Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
клиниека.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
913 Кб
Скачать
☆

44.Ваннаға әрбір науқас түскеннен соң жуудағы іс-әрекетті түсіндіріңіз?

Ваннаны алдын-ала дезинфицирленген ерітіндімен залалсыздандырады, сосын сабын қосып щеткамен жуады және ыстық сумен шаяды. Әрі қарай ваннаны суға толтырады (алдымен суық, сосын ыстық), судың температурасы 35-37°С шамасында болуы керек. Басқа біреудің көмегін қажет ететін науқастарды ваннаға жайма арқылы немесе орындыққа отырғызып, душтың көмегімен жуындырады. Науқасты келесі ретпен жуындырады: басы, денесі және қолдары, шап аралықтары, белі, іші және аяқтары. Гигиеналық ваннаны қабылдау ұзақтығы 30 мин. аспау қажет.Үйінен таза болып түскен науқастар, тек киімдерін ауруханалық киімге ауыстырады.

45.Науқастың дене қызуын күніне қанша рет өлшейтінін анықтаңыз?

Дене қызуын күніне 2 рет өлшеу керек: таңертең - ұйқыдан кейін, ашқарынға(сағат 7.00 - 9.00 аралығында) және кешке -күндізгі демалыстан кейінгі, кешкі асқа дейінгі уақытта (сағат 17.00-19.00 аралығында). Кейбір жағдайларда (дәрігердің белгілеуі бойынша) дене қызуын әрбір 3 сағат сайын өлшеу керек, оны температураның профилін өлшеу деп атайды.

47.Матаға оралып залалсыздандырылған құрал-саймандар мен жапқыштарды қанша сағат сақтауға болады?

Жабық фильтрсіз бикс залалсызданғандығын 72 сағат бойы (3 тәулік), ал фильтрлі бикс – 20 тәулікке дейін сақтайды. Ашық бикс залалсызданғандығын 6 сағатқа дейін сақтайды.

48.Қолға, мұрынға, құлаққа қан тигенде жүргізілетін өңдеуді түсіндіріңіз?

Жеке қауіпсіздік барьерлері

Медициналық резеңке қолғапты киіп, алды жабық халат, бетіне бетперде, басына орамал киеді. Медициналық қызметкерлер құралдармен жарақаттанғанда дәрігерге дейінгі көмек көрсете білуі қажет.

Медбикенің терісі мен киіміне науқастың қаны немесе басқа биологиялық сұйықтықтар түсуі

Ластанған арнайы киімдерді сыртқы жағынан ішкі жағына қарай шешу. 1% лизоформин ерітіндісіне бір сағатқа салып қойыңыз. Шешкен киімнің орнын қайнатылған суда жуу. 70 ' этил спиртіне малынған мақталы тампонды қолға алып терідегі биологиялық сұйықтық қалдықтарды тампонмен сүрту. Тампонды арнайы ыдысқа тастау керек. Теріні сабынмен жуу.

Медбикенің көзінің кілегей қабығына биологиялық сұйықтық тиіп кеткен кездегі іс әрекет

Көзді жууға арналған ундинка стаканы, залалсыздандырылған салфетка, астауша, әлсіз калий перманганаты керек. Ундинканың ішіне әлсіз 0,05 % калий перманганат ерітіндісін құйып, салфеткамен көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай көзді сүрту керек.

Медбикенің бетіне немесе ерінінің терісіне науқастың биологиялық сұйықтықтары түскен кездегі іс әрекет

Дайындау керек: 70 ' спирт, 0,05 % калий перманганаты, екі астауша, залалсыздандырылған салфетка. 0,05 % калий перманганатымен салфетканы малып алып науқастың бетін және ернінің терісіндегі сұйықтықтарды салфеткамен сүрту керек. Қолданылып болған салфеткаларды астаушаға тастау керек.

Медбикенің мұрнының кілегей қабығына биологиялық сұйықтық тиіп кеткен кездегі іс әрекет

Дайындау керек: залалсыздандырылған екі астауша, 1% протаргол ерітіндісі, залалсыздандырылған тамызғыш, залалсыздандырылған мақта шаригі.

Тамызғышты алып 1% протаргол ерітіндісін сорып алып мұрынның шырышты қабатына тамызамыз да астаушаға еңкейтеміз. Ерітінді астаушаға ағады. Процедураны бірнеше рет қайталаймыз. Болғаннан соң залалсыздандырылған мақта шариктерін мұрынға енгізу керек.

Медбике қолының саусақтары потенциалды инфекция жұқтырған құрал жабдықтармен жарақаттануы болған кездегі іс әрекет

Дайындау керек: залалсыздандырылған 2 астауша, 70% спирт, 5% йод, залалсыздандырылған мақта шариктері, бактероцидті лейкопластыр, бір саусаққа арналған резиналық биялай.

Қолғапты шешпей тұрып жарақаттағы қанды сығып алу керек. Қолғапты шешіп 1% лизоформин ерітіндісіне салып қою. Қобдишаның ішінен 70% спирт немесе 5% йод ерітіндісін алу. Жарақаттанған жерді 70% спирт ерітіндісіне алынған мақталы шарикпен сүрту. Қан ағуды тоқтатпай сабынмен жуу, залалсыздандырылған мақталы шарикпен жарақаттанған жерді құрғату керек. Жарақаттанған жерді 70% спирт, 5% йод ерітіндісімен қайталап сүрту, жарақаттанған жерді бактериоцидті лейкопластырді жабыстыру. Саусаққа киюге арналған қапша, резиналық қолғапты кию. Күн сайын қолданылған құралдарды және таңу материалдарды санитарлық ережелер бойынша зарарсыздандыру керек.Қолданылған резиналық қолғаптарды 1% лизоформин ерітіндісіне 60 минутқа салып қою керек.

Пациенттің биологиялық субстраттарының көздің кілегей қабығына түсуі

Дайындау қажет: апатты жағдайдағы қобдиша, стерильді 2 астауша, корнцанг.

Қобдишадан крафт пакеттегі тамызғышты, таңу материалдарын және

ундинканы алып астаушаға салу.

Қобдишадан 0,05% калий перманганат ерітіндісін алу, ундинкаға

құйып, көзді жуу.

Басты алға бүгіп, ундинканы бетке жанастырып, көзді бірнеше рет

ашып-жұму арқылы жуу.

Ундинканы алып тастау, көзді стерильді салфеткамен көздің сыртқы

бұрышынан ішкі бұрышына қарай жуу.

Пациенттің биологиялық субстраттарының мейірбикенің бет терісі мен ерніне түсуі

Дайындау қажет: 2 стерильді астауша, стерильді корнцанг, апатты жағдайдағы қобдиша..

Қобдишадан крафт пакеттегі таңу материалдарын алып астаушаға салу.

Қобдишадан 70% спирт және 0,05% калий перманганат ерітіндісін алу.

Мақта тампонымен спирт немесе калий перманганатқа малып бет терісі мен еріндегі биологиялық субстраттарды тазалау, мақта тампонын 2-ші астаушаға тастау.

Мақта тампонымен өңдеуді қайталау.

Ауыз қуысын 70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен шаю.

Ескерту: қолданылған тампондарды 3% хлорамин ерітіндісімен 60 минут дезинфекциялау қажет.