишемиялық инфарктер, кейде микроэмболиялар арқылы белгі береді.
Клиникалық сипатында қан тамырларында қан ағымының кемуіне байланысты ошақтық неврологиялык симптомдар басым болады.
Ішкі ұйқы артериясы қанмен қамтитын аймақта болатын өткінші ишемиялық ұстама патологиялык ошаққа қарама-қарсы жақтағы қол немесе аяқтағы тұрақсыз парез бен сезімділіктің бұзылғандығы арқылы білінеді. Сонымен қатар сөйлеу мүмкіндігі, көру қабілетінің уақытша бұзылуы да мүмкін.
Вертебралды-базиллярлық жүйе арқылы канмен қамтамасыз етілетін субтенториялық кеңістік пен жарты шарлардың артқы бөліктеріне орналасқан құрылымдарда болатын өткінші ишемиялық ұстамаларға синкопалдық жағдай (талу), бас айналу, тепе-теңдік бұзылуы, атаксия, нистагм, кейде диплопия, фотопсия, гомонимдік гемиапсия тән. Жалған булбарлық немесе булбарлық синдромдар білінумен бірге кейде амнестикалық бұзылымдар да байқалуы мүмкін. Сонымен қатар гипертониялық криздерге қарағанда солғындау білінетін жалпы милық симптомдар пайда болуы ықтимал.
Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары көбінесе омыртқа мен негізгі артериялар жүйесінде, сирегірек ұйқы артериялары жүйесінде байқалады. Соңғысының болжамы нашарырақ.
Ұстамалардың өту мерзіміне қарай ми қан айналысы өткінші бұзылымдарының ауырлық дәрежесі үшке бөлінеді:
1) 10 минуттан кейін қалпына келетін жеңіл бұзылымдар;
2) 10 минутган бастап, кейде бірнеше сағатқа созылатын, бірақ 24 сағат ішінде тегіс қалпына келетін орташа бұзылымдар;
3) жеңіл-желпі ошақтық симптомдар (бет бұлшық еттері инневациясының асимметриясы, тілдің аздап ауытқуы, анизорефлексия және оралдық автоматизм) түрінде 24 сағат өткенде сақталатын ауыр бұзылымдар.
Ми қан айналысының өткінші бұзылымдарының жиі (жылына 3 және одан да көп), сирек (жылына 3 реттен аз) және өте сирек (жылына екі реттен аспайтын) кездесетін түрлері болады. Ми қан айналысының өткінші бұзылымдарын анықтау кезінде жедел тамырлық ми ақауларына себеп болатын ауруларды ескерген жөн. Ұйқы артериясының пульсациясы, оның үстінен немесе көз қуысы аймағында аускультация көмегімен анықталатын шуыл, офтальмоскопия арқылы білінетін тамырлық ретинопатия мен көздің тор қабығы тамырларындағы эмболия белгілерінің маңызы өте зор.
Диагностикада реоэнцефалографиялық зерттеу мен ультрадыбыстық допплерография көрсеткіштерінің, қан ұйыту мен оған қарсы жүйелер жөніндегі мәліметтердің біршама пайдасы бар. Ми қан айналысының өткінші бұзылымдарына байланысты мида кіші-гірім ишемиялық немесе геморрагиялық ошақтар жиі пайда болады. Оларды компьютерлік немесе магнитті-резонанстық томография көмегімен анықтауға болады.
Емдеу. 5-10 күндей тыныштық жағдайда болуы керек. Аурудың пайда болу себептеріне қарсы және патогендік ем ретінде эуфиллин (диафиллин), стугерон (циннаризин), инстенон, қажет жағдайда гипотензивтік дәрілер тағайындалады. Ишемиялық үрдісте кавинтон, трентал, ацетилсалицил қышқылы, атероид, продектин және басқа антиагреганттар мен ангаопротекторларды қолданған жөн. Жүректің соғу ырғағын қалыптастыру үшін кардиотоңдық дәрілерді (кардиамин, камфора майы, коргликон, новокаинамид, т.б.) пайдаланған дұрыс.
