- •1 Станса және телімдер жұмыстарын басқару технологиясы
- •1.1 Темiржол стансаларының технологиялық және өндiрiстiк жұмысы
- •1.2 Темiржол және көлiк тораптарының жұмысын ұйымдастыру
- •1.1. Сурет .Құрамды таратуға дайындау кезінде техникалық қарау оталары
- •1.2 Сурет - Құрамның құрастыруға және жөнелтілуге дайындауға кететін технологиялық графигі
- •1.3 Вагондарды поезд құрамына жинақтау үрдісі
- •1.4 Пайдалану жұмысын басқару және станция жұмысын шұғыл жоспарлау
- •1.5 Поездардың жақындағандығы туралы ақпарат
- •1.6 Стансаның техникалық тексеру бекетінің жұмысын ұйымдастыру
- •2 Пойыз және оның тасымалдау құжаттары туралы түсінік
- •2.1 Пойыздардың түрлері
- •2.2 Стансалардың тағайындалуы. Станса жұмыстарын реттейтін негізгі құжаттар
- •2.3 Жүк шептерінде вагондарды өндеу технологиясы.
- •3 Техникалық бөлім
- •3.1 Айлалық операцияларды шама-шарттау. Айлалық жұмыстарды ұйымдастыру
- •3.2 Пойыздардың қозғалыс керегенін құрастыруға арналған есептік мәліметтер
- •3.3 Теміржол желісінің өткізгіштік және тасымалдау қабілеттілігі. Өткізгіштік және тасымалдау қабілеттіліктері туралы ұғым
- •4 Экономикалық бөлім
- •4.1 Теміржол көлігінде жүрісті басқару
- •4.2 Тиелген ресурстарды жоғары өзіндік критерийі бойынша бөлу
- •5 Қоршаған орта және еңбекті қорғау
- •5.1 Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігі
- •5.2 Өндірістік зиянды және қауіпті факторларды саралау
- •5.3 Тeмiр жoл көлiгiндeгi қayiпсiздiк тәртiбi
- •5.4 Стaнсaлық жoлдaрдaғы тeхникa қayiпсiздiгi
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
3 Техникалық бөлім
3.1 Айлалық операцияларды шама-шарттау. Айлалық жұмыстарды ұйымдастыру
Кеңес Одағының кезінде жол қатынастары министрлігінің қозғалысты басқарудың бас басқармасының нормативтік зерттеу стансасы айлалық жұмыстың әртүрлі түріне кететін уақытты есептеуге арналған формулалар жиынтығын құрастырды. Ондағы коэффициенттер айланың орындалу ұзақтығына ықпалы бар өлшемдік ерекшеліктер негізінде келтіріліп алынған және айлалық операцияларды орындауға қажетті қажетті уақытты жылдам анықтауға мүмкіндік береді.
Тартым жолында құраманы сұрыптаудың технологиялық уақыты:
,
(3.1)
мұндағы
сұрыптаудың
технологиялық уақыты:
,
вагондарды
шегіндірудің технологиялық уақыты:
,
құрамадағы
вагон ағытпаларының саны;
пойыз
құрамындағы вагондар саны.
Шегіндіру немесе жекелеп итеру айлаларын жасау кезінде Тос шамасы (2.9) формуласына кірмейді.
А және Б кэффициенттері 2.6 кестеде келтірілген. Олар локомотивтің тартым жолына енуі және құраманы тартып шығару уақытын есепке алады.
Вагондардың бір жолға жинақталуы кезіндегі біртопты құраманы құрастыруды аяқтаудың технологиялық уақыты келесі формуламен анықталады:
,
(3.2)
мұндағы
ТПЕ
талаптарына сәйкес вагондарды құрамаға
қоюдың
технологиялық уақыты;
сұрыптау
стансаларында дөңестік сұрыптау жолында
тұрған вагон ағытбаларының арасындағы
бос уақыт аралығын болдырмау үшін тартым
жолы жағынан вагондарды тарту уақыты.
Қазақстан Республикасының теміржолдарын техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес вагондарды пойыз құрамына ретімен қою операцияларына іргелес вагондардың автотіркегіш биіктігінің айырмашылығы бекітілген 100 мм ауытқудан асып кетпеуін қадағалау және қауіпті немесе қатаң бақылаудағы жүктері бар вагондарды қауіпсіз вагондармен тасалап орналастыру операциялары жатады.
(2.10) - формуланың құрамына кіретін элементтер келесі түрде анықталады:
;
(3.3)
.
(3.4)
мұндағы
құрастырылған
құрамадағы вагондар саны.
В және Е коэффициенттерін техникалық пайдалану ережелерінің талаптарына сәйкесвагондарды ретімен орналастыру үшін, жинақталған құрамадағы (Ро) вагон ағытпалары бойынша жасалған операциялардың санына байланысты 2.7-кестеден табады. Нақтылы бір стансадағы мұндай операциялардың орташа шама-шартын кем дегенде 30 құраманың құрастырылуына бақылау жасау арқылы анықталады.
Іс жүзінде есептелініп бекітілген бұл формулалар уақыттың орташа шама-шартын анықтауға мүмкіншілік береді деп есептеуге болады. ТПЕ бойынша вагондарды жинақталатын құрамаға рет-ретімен орналастыру кезінде вагон ағытпаларының саны әртүрлі болғандықтан, белгілі-бір құраманы құрастыру уақыты орташа шама –шарттан ауытқып тұруы мүмкін.
Қос жолға жинақталатын бір топты немесе екі топты құраманы құрастыруды аяқтаудың технологиялық уақыты:
.
(3.5)
Құрастырылып біткен соң сол жинақталған жолға орналастырылатын құраманың бөлігіне вагондарды ретімен қою уақыты ТПЕ бойынша формуламен анықталады.
Қоғалыс керегені - теміржол желісінің толық жұмысын уақыт өлшеміндегі сызба түрінде көрсету үшін құрастырылады және ол жолаушылар мен жүктерті тасымалдау жоспарының өз мерзімінде дұрыс орындалуын, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін, жылжымалы құрамалар мен техникалық жабдықтардың тиімді пайдаланылуын, стансалар мен жол телімдерінің өзара тұрақты әрекеттестігін, локомотивтер мен пойыз бригадаларының үзіліссіз жұмысының бекітілген мерзімінде орындалуын қамтамассыз етуі керек.
Пойыздардың қозғалыс керегенін құрастыру қозғалыс жылдамдығын, локомотивтер мен басқа да техникалық жабдықтарды тиімді пайдалану көрсеткіштерін, сонымен қатар теміржолдың техникалық құрылғыларының бүтін күйінде сақталуын қамтамассыз ете отырып, әртүрлі категориядағы пойыздардың берілген санының жол телімінен қауіпсіз жүріп өтуін қарастырады. Ендеше пойыздардың қозғалыс керегені теміржолдың пайдалану жұмысының жоспары болып табылады және жүк пойыздарының қозғалысын ұйымдастыруды ғана белгілемейді, сонымен бірге станса, депо жұмысын, вагон, жол, СОБ және байланыс құрылғыларының жұмысын көрсетіп тұрады. Жүктерді жеткізу жылдамдығы, жолаушы тасымалының сапалық деңгейі және тездігі - осының барлығы тікелей қозғалыс керегенін дұрыс ұйымдастыруға байланысты. [7]
Қозғалыс керегені үнемі жетілдіріліп отырады және оны жетілдіру келесі жолдармен жүзеге асуы керек: көліктік бөлімшелердің өзара тұрақты байланыста болуын қамти отырып, олардың ең оңтайлы жұмыс жағдайын қамтамассыз ету; пойыздардың салмағын және жүріс жылдамдығын жоғарғы шекке дейін жеткізу; есептегіш техникаларды пайдалану негізінде қозғалыс керегенін құрастыру.
Қозғалыс керегені арқылы пойыздардың жол телімінде жүріп өту уақыттары, келу және жоларалықтан өту уақыты, локомотивтердің телімде және стансада болу мезеті анықталады.
Теміржол көлігінде және өнеркәсіптік кәсіпорындарда озық жұмыс технологиясын қолдану арқылы құрылатын, зауытішілік тасымалдарға қатынасатын пойыздардың қозғалыс керегені көп таралған.
Өнеркәсіптік көліктегі пойыздардың қозғалыс керегені магистралды түйіспе станса жұмысымен өзара әрекеттестіктегі теміржол цехтарының барлық бөлімшелері мен зауыттардың пайдалану жұмыстарын біріктіретін тасымалды ұйымдастырудың негізгі көрінісі болап саналады. Қозғалыс керегенін жасауға қойылатын негізгі шама-шарттар ТПЕ мен оның тарауларында көрсетілген талаптарды ескере отырып, зауыттар мен түйіспе стансалардың, теміржол көлігі жұмысының біртұтас технологиялық үрдісі негізінде жобаланады.
Қозғалыс керегені координат осінде пойыздар жүрісінің уақыты мен аралығын және жүріп өткен жолының уақытқа тәуелділігін бейнелейтін сызбалық көріністе жасалады. Қозғалыс керегенінің тор көздері жекелеген бекеттердің осьтерін көрсететін көлденең және уақыт шамасын көрсететін тік сызықтардан тұрады. Мұндағы қалың тік сызық тәуліктің 24 сағатын көрсетеді, ал олардың аралағындағы жіңішке үзік сызықтар жарты сағаттық аралықты, жіңішке тұтас сызықтар он минуттық аралықты көрсетеді. Тор көздегі пойыздардың жүрісі түзу көлбеу сызық арқылы көрсетіледі. Ол көлбеу сызықтың көлденең оське түсетін проекциясы екпіндеу және тежелу уақытын қосып есептегендегі жүріс уақытына тең болады. Пойыз жоларалықтардан әртүрлі жылдамдықпен өтетіндіктен пойыздардың жүрісін көрсететін түзу көлбеу сызықтар шамалап алынады. Сондықтан түзу көлбеу сызықты алмастыратын нақтылы қисық пойыздың жүріс сызығы деп аталады. Пойыздардың келу, жөнелу және жүріс жолының уақыты оның жүріс сызығының жекелеген бекеттердің осьтерімен қиылысу нүктесімен сәйкес келеді.
Жүріс уақыты сағат тілі бойынша солдан оңға қарай он минуттық аралықпен есептелінеді, минутты көрсететін сандар пойыздың жүріс сызығы мен жекелеген бекеттердің көлденең осьтерінің қиылысу бұрышының үстіне қойылады. Жол телімінің соңғы жоларалығының үстіне оның нөмері қойылады.
Қозғалыстың жүктелген және кері бағыттағы шамаларының арақатынасына байланысты қозғалыс керегендері жұптасқан және жұптаспаған деп екі топқа бөлінеді.
Жұптасқан кереген деп қозғалыстың екі бағытына бөлінетін пойыздардың саны бірдей болатын, ал жұптаспаған деп жүріс бағыттары бойынша бөлінетін пойыздардың саны әртүрлі болатын керегенді айтады. Біржолды жұптасқан кереген симметриялы түрде құрылады, яғни жоларалықтың бір бағыты бойынша пойыздардың жүріс уақытын белгілеген соң, қарсы бағыттағы пойыздардың жүріс кестесін белгілейді. Жолдан қосылатын пойыздардың жүріс тәртібіне байланысты керегендер пакетті және топтасқан деп бөлінеді. Пойыздардың топтасып орналасуы кезінде олар станса аралық жоларалықтармен шектеле отырып бірінің артынан бірі жөнелтіледі. Жолдағы пойыздар, олардың арасына қарсы бағыттан бірде-бір пойызды жіберуге болмайтындай етіп орналастыралады. Пойыздарды топтастырып орналастыру жол теліміндегі жұптаспаған жүріс кезінде және автоматтандырылған блокировкамен жабдықталмаған және де блок қосындары жоқ жоларалықтарда қолданылады. Пакетті кереген деп (3.8-сурет) жолдағы пойыздар жартылай автоматтандырылған қосынаралық жоларалықтармен немесе автоматтандырылған блокировкалы блок-телімдермен шектелген жоларалықтарда бір мезгілде бірнеше пойыз болатын керегенді айтады. Егер пойыздардың жартысы ғана пакетті кереген бойынша жүретін болса, онда ол жартылай пекетті кереген деп аталады. Пакетті және топтасқан кереген түрлері біржолды тәрізді қосжолды жолдарда да қолданылады.
