Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
клиниека.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
913 Кб
Скачать
☆

65.Тәуліктік рацион калориясының қанша пайызын майлар құрайды?

Рационда тәулігіне жануар текті май 70% , ал өсімдік текті майлар 30% болу қажет.

69.№ 1 Диета қандай науқастарға тағайындалады?

Асқазан, ұлтабар жарасы, қышқылдығы жоғары созылмалы гастрит.

70.№ 8 Диетада қандай тағамдар қолданылады?

Сипаттамасы: майлар мен көмірсулар есебінен тамақтың энергетикалық құндылығын шектеу. Соған сәйкес ақуыздың мөлшерін көбейту. Тұздықтарды, экстрактты заттарды, сұйықтықтарды шектеу. Көкөністерді көбейту. Тәулігіне 5-6 рет қабылдау.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: қара нан, пісірілген майсыз ет және балық. Қарамық ботқасы. Әр түрлі көкөністер (картоптан басқа) өсімдік майымен. Жеміс-жидектер. Майсыз сүт, сүт өнімдері, қант орнына ксилит қолдану

71. Аіи дезинфекция жүргізу схемасын түсіндіріңіз?

  1. Науқасты уақытша оқшаулау, жұқпалы аурулар бөлімшесіне немесе изоляторға (жұқпалы ауру түріне қарай) ауыстыру.

  2. Қажет концентрациядағы дезинфекциялық ерітінділерді дайындау.

  3. Өңдеуге арналған маркерленген инвентарді дайындау.

  4. Тамақ қалдықтарын, ыдыстарды зарарсыздандыру.

  5. Заттарды камералы дезинфекция үшін клеенка қапқа салу.

  6. Бөлме жиһаздарын дезинфекциялау үшін бөлме ортасына жинау.

  7. Жылу құбырларын, плинтус, қабырға, терезе, есіктерді дезинфекциялық ерітіндіге батырылған шүберекпен сүрту.

  8. Қалдықтарды жинап өртеу немесе зарарсыздандыру.

  9. Қабырға және жиһаздарды өңдегеннен кейін дезинфекциялық ерітіндімен еден қайта өңделеді.

  10. Арнайы киімді камералы дезинфекциялау үшін клеенка қапқа салу.

72.Контейнерлерді тасымалдауға арналған арбаға тыйым салынады?

Рұқсат етілмейді:

1) қалдықтармен жұмыс істеу кезеңдерінде әртүрлі класты араластыруға болмайды;

2) қалдықтарды қолмен тығындауға болмайды;

3) арнайы киімсіз және қолғапсыз жұмыс істеуге болмайды;

4) қалдықтары бар ыдыстарды электр құралдарының жанына қоюға болмайды.

73.Кушеткаларды дезинфекциялау ережесін атаңыз?

Кушетканы, толығымен клеенкамен жабылған, екі қайтара 1% хлорамин ерітіндісімен, егер пациенттің қанымен былғанса онда– 3% хлорамин ерітіндісімен немесе 1,5% гипохлорит кальций ерітіндісімен сүрту керек.

74.Операциялық алаңды өңдеуге арналған антисептиктерге мысал келтіріңіз?

Операция аймағын өңдеу 2 кезеңнен тұрады.

І кезеңде сабынды сумен гигиеналық жуу, түктерді қыру өткізіледі.

ІІ кезең операция алдында жүргізіледі.

Қазіргі кезде операция аймағын өңдеу үшін йодонат, йодоперин, хлоргексидин биглюконат, 70% спирт, первамур, АХД, бриллиант жасылы қолданылады. Кең ауқымды өңдеуді операция аймағын залалсызданған жаялықпен шектеу алдында, кесуді жасар алдында және жараға тігіс салу алдында және тігіс салып болғаннан соң орталықтан шетке қарай 2 рет жүргізіледі.

75.Шиммельбуш биксінде заттарды орналастыру түрін анықтаңыз?

Залалсыздандыру алдында заттарды Шиммельбуш бикстеріне орналастырады. Ол үшін бикске 2 ақжайма төселеді.Біреуіне заттарды орап, екіншісімен сенімді болу үшін жабады.Залалсыздандыру алдында бикстің тесіктерін ашып қояды. Бикстерге зат-саймандарды орналастырудың негізгі 3 түрі бар:

- толық салу (универсальная укладка), - бұл кезде бикске таңу немесе кіші операция бөлмесінде күні бойы қолданатын заттардың бәрі салынады;

- түріне қарап салу (видовая укладка) – бұл кезде бикске материалдың немесе жаялықтың бір түрін ғана салады. Үлкен операция бөлмелерінде қолданылады;

- мақсатына қарап салу (целенаправленная) кезінде бикске белгілі бір операцияға қажетті заттардың барлығын салынады.

76.№ 11 диетада рұқсат етілмейтін тағамдар?

Өте майлы ет, құстың өте майлы еті; қой, ірі қара малы майлары, кулинариялық май; дәмі өткір, майлы тұздықтар; крем көп мөлшерде қосылған торттар, тәтті тоқаштар. Тұздалған және маринадталған өнімдер.

78.Операция кезінде операциялық бөлменің 1 м3 ауасында рұқсат етілетін микроорганизмдер санын анықтаңыз?

Операциялық бөлмеде бактерияның көбейетіндігін мына жолдармен тексереді: ауаны қоректік ортаға егіп, кубатураға сәйкес етіп есептейді.Мысалы:операция алдында 1 м3 ауада микроб денешіктері 500-ден аспау керек, ал операция кезінде-1000-нан, бірақ патогенді микроорганизмдер болмаған жағдайда ғана осы көрсеткіштер қолданылады.

79.Жасанды тамақтандыру қандай жолдар мен жүзеге асырылады?

  1. Ауыз, мұрын арқылы немесе гастростома арқылы енгізілген зонд көмегімен;

  2. Клизма көмегімен қоректік ерітінділерді енгізу;

  3. Қоректік ерітінділерді парентералді (күре тамырға тамшылатып) жолмен енгізу.

80.Парентералді тамақтану үшін қанша % глюкоза ерітіндісі қолданылады?

Парентералді тамақтану үшін аминоқышқылдар ерітінділері, 5% глюкоза ерітіндісі қолданылады.

Көрсетілімдер адекватты емес ішектер жеткіліксіздікі механикалық ішек өтімсізділігі. Қысқа ішек синдромы. Ауыр панкреонекроз жіңішке ішектің сыртқы свищі.АПерация алдындағы дайындық. Парентералды қөректенуге қарсы көрсетіоімдер. Белгілі бір м аллергиялы. Реакция. Шок . Гипергидратация.

Көмірсу парентералды тамақтандыру үшін ең аса көп таралған нутриент глюкоза оның энергетикалық құндылығы 4 ккал г тен, парентералдық тамақтандырудағы глюкоза көлемі 50 % - 55% тең болу қажет. Рацианольді ағзаға глюкоза ену жылдамдығы глюкозурия болдыфрмас үшін 5мг/(кг*сағ) Ал максимальді жылдамдығы 0,5 г(кг*сағ) . ГЛюкозанын парентеральді жолмен енгізілетің күндік көлемі 5-6 г(кг*сағ) аспауы қажет . Мысалы пациенттін салмағы 70 кгға глюкоза енгізу көлемі 350 г болуы қажет, соған орай 1750 мл 20% глюкоза енгізу қажет. Осыған орай 350 г глюкоза 1440 ккал энергия өндіреді

Глюкоза концентрациясы

Глюкоза көлемі, грамм литрдегі

Энергетикалық құндылығы ккал 1 л ерітіндіде

Инсулин Ед енгізу мөлшері

5%

50

200

12

10%

100

400

25

20%

200

800

50

40%

400

1600

100

Парентеральды тамақтандыру техникасы: қазіргі танда 2 техникасы бар

1.әртүрлі сұйықтықтардан жасалған Инфузия( MULTI BOTTLE)

2.Барлығы біреуінде (ALL IN ONE)

1974 жылы К. Солассолом енгізілген Сол технологияға қатысты барлығы біреуінде екі түрлі варианттары берілген. Екеуі біреуінде two in one және үшеуі біреуінде three in one