- •22. Атаксия түрлері
- •27.Энцефалиттер
- •28 Экономоның эпидемиялық энцефалиті
- •29.Миелиттер
- •30.Полиомиелит
- •31. Ми қан тамырлары зақымдануларының жіктелуі
- •II. Ми қан айналысы бұзылуының сипаты:
- •III. Мидағы зақымдану ошақтары:
- •IV. Ми қан тамырлары өзгерістерінің орналасуы мен сипаты.
- •32.Ишемиялық инсульт
- •33 Геморрагиялық инсульт
- •35 Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары
- •37 Жедел ми қан айналысы бұзылуын дифф емдеу
- •II. Тыныс алу функциясын реттеуге арналған дәрі-дәрмектер.
- •V. Тамыр кеңітетін дәрі-дәрмектер.
- •41 Үшкіл нерв невралгиясы
- •42 Бет нервісінің невриттері мен невропатиялары
- •38 Полиневриттер мен полиневропатиялар
- •39 Шұғыл қабыну полиневропатиясы (Гийен-Барре синдромы)
- •43Бел-сегізкөз остеохондрозыньщ неврологиялық көріністері
- •57 Миотония синдромы бар тұқым қуалайтын нерв-бұлшық ет аурулары
- •55 Жұлындағы пирамида жолдары мен мишықты басым зақымдайтын аурулар
- •14.1. Этиологиясы
- •14.2. Патогенезі
- •14.5. Диагностикасы
- •14.6. Емдік шаралар
- •58 Сирингомиелия
- •48 Шашыраңды склероз
- •51 Бүйірлік амиотрофиялық склероз
- •53.Жұлындық және невралдық амиотрофиялар
29.Миелиттер
Миелит — инфекция немесе уланудан пайда болатын, жұлынның ақ және сұр заттарын қамтитын шұғыл қабыну үрдісі.
Инфекциялық миелит біріншілік және екіншілік болып ажыратылады. Біріншілік миелит нейротроптық вирустар арқылы, ал екіншілік вирустық (қызылша, шешек, қызамық, тұмау) немесе бактериялық (сифилис, бруцеллез, ревматизм, туберкулез, т.б.) жалпы инфекциялық аурулар кезінде, шешекке қарсы егілгеннен кейін, организмде іріндік ошақ болғанда, т.б. жағдайларда пайда болады.
Инфекция жұлынға қан арқылы тарайды. Оның дамуына аллергиялық реакциялар мен нерв жүйесінің реактивтілігі ықпал жасайды.
Патологиялық анатомиясы. Біріншілік инфекциялық миелиттің үш түрі болады, Олар:
1) көлденең немесе шұғыл ошақтық;
2) жедел таралымды шұғыл;
3) созылыңқы некроздық.
Көлденең миелитте қабыну үрдісі жұлынды көлденеңінен немесе оның жекелеген тұстарын көршілес 1-3 сегменттер деңгейінде қамтиды. Жұлын болжырап, оның қабықтарында күптену белгілері болуы мүмкін, онда периваскуляция, лимфоидтық инфильтрация (сүзілу), геморрагия мен жұмсару ошақтары байқалады.
Диссеминделген (таралымды) миелитке миелинсізденген ошақтар мен біліктік цилиндрлердін бүлінуі, өткізгіш жолдардың жоғары және төмен қарай азғындауы тән.
Созылыңқы некроздық миелит кезінде жұлынның сұр затында басым, ақ затында аздап эндо- және мезоваскулиттер, тамыр тромбозы, перифокальды жұмсару мен периваскулярлық некроздық ошақтар пайда болады.
Ірінді миелиттерде периваскулярлық инфильтраттар (сүзбелер) сегментгі ядролы нейтрофильдік гранулоциттерден (түйіршікті клеткалардан) құралады.
Қабыну үрдісі көбінесе жұлынның ортаңғы немесе төменгі кеуде бөлігін, сирегірек бел-құйымшақ және мойын бөліктерін, соңдай-ақ эпидуралдық кеңістіктің қабығы мен клеткасын, нерв түбіршіктерін, кейде шеткі нервтерді де қамтиды.
Клиникасы. Продромалдық кезеңде аяқ-қолға таралатын арқа ауырсынуы, субфебрильдік температура байқалады. 1-2 күн еткенде немесе апта бойы жоғары температура жағдайында әлсіздік үдеп, салдану пайда болады, Бабинский симптомы байқалып, құрсақ рефлекстерінің жойылуы мүмкін. Сіңір рефлекстері тез арада қалпына келіп, күшейеді. Соңынан құрысу, аяқ ұшы клонусы білінеді, қуық пен тік ішектің парезі мен атониясы басталады, зәр мен нәжіс шығару алдымен тоқтап қалады да, соңынан дәрет ұстай алмай қалу байқалады. Патологиялық үрдіс зақымданған деңгейге дейін ауырсыну, температуралық, жанасу және терең сезімділіктің білінбеуі арқылы байқалатын сезімділік даңғылдарын қамтиды. Жұлынның ортасыңдағы ошақтық зақымдану (орталық миелит) тек ауырсыну мен температуралық сезімділік жойылуымен қабаттасады. Жұлын көлдененінен жартылай зақымданса, Броун-Секар синдромы байқалады.
Трофикалық бұзылулар өкшеде, құйымшақта және үлкен мықын-қасаға томпағы маңында ойық жаралар түрінде көрінеді. Салданған аяқ-қолда ісіну, көгілдірлену және басқа да вазомоторлық бұзылулар белгі береді.
Клиникалық көріністер сипаты миелиттік ошақтың деңгейімен анықталады. Егер қабыну ошақтары жұлынның жоғарғы мойын бөлігінде орналасса, сіреспелі тетраплегия пайда болады.
Кеуде миелитінің ауыр түрлеріңде шұғыл кезең басталысымен аяқта босаң салдану көрініс беруі мүмкін, соңынан олар сіреспелі салдану белгілеріне ауысады. Орта кеуде сегменттерінің зақымдануына байланысты аяқта сіреспелі тетраплегия пайда болады.
Миелиттің шашыранды түрі жұлынның барлық бөлімдерінде көптеген ошақтар дамуымен сипатталып, өзгеше неврологиялық белгілердің жиі ауысуымен өтеді. Оны ескі ошақтардың біртіндеп жойылып, жаңаларының пайда болуымен түсіндіруге болады. Бұл аурудың ұзақ қызбалық кезеңі бар латенттік (жасырын) өтетіндігіне байланысты.
Ми-жұлын сұйығы түссіз немесе аз мөлшерде клеткалы мен белокты каншымақ пайда болуымен сипатталады.
Емдік шаралар. Аурудың шұғыл кезеңінде режимді сақтап, антибиотиктер мен сульфаниламидтерді, уротропинды пайдалану арқьшы қабынуға қарсы қарқынды ем жүргізу керек. Катетеризацияға ерекше көңіл аударылады, ол зәр жүрмей қалғанда белгілі бір уақытга 6-8 сағат сайын жасалады.
Біріншілік (негізгі) вирустық инфекцияларда 2—3 және одан да көп күндер бойы мұрынға тәулігіне 5—6 рет 3—4 тамшыдан интерферон тамызады. Бір жасқа дейінгі балаларға — 5 мг; 2-ден 4 жасқа дейінгілерге — 6-10 мг, 5-тен 7 жасқа дейінгілерге — 10—15 мг, 8-ден 10 жасқа дейінгілерге - 15-18 мг, 10-нан 14 жасқа дейінгілерге -18-25 мг, 14 жастан асқандарға - 25-30 мг РНКаза немесе ДНКаза бұлшық етке 4-6 сағат сайын салынады.
Аурудың алғашқы күндерінен бастап глюкокортикоидтар ұсынылады. Ошақтық симптомдар тұрақтағанша, тәулігіне 2 жасқа дейінгі балаларға — 1,0—1,5 мг/кг, 2—5 жастағыларға — 10—15 мг, 5—10 жастағыларға — 15—20 мг, 10 жастан асқандарға — 20—25 мг преднизолон; тәулігіне 2 жасқа дейінгілерге — 0,1—0,2 мг/кг, 2—5 жастағыларға — 1—1,5 мг, 5—10 жастағыларға — 1,5-2,0 мг, 10 жастан асқандарға 2-3 мг дексаметазон тағайындалады, соңынан оның мөлшерін біртіндеп азайтады. Гормонотерапиямен қатар аз немесе кең спектрлі әсері бар антибиотикгер, поливитаминдер, дегидратациялық терапия (2-3 күн бойы тәулігіне — 0,001—0,005 г лазикс, 0,001—0,0015 г фуросемид, 0,015-0,1 урегит, 0,01—0,02диакарб) қолданылады.
Ерте қалпына келу кезеңінде витаминдер (С және Б тобындағылар) инъекция түрінде тағайындалады. 1 мл В12 витаминін (1000 бірлік), 1 мл никотин қышқылының 1 % ерітіндісі мен 1 мл новокаинның 0,5 % ерітіндісі қоспасын бір ай бойы күніне 2 рет бұлшық етке бірден жіберу аса тиімді нәтиже береді. Бұл кезенде антихолинэстараздық препараттар (прозериннің 0,05 % ерітіндісін әр жасқа 0,1 мл-ден, галантаминның 0,25 % ерітіндісіи 0,2—0,5 мл-ден, дибазоддың 1—2 % ерітіндісін — 0,2-0,5 мл-ден тері астына жіберу), биогендік стимуляторлар (алоэ экстракты, ФИБС, шыны тәрізді дене, гумизоль) және жалпы денді тыңайтатын ем кеңінен қолданылады.
Сіреспелі парездер мен салдануларда бұлшық ет тонусын төмендету мақсатында миорелаксантар (бұлшық етке 10 %-дық. 0,2—0,5 мл мидо-калм немесе ашытқы (дрожжи) түрінде бір ай бойы күніне 2—3 рет, тамақтану кезінде тәулігіне 3 рет 3—10 мг-нан баклофен, емдеу дүркіні 3—4 апта, 1—2 ай бойы 0,005 г-нан күніне 2—3 рет меликтин) ұсынылады.
Ойық жараларды болдырмау үшін ішкиім мен терінің тазалығын (тері камфорлық спиртпен сүртіледі) бақылап, науқасты жиі-жиі орнынан аударып тұрған жөн. Қол-аяғында салдану пайда болысымен, сырқатты шиналар, құм толтырылған қапшықтар көмегімен физиологиялық қолайлы кейіпке келтіреді. Аяқ-қолдын контрактурасынан (сіресімінен) сақтану үшін күніне бірнеше рет абайлап пассивтік қимылдар жасау керек. Қалыпқа келу кезеңінде емдік денешынықтыру мен физиотерапиялық (диатермия, аса жоғары толқынды дыбыс (АЖТД) дәрі-дәрмектер электрофорезі, ванналар, емдік саз бен парафин аппилакциясы) кеңінен қолданылады.
