Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
клиниека.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
913 Кб
Скачать
☆

32.Термометрдің қанша түрі бар және оларды атаңыз?

  1. Сынапты

  2. Сандық

  3. Моментальды

  4. Терможолактар

33.Пероральді тамақтану

Жалпы режимдегі пациенттер асты асханада ішеді. Қозғалысы шектелген режимдегі науқастар тамақты палатасында ішеді. Төсек тартып жатқан науқастарды тамақтандыу үшін кереуеттің үстіне науқастың алдына қойылатын үстелше қолданылады. Пациенттің кеудесін және мойнын сүлгімен жабады. Жағдайы ауыр науқастарды оған ыңғайлы жағдайда жатқызып, басын шамалы көтереді. Әлсіз науқастарды қасықпен тамақтандырады. Ал сұйықтық және сұйық тамақтарды ішкізу үшін арнайы су ішкізетін ыдыстармен береді. Күтуші адам бір қолымен пациенттің басын көтеріп, ал екіншісімен қасықта немесе су ішетін ыдысты науқастың аузына жақындатады

34.Тәулік бойы адамның қоладанатын сұйықтық мөлшері?

Орта есеппен алғанда ересек адамның суға қажеттілігі тәулігіне 2,5 литр. Адам 1 - 1,5 л суды сұйықтық (сорпа, шай, компот) арқылы, 1 - 1,5 л -тағам өнімдерінен алады, 0,3 - 0,4 л ағзаның зат алмасуы кезінде түзіледі.

35.Аурухананың қабылдау бөлімінің негізгі қызметтері:

  1. науқастарды қабылдау және тіркеу;

  2. қарау, науқастарды біріншілік тексеруден өткізу және көрсеткіштері бойынша лабораториялық экспресс-диагностика жүргізу;

  3. науқастарды сұрыптау;

  4. шұғыл мамандандырылған медициналық көмекті көрсету;

  5. санитарлық өңдеуден өткізу (толық немесе жартылай);

  6. медициналық құжаттарды толтыру;

  7. науқастарды аурухананың емдеу бөлімшелеріне тасымалдау.

36.Қай диета жалпы үстел деп аталады және сипаттама беріңіз?

Диета № 15 арнайы диетаны қажет етпейтін және асқорыту мүшелерінің бұзылыстары жоқ аурулар. Жалпы сипаттамасы: ақуыз, май, көмірсулар құрамы сау адамдарды тамақтандырудың нормаларына сай. Дәрумендердің мөлшері екі еселенген. Тағам әртүрлі өнімдерден тұрады. Қиын қорытылатын тағамдар: майлы ет, тәтті қамыр, кептірілген өнімдер, шұжықтар шектелінеді. Қоспалар аз мөлшерде беріледі.

37.Сау адамның тамақтану рационында тәуліктік ақуыз мөлшері құрау қажет?

Ағзада ақуыз қоры болмайды, сондықтан ақуыз тамақпен қажетті мөлшерде түсіп тұруы қажет. Орта жастағы адамдардың ақуыз нормасы тәулік бойынша 1-1,5г/кг дене салмағына тең. Қарт адамдарға ақуыздың қажеттілігі 1граммнан аздау болады. Ағзаның ақуыздарға қажеттілігі физикалық, эмоционалдық жүктемелерде, үсіктерде, дене қызуында жоғарылайды. Ересек адамдарда ақуызды қолдану мөлшері 1 кг дене салмағына тәулігіне 0,7-1,5 г құрайды, сондықтан оның 1/3 бөлігі толық жануар текті ақуыз болу керек, ал 2/3 бөлігі – өсімдік текті.

39.Ақаулы ентігу түрлерін атаңыз?

Инспираторлы ентігу- жоғары тыныс жолдарында механикалық кедергіге байланысты дем алудың қиындауы. Инспираторлы ентігу көмей стенозы, ірі бронхыны ісік басқанда және т.б. болады.

Экспираторлы ентігу – ұсақ бронхылар тарылғанда дем шығарудың қиындауы. Науқастар өкпеден ауаны сығып шығарғандай сезімде болады. Экспираторлы ентігу бронх демікпесі, өкпе эмфиземасы бар науқастарда байқалады.

Аралас ентігу (дем алу мен дем шығарудың қиындауы) «асқынған» өкпе аурулары кезінде және жүрек жеткіліксіздігінде пайда болады. Ентігудің асқынған дәрежесі тұншығу деп аталады.