Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
невро 2 денгей.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

31. Ми қан тамырлары зақымдануларының жіктелуі

Ми қан тамырлары зақымдалуы Ресей медицина ғылымдары академиясына (РМҒА) қарасты неврология институтында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде сараланып, жіктелді (Е.В. Шмидт, 1985). Онда мынадай жағдайлар ескерілген:

I. Ми қан тамырлары аурулары және олардың пайда болуына ықпал жасайтын патологиялық жағдайлар (атеросклероз, гипертония ауруы немесе симптоматикалық артерия гипертониясы, вегетативтік-қантамырлық дистония, артерия гипотониясы, жүрек ақаулары және оның қызметінің бұзылымдары, жүрек аномалюшары, қалталанған немесе артерия-веноздық аневризмдер, аорта коарктациясы, өкпе-жүрек қызметінің нашарлауынан мидағы веналық қан айналысының ұзылуы, сифилиске, ревматизмге, т.б. байланысты инфекция-аллергиялық васкулиттер — ми веналарының тромбофлебиттері, ми қан тамырларының уыттық зақымдануы, қант диабеті, мидың және оның қабықтарының жарақаттан зақымдануы, артериялар мен веналардың ісікке немесе омыртқа өзгерістеріне байланысты қысылуы, қан аурулары, т.б.)-

II. Ми қан айналысы бұзылуының сипаты:

А. Ми қан айналысы бұзылуының алғашқы көріністері. Б. Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары.

1. Транзиторлық ишемиялық атакалар (бұзылымдар).

2. Церебралдық гипертония кризі. В. Инсульт.

1. Тор қабық үсті кеңістігіне қан құйылу.

2. Геморрагиялық инсульт.

3. Ишемиялық инсульт.

4. Неврологиялық дефициті жойылған инсульт.

5. Бұрын болған (1 жылдан аса) инсульттың зардаптары.

Г. Ми қан айналысының үдемелі бұзылымдары.

1. Созылмалы субдуралдық гематома.

2. Дисциркуляторлық энцефалопатия.

III. Мидағы зақымдану ошақтары:

1. Ми жарты шары (қыртыс жөне таяудағы қыртыс асты заттары зақымданған бөлік немесе бөліктерді білдіретін ақ заттар, ішкі капсула, қыртыс асты түйіндері).

2. Ми бағаны (ортаңғы ми қақпағы мен асты, варолиев көпірінің қақпағы мен асты, сопақша ми).

3. Мишық (қанның қарыншаларға немесе тор қабық асты кеңістігіне өтуі).

IV. Ми қан тамырлары өзгерістерінің орналасуы мен сипаты.

А. Қан тамырлары патологиясының сипаты (бітелуі немесе тарылуы, майысулары, ілмектелінулері, қалталанған артерия-веналық аневризмалар, каротидтік-қуысты, аргерия-веналық біріккен ағындар, т.б.).

Б. Патологияның орналасуы (кең жайылған, аорта, атсыз артерияның иық-бас бағаны, жалпы ішкі және сыртқы ұйқы артериялары, бұғана асты артериясы, омыртқа артериясы, негізгі артерия мен оның тармақтары, алдыңғы, ортаңғы және артқы ми артериялары, мишық астындағы төменгі артерия, сыртқы ұйқы артериясының тармақтары - ми қабығы артериялары, ми веналары және олардың қоймалары, күре вена).

V. Клиникалық синдромдардың сипаты (қимыл бұзылымдары — парездер немесе плегиялар, экстрапирамидтық, тепе-тендік, сезімділік және сезім мүшелері бұзылымдары, жоғарғы ми қыртысының ошақтық бұзылымдары — афазия, аграфия, алексия, т.б., эпилептикалық ұқсас талмалар — жалпы, ошақтық, интеллектің және еске сақтау қабілетінің өзгерістері, эмоционалдық бұзылымдар, психопатологиялық синдромдар).

Жоғарыда келтірілген ми қан тамырлары зақымдануының жіктелуі ТМД елдерінде диагноз қою үрдісінде пайдаланылады. Дегенмен кейбір ғалымдар мен тәжірибе жүзінде еңбектеніп жүрген дәрігерлерге Н. К. Боголепов пен Л. О. Бадалян (1960) ұсынған патогенездік жіктелу ұнайды. Олардың пікірі бойынша, ми қан тамырларының зақымдануы жедел және созылмалы болып екіге бөлінеді. Зақымданудың жедел түрлеріне криздер (жалпы, регионалдық-каротидтік, базиллярлық және тіркесе үйлескен коронарлық-церебралдық, церебралдық-регионалдық, т.б.) және инсульттер (геморрагиялық, ишемиялық) жатады. Геморрагиялық (миға қан құйылу) паренхи-матоздық, субарахноидалдық және субарахноидалдық-паренхима-тоздық болып жіктеледі, ал ишемиялық жібу тромбозды, тромбозсыз және тромбоэмболияларға бөлінеді.

Ми қан тамырлары зақымдануының созылмалы түрі үш кезеңге бөлінеді. Олар: компенсаторлық, субкомпенсаторлық және декомпенсаторлык кезеңдер.