Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
невро 2 денгей.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

37 Жедел ми қан айналысы бұзылуын дифф емдеу

Ми инсульттері шұғыл шаралар қолдануды қажет етеді. Ең алдымен сырқатты шалқасынан жатқызып, басын оңға бұру керек те, қан қысымы мен тамыр соғуы жиілігін анықтаған жөн. Алғашқы сағаттарда инсульттің сипатын анықтауға мүмкіндік бола бермейтіндіктен емдеу шаралары дифференцияланбаған және дифференцияланған болып бөлінеді.

Дифференцияланбаған емдеу шаралары тіршілік үшін аса маңызды функцияларды (тыныс алу, жүрек-тамыр қызметі, гомеостаз) қалпына келтіруге арналған. Сонымен қатар пневмония, тромбоэмболия және ойық жаралардың алдын алу қажеттігі туындайды. Егерде сырқаттың зәрі жүрмей қалса, қуыққа катетер кіргізіледі.

I. Жүрек қызметін реттеуге арналған дәрі-дәрмектер.

Жүрек қызметі әлсірегенде тәулігіне бұлшық етке 2—3 рет 1—3 мл кордиамин, тері астына 4—5 рет 20%-дык 2 мл камфора майы жіберіледі. Жыбырлағыш аритмияда бұлшық етке 0,05 %-дық 1 мл строфантин, 1 %-дық 5 мл новокаин ертіндісіне қосылған 0,06 %-дық 0,5—1 мл коргликонды жіберіп, нәтиже болмаса, қайталайды. Пароксизмалдық тахикардияда 10 мл физиологиялық ерітіндімен араласқан 10 %-дық 5—10 мл новокаинамидты баяу жылдамдықпен венаға құяды, атрио-вентрикулярлық блокадада тері астына 0,5 %-дық 1-2 мл атропинді жібереді, кейде эфедринді қолданады. Коллпас кезінде 1 %-дық 1—2 мл мезатон немесе 1—2 мл норадреналинді 500 мл физиологиялық ерітіндіге қосып, не 5 % глюкозаны, кортико-стероид-тарды (гидрокортизон, минутына 20—40 тамшы гексаметазон) тамшы түрінде венаға қүяды.

II. Тыныс алу функциясын реттеуге арналған дәрі-дәрмектер.

Ең алдымен тыныс жолдары тазартылады (шырышты сору, тілі түсіп кеткенде иекті алға тарту). Шырын бөлінділерімен тыныс жолдары бітелгенде, өкпе ісінгенде науқасты етпетінен жатқызып, төсектің аяқ жағын көтеріп, 96-градустық 2-3 мл спиртті кеңірдегіне құю керек.

Тынысы тарылып дем алысы тоқтап қалғанда, интубация, аспирациялық массаны сорып альш, трахеостомия және дем алдыру аппараты арқылы дем алдыруға тура келеді. Бұлшық етке 1 %-дық 1 мл лобелин, 1%-дық 1 мл цититон және 5 %-дық 0,5 мл субехолин жіберіледі. Гипервентиляция болса, димедрол тағайындайды. Карбогенді немесе газа отгегімен (5% СО2 + 95% О2) аз уақыт ингаляция жасауға (тамағын булау) болады.

III. Гипотензивтік дәрі-дәрмектер.

Артерия қысымы күрт жоғарыласа (сынап бағанынан 200 мл жоғары), венаға баяу 20 % глюкоза ерітіндісіне қосылған 5 %-дық 1,0 мл пентамин, бұлшық етке 2 %-дық 1 мл бензогексоний жіберіледі. Екеуі де артерия қысымын бақылау жағдайында қолданылады. Артерия қысымы көтерілгенде, тәулігіне 2—3 рет 0,05-1% диколин жұтқызылады. Пентаминнің көмегімен артерия қысымын төмендеткеннен кейін оның әсерін ұзарту үшін күкірт қышқылды магнезий (бұлшық етке 25-10 мл-ден 10—12 рет) немесе 0,5 %-дық дибазол (бұлшық етке 4-6 мл-ден 10 рет) тағайындау керек.

IV. Ми сарсып ісінгенде қолданылатын дәрі-дәрмектер. Бұлшық етке немесе венаға 0,5-1 мл (20-40 мг) лазикс жіберіледі. Соңғысы 4 күннен аспауы керек. Күніне 2 рет 25 мг (1 таблетка) гипотиазид беріледі. Аптасына 1—2 рет 1 мл новурит, 1 кг салмаққа 2 г маннитол (200 мл физиологиялық ерітіндіге қосылған 20 % ерітінді), тез 40 мг гидрокортизон венаға тамшы түрінде жіберіледі, 1 кг салмаққа 1 г мочевина (10% глюкоза ерітіндісіне қосылған 30 % ерітінді) минутына 60 тамшыдан венаға жіберіледі, 4 күн бойы 0,25 мг диакарб күніне (4 күннен кейін қайталанылады), 40 %-дық 20 мл глюкозаға қосылған 50 мл урегит (этактин қышқылы) венаға жіберіледі.

Маннитол мен мочевина тек геморрагиялық инсультте пайдаланылады.