Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
клиниека.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
913 Кб
Скачать
☆

81.Клизма арқылы жіберілетін қоректік заттарды көрсетіңіз?

Клизма арқылы жіберетін қоректік заттар: 5% глюкоза, 0,9% натрий хлорид ерітіндісін, амин қышқылы ерітіндісін 37-38°С жылытып, 300-500мл мөлшерде резеңке грушаның көмегімен жасайды. Осы тәртіппен тәулігіне 3 -4 рет жібереді. Қоректендіру клизмасын жиі пайдалануға болмайды, себебі одан тік ішек сфинктері тітіркеніп, жара пайда болуы мүмкін. Осындай асқынулар болмау үшін тік ішекті ұқыпты жуып тұру керек.

82.Б классты қалдықтар есм қай жерлерде болуы тиіс? б классты қалдықтарды жинау ережелерін атаңыз?

1) емдік-диагностикалық бөлімшелерінде;

2) клиникалық-диагностикалық лабораторияда;

3) 3-4 патогенді микроорганизм топтарымен жұмыс істейтін, микробиологиялық, вирусологиялық (серологиялық), паразитологиялық лабораторияларда;

4) патологиялық-анатомиялықбөлімдерінде;

5) сот-медициналық экспертиза мекемелерінде;

6) виварияда.

Б классты қалдықтарды жинау ережелері:

Медицинада қолданылатын бір реттік заттарды (катетерлер, зондтар, гинекологиялық айналар, шпателдер) және жұмсақ материалдар (мақта, турунда, тампондар, таңатын материалдар, бұраулар, астына салатынжаялықтар, науқастардың қаны жұққан бір рет қолданатын төсек жабдықтар және арнайы киімдер) бір рет қолданатын пластикалық пакеттерге жинап, қақпағы тығыз жабылатын көп рет қолданатын ыдыстарға(темір, пластмас) немесе ҚУҚ саламыз. Бір рет қолданатын пакеттерге салған соң аузы байлануы керек;

Шприцтер, системалар, инелерді бұзбай және залалсыздандырмай бірден ҚУҚ салынуы керек;

Биологиялықжәне патологиялық-анатомиялыққалдықтарды қақпағы тығыз жабылатын темір немесе пластикалық ыдыстарда жинауы қажет;

Клиникалық-диагностикалық, микробиологиялық, вирусологиялық (серологиялық), паразитологиялық лабораториядағыбиологиялыққалдықтар темір (пластикалық) ыдысқа немесебикстерге жинауы қажет;

Сот-медициналық экспертиза және вивария мекемелеріндегі биологиялыққалдықтардыпластикалық немесе су өтпейтін қаптарға(пакеттер) жинап, қақпағы тығыз жабылатыныдыстарға(темір, пластмас) салынуы қажет;

Жұқпалы ауру бөлімшесі қалдықтары жою әдісіне байланысты (жағу, канализацияға лақтыру) қақпағы тығыз жабылатын бір реттік пластикалық пакеттерге немесе темір (пластикалық) ыдыстарға жинау қажет.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде қолжетімді медициналық қызметтердің кешенін қамтитын дәрігерге дейінгі немесе білікті медикалық көмекті қамиды:

1) жиі кездесеін аурулар, жарақат, улану және басқа да күттірмейтін жедел жағдайларды диагностикалау мен емдеу;

2) санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы іс-шаралар мен ауруларды алдын-алу;

3) санитарлық-ағарту жұмысы.

АМСК келесі мамандар қызметімен жүзеге асады: участкелік терапевт, педиатр, акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелі дәрігер, фельдшер, мейірбикелер. АМСК атқаратын ұйымдардың қызметі – медициналық ұйымды таңдау құқығын ескере отырып, азаматтарды аймақтық тип бойынша жергілікті тұрғын мекен-жайы немесе бекітілуі бойынша емделіп-қаралуын қамтамасыз ету.

Кеңес-диагностикалық көмек– тәуліктік бақылауы жоқ мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек.

Стационарлық көмек– тәуліктік бақылауы, күтімі бар білікті мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек. Стационарлық көмекті қамтамасыз ететін денсаулық сақтау ұйымы науқастарға дертіне сай күтім мен тамақтану үрдісін қамамасыз етеді.

Стационаралмастырушы көмек – жұмыс күні аяқталғанға дейін ұзақтығы 4-тен 8 сағатқа созылатын бақылау үрдісі мен дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек түрін қамтиды.

Жедел медициналық көмек – денсаулыққа зиян келуі мен өлім қаупін алшақтату мақсатында жіті медициналық көмекті талап ететін медициналық көмектің бір түрі. Жедел медициналық көмек ҚР азаматары, шетелдікер, республика аумағында мекен ететін азаматығы жоқ адамдарға мемлекеттік бюджет есебінен тегін көрсетіледі.Бұл ұйымдарға ақылы қызмет көрсетіге тыйым салынады. 

Санитарлық авиация – медтехникалық жабдықталуы немесе арнайы білікті мамандардың тапшылығы жағдайында науқастың тұрғылықты мекені бойынша жедел медициналық көмек көрсету. Көмектің бұл түрін қамтамасыз ету үшін білікті мамандарды тағайындалған орынға жеткізеді немесе арнайы тасымалдау құралдарымен қамтамасыз етіп, науқасты медициналық ұйымға жеткізеді.

Сауықтыру мен медициналық реабилитация көмек түрі туа біткен және жүре пайда болған, сондай-ақ жіті, созылмалы аурулар мен жарақаттар салдарынан туындаған аурулармен ауыратын азаматтарға реабилитация бөлімшелері мен санитарлық-курорттық ұйымдарда көрсетіледі.

Паллиативі көмек пен мейірбикелік күтім – дәрігердің бақылауымен емдеуге келмейтін науқастар мен терминалды (ақтық) сатыдағы аурулары бар науқастарға аурухананың арнайы бөлімшелерінде немесе хоспистарда, үйдегі стационар түрінде берілетін күтім түрі. Мейірбикелік күтім дәрігерлік бақылауды қажет етпейтін жағдайларда ғана жүргізіледі.

Дәстүрлі медицина, халықтық медицина (емшілік).

Дәстүрлі медицина әдіс-тәсілдеріне гомеопатия, гирудотерапия, мануалды терапия, рефлексотерапия, фитотерапия мен табиғи жаратылысы бар заттармен емдеу жатады. Емшілік ету құқығына ие болу үшін азаматта медициналық білім мен еібегіне сәйкес лицензиясы болуы міндетті.

Жаппай емшілік пен жаппай ақпарат құралдарын қолдану арқылы емшілік ету заңмен қудаланады. Халықтық медицинамен және емшілікпен заңсыз айналысатын азаматтар Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады.