Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
клиниека.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
913 Кб
Скачать
☆

27.Қант диабетімен ауыратын науқастың тамақ рационында органикалық заттардың қайсысын азайту көзделетінін табыңыз?

Тағайындалуы: қант диабеті.

Сипаттамасы: құрамында холестерині бар заттарды, рафинадталған көмірсуларды шектеу немесе мүлдем қолданбау. Дайындалуы – пісірілген, тағамдар, қуырылған тағамдар шектеледі.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: қара бидай наны, қара нан, көкөніс сорпалары. Ботқалар: қарамық, сұлы. Жемістер, қышқыл сүт өнімдері. Майсыз ет және балық.

Рұқсат етілмейтіндер: тұздалған және маринадталған өнімдер. Манка жармасы, макарондар, тәтті жемістер. Қызылша, сәбіз, жасыл бұршақ картоп, жұмыртқа шектеледі.

28.Бас битін жою үшін, науқастың шышын қысқа қылып қиып тастау әдісі қолданылады. Егер науқас оған қарсы болса сіз қандай ерітінді қолданасыз?

Бас биті-өзінің жұмыртқаларын шаш талшықтарына бөле отырып, бастың шаш бөлігін бүлдіреді.Бас битін жою үшін, әртүрлі әдістер қолданады (керосин, сабадильді сірке суы, 50% сабынды-сальвентті паста), шашты қысқартып қиып тастайды, науқас шашын қидыруға қарсы болса, өсімдік майына қосылған керосинді қолданады. Оны бастың шаш бөлігіне жағып, сыртынан қатты қағазбен жауып, оның сыртынан бас киім кигізіп қояды. 8-10 сағат өткен соң, шашты ыстық сумен сабындап жуады.Бас жұмыртқасын жою үшін, шашты қыздырылған 10% сірке суының ерітіндісіне батырылған мақтамен күніне бірнеше рет сүртіп, тарайды. Бұрындары қолданылатын әдістердің бірі 20% бензилбензоат суспензиясынан дайындалған сабынды ерітінді, 5% бор майы, бутадион, метилацетофос, ниттифор, карбофос және т.б. Қазіргі кезде дезинсекциялық шараларды жеңілдететін арнайы су сабындар мен лосьондар («Педикулин», «Рид», «Элко-инсект» және т.б.) бар.

29.А классты қалдықтар есм қай жерлерде болуы тиіс? а классты қалдықтарды жинау ережелерін атаңыз?

Медициналық қалдықтарды 5 классқа іріктейді және жинайды, оның ішінде қауіпті және аса қауіпті қалдықтарды алдын-ала залалсыздандырып, термиялық әдіспен жояды.

А классты қалдықтарды құрайды:

1) әкімшілік-шаруашылық бөлмелері;

2) тамақ блогі, буфетте, асханада, палаталарда;

3) азық-түлік қоймалары, көкөніс сақтайтын жер;

4) аурухана айналасы.

А классты қалдықтарды жинау ережелері:

  • Қалдықтарды көп рет қолданылатын ыдыстарға немесе пластикалық қаптарға (пакеттерге)жинау қажет. Көп рет қолданылатын ыдыстардағы қалдықтар мекеменің аймағына қойылған контейнерлерге салынады. Бір реттік қаптар (пакеттер) қалдықтармен бірге контейнерлерге салынады. Көп рет қолданатын ыдыстарды қалдықтан босатқан соң, жуу қажет.

  • Жұқпалы ауруханадан (бөлімше) басқа мекемелердің бөлімшелеріндегі тамақ қалдықтарын (сұйық, қатты) «тамақ қалдықтары үшін» деген маркирі бар темір немесе пластикалық ыдыстарға жинау қажет және малдардың жеміне қолдануға болады. Тамақ қалдықтарына арналған ыдыстар жуылып, залалсыздандырылуы керек.

30. Емханадағы хирургиялық кабинет қанша бөлмеден тұратынын талдап көрсетіңіз?

31.Хоспис дегеніміз не?

Хоспис (ағылшын тілінен Hospise)- жағымсыз болжамды аурулары бар науқастарға лайықты күтім және көмек көрсетін медициналық орталық.

Хоспис пациенттері «үй» жабдықтарымен жабдықталған, сонымен қатар олар туыстары және достарымен еркін көрісе алады. Медицина қызметкерлері паллиативті медициналық көмек көрсетеді:науқастар оттегін, зондпен тамақтану, ауырсынуды басатын заттарды және т.б. ала алады. Минимум дәрігерлер, максимум орта және кіші медицина қызметкерлері.Хосписте болудың негізгі мақсаты – соңғы күндерін жарқын өткізу, азаптарын жеңілдету.