- •1.Амбулатория дегеніміз не?
- •2.Антисептика дегеніміз не?
- •3.Асептика дегеніміз не?
- •61.Инфекция жұғу жолдарын көрсетіңіз?
- •4.Қол деконтаминациясының мақсатын атап көрсетіңіз?
- •5.Пастеризация дегеніміз не?
- •6.Дезинфекциялық заттарға қойылатын талаптар?
- •7.Хлорамин ерітіндісіне сипаттама беріңіз?
- •8.Стерилизация үшін қолданылатын металдық бикстің түрлерін атаңыз?
- •9.Субфебрильді қызба дегеніміз не?
- •10.Жас шамасына сәйкес физиологиялық тыныштық кезінде тыныс алу жиілігінің қалыпты жиілігін атаңыз?
- •12.Науқас қақырығын диагностикалық зерттеуге тапсырар алдында, ауыз қуысын немен өңдейді және іс-әрекетін жазыңыз?
- •13.Асептика ережесін бұзу кезінде тері астылық егудің асқынуын және сипаттамасын беріңіз?
- •14.Медициналық көмектің түрлерін атаңыз және сипаттап жазыңыз?
- •15.Көмірсулар адам организіміне не үшін қажет және неге әсер ететінін түсіндіріңіз?
- •63.Көмірсулар неше топқа бөлінеді және оларды атаңыз?
- •66. Көмірсулардың резервті қорын атаңыз?
- •16.Сынапты термометрдің артықшылығы мен кемшілігін жазыңыз?
- •17.Мейірбикелік тексерудің қанша әдісі бар және ол әдістерді анықтаңыз?
- •38.Мейірбикелік үрдістің кезеңдерін атаңыз?
- •18.Соңғы кезде бір рет қолданылған резеңке қолғаптарды қандай әдіспен залалсыздандырады және іс-әрекетін көрсетіңіз?
- •19.Дегмин және Дегмицитпен қолды өңдеу тәсілін түсіндіріңіз?
- •23.Қолды Хлоргексидинмен өңдеудегі іс-әрекетті жазыңыз?
- •20.Қолдың деконтаминациясының қанша түрі бар және сипаттап жазыңыз?
- •21.Әлеуметтік қолды өңдеудің ережелерін ретімен атап көрсетіңіз?
- •22. Операциялық бөлменің температурасын табыңыз?
- •24.Бикстерде зат-саймандарын орналастырудың қанша түрі бар екенін көрсетіңіз?
- •25.Сүт, ірімшік, сүзбе тағамдары белгіленетін диета түрін табыңыз?
- •26.Жағдайы ауыр науқастарды зеңбілден төсекке ауыстыру әдістері.
- •27.Қант диабетімен ауыратын науқастың тамақ рационында органикалық заттардың қайсысын азайту көзделетінін табыңыз?
- •28.Бас битін жою үшін, науқастың шышын қысқа қылып қиып тастау әдісі қолданылады. Егер науқас оған қарсы болса сіз қандай ерітінді қолданасыз?
- •29.А классты қалдықтар есм қай жерлерде болуы тиіс? а классты қалдықтарды жинау ережелерін атаңыз?
- •30. Емханадағы хирургиялық кабинет қанша бөлмеден тұратынын талдап көрсетіңіз?
- •31.Хоспис дегеніміз не?
- •32.Термометрдің қанша түрі бар және оларды атаңыз?
- •33.Пероральді тамақтану
- •34.Тәулік бойы адамның қоладанатын сұйықтық мөлшері?
- •35.Аурухананың қабылдау бөлімінің негізгі қызметтері:
- •36.Қай диета жалпы үстел деп аталады және сипаттама беріңіз?
- •37.Сау адамның тамақтану рационында тәуліктік ақуыз мөлшері құрау қажет?
- •39.Ақаулы ентігу түрлерін атаңыз?
- •40.Деконтаминация дегеніміз не?
- •41.Мейірбикелік диагноздың дәрігерлік диагноздан айырмашылығын атаңыз?
- •42.Емдік-профилактикалық мекемелеріндегі тазалау түрлері атаңыз?
- •44.Ваннаға әрбір науқас түскеннен соң жуудағы іс-әрекетті түсіндіріңіз?
- •45.Науқастың дене қызуын күніне қанша рет өлшейтінін анықтаңыз?
- •47.Матаға оралып залалсыздандырылған құрал-саймандар мен жапқыштарды қанша сағат сақтауға болады?
- •48.Қолға, мұрынға, құлаққа қан тигенде жүргізілетін өңдеуді түсіндіріңіз?
- •50.Арқасымен, ішімен, қырымен жатқан қалпында ойылуға бейім келетін жерлерді атаңыз?
- •51.Науқастың кеуде шеңберін өлшеу кезіндегі іс-әрекетті көрсетіңіз?
- •52.Аурухана ішілік инфекцияның берілу механизмдеріне қарсы іс-шаралар:
- •53.Санивап дезинфекциялық құралын сипаттаныз?
- •54.Қолды ультрадыбыспен өңдеу тәсілін көрсетіңіз?
- •55.Операция жасалатын аймақты Гроссих-Филончик-Пирогов әдісімен өңдеуді сипаттаңыз?
- •58.Дезинфекциялық препараттармен жұмыс жасау барысында тыныс алу жолдарында тітіркену пайда болған жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек?
- •59.Шашқа ниттифор ерітіндісін жаққаннан кейінгі іс-әрекетті көрсетіңіз?
- •60.Бикстерге заттарды салу іс-шарасының орындалуын жазыңыз?
- •62. Инфекциялық процесс дегеніміз не?
- •64.Дезинфекцияның қанша режимі бар және сипаттап жазыңыз?
- •65.Тәуліктік рацион калориясының қанша пайызын майлар құрайды?
- •69.№ 1 Диета қандай науқастарға тағайындалады?
- •70.№ 8 Диетада қандай тағамдар қолданылады?
- •71. Аіи дезинфекция жүргізу схемасын түсіндіріңіз?
- •72.Контейнерлерді тасымалдауға арналған арбаға тыйым салынады?
- •73.Кушеткаларды дезинфекциялау ережесін атаңыз?
- •74.Операциялық алаңды өңдеуге арналған антисептиктерге мысал келтіріңіз?
- •75.Шиммельбуш биксінде заттарды орналастыру түрін анықтаңыз?
- •81.Клизма арқылы жіберілетін қоректік заттарды көрсетіңіз?
- •82.Б классты қалдықтар есм қай жерлерде болуы тиіс? б классты қалдықтарды жинау ережелерін атаңыз?
- •83.Спасокукоцкий-Кочергин әдісімен қолды өңдеудің 2-кезеңін көрсетіңіз?
- •85.Дене қызуының жиынтығын өлшеуді көрсетіңіз?
- •86.Ойылудың бастапқы кезеңінде қандай процесстер болатынын көрсетіңіз?
- •88.Клизмалық ұштықтар мен катетерлерді дезинфекциялау ережесі?
- •90.Медициналық қызметкер аив (вич) - жұқтырылған науқасқа манипуляция жасау барысында шприцтің инесімен қолын жарақаттап алған. Аталған апатты жағдайда жасалатын іс-әрекет?
83.Спасокукоцкий-Кочергин әдісімен қолды өңдеудің 2-кезеңін көрсетіңіз?
Бұл әдіспен өңдегенде, алдын-ала қолды сабындап жумайды.Әдістің кезеңдері мынандай:
1.0.5% мүсәтір спиртінде тампонды пайдаланып, бірінші шылапшында шынтаққа дейін қолды 3 минут жуу керек.
2.0,5% мүсәтір спиртімен екінші шылапшында білектің жоғарғы және ортаңғы 1/3 бөлігінің шекарасына дейін 3 минут жуу керек.
3.Залалсыз матамен қолды сүртіп кептіру керек.
4.96% этил спиртімен қолды 2 рет 2,5 минуттан өңдеу керек.
5.5% йодтың спирт ерітіндісімен саусақтың ұштары мен тырнақтарын өңдеу керек.
85.Дене қызуының жиынтығын өлшеуді көрсетіңіз?
дене қызуын күніне 2 рет өлшеу керек: таңертең - ұйқыдан кейін, ашқарынға(сағат 7.00 - 9.00 аралығында) және кешке -күндізгі демалыстан кейінгі, кешкі асқа дейінгі уақытта (сағат 17.00-19.00 аралығында). Кейбір жағдайларда (дәрігердің белгілеуі бойынша) дене қызуын әрбір 3 сағат сайын өлшеу керек, оны дене қызуының жиынтығын өлшеу деп атайды.
86.Ойылудың бастапқы кезеңінде қандай процесстер болатынын көрсетіңіз?
1-ші кезеңнің белгілері: терісі қызарып, ісіп, қабыршақтанады. Эпидермис пен тері қабаттары зақымданады. Тұрақты гиперемия қызыл-көкшіл дақтармен сипатталады. Гиперемия қысым тоқтағаннан соң кетпейді. Осы кезде жүргізілетін шаралар: теріні антисептикалық ерітіндімен өндеу (камфора спиртінің 10% ерітіндісі, 70% спирт пен жартысы су, опа себу, ультракүлгін сәулелендіруді жүргізу, астына резеңке дөңгелек салу.
88.Клизмалық ұштықтар мен катетерлерді дезинфекциялау ережесі?
1-әдіс. 1,5% гипохлоридерітіндісіне 1сағатқы батырылады.
2-әдіс. 0,5% жууға арналған ерітіндіде 15 минут қайнатылу немесе 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнатылып, сонан соң жуу.
3-әдіс. Автоклавқа салу.
90.Медициналық қызметкер аив (вич) - жұқтырылған науқасқа манипуляция жасау барысында шприцтің инесімен қолын жарақаттап алған. Аталған апатты жағдайда жасалатын іс-әрекет?
Зарарлы болу қауіпі бар құрал-сайманмен саусақтарды жарақаттау
Дайындау қажет: апатты жағдайдағы қобдиша, стерильді бикс, 2 астауша, стерильді корнцанг.
1. Қолғапты шешпей, жарақаттанған жерден қанды сығып шығару, қолғапты шешу, 3% хлорамин ерітіндісіне тастау.
2. Қобдишадан крафт пакет ішіндегі таңу материалдарын алып астаушаға салу.
3. Қобдишадан 70% этил спирті, 5% йод ерітіндісін алу.
4. Жарақатты 70% спиртке малынған стерильді мақта шаригімен өңдеу, шарикті астаушаға тастау.
5. Қанды тоқтатпай, қолды сабынмен жуу.
6. Жарақатты стерильді мақта шаригімен құрғату, шарикті астушаға тастау.
7. Жарақатты 70% спиртпен қайталап өңдеу, содан соң 5% йод ерітіндісімен өңдеп, қолданылған материалдарды астаушаға тастау.
8. Жарақатқа бактерицидты пластырьді жабыстыру.
9. Резеңке саусаққапты киіп, үстінен қолғапты кию.
