- •1 Станса және телімдер жұмыстарын басқару технологиясы
- •1.1 Темiржол стансаларының технологиялық және өндiрiстiк жұмысы
- •1.2 Темiржол және көлiк тораптарының жұмысын ұйымдастыру
- •1.1. Сурет .Құрамды таратуға дайындау кезінде техникалық қарау оталары
- •1.2 Сурет - Құрамның құрастыруға және жөнелтілуге дайындауға кететін технологиялық графигі
- •1.3 Вагондарды поезд құрамына жинақтау үрдісі
- •1.4 Пайдалану жұмысын басқару және станция жұмысын шұғыл жоспарлау
- •1.5 Поездардың жақындағандығы туралы ақпарат
- •1.6 Стансаның техникалық тексеру бекетінің жұмысын ұйымдастыру
- •2 Пойыз және оның тасымалдау құжаттары туралы түсінік
- •2.1 Пойыздардың түрлері
- •2.2 Стансалардың тағайындалуы. Станса жұмыстарын реттейтін негізгі құжаттар
- •2.3 Жүк шептерінде вагондарды өндеу технологиясы.
- •3 Техникалық бөлім
- •3.1 Айлалық операцияларды шама-шарттау. Айлалық жұмыстарды ұйымдастыру
- •3.2 Пойыздардың қозғалыс керегенін құрастыруға арналған есептік мәліметтер
- •3.3 Теміржол желісінің өткізгіштік және тасымалдау қабілеттілігі. Өткізгіштік және тасымалдау қабілеттіліктері туралы ұғым
- •4 Экономикалық бөлім
- •4.1 Теміржол көлігінде жүрісті басқару
- •4.2 Тиелген ресурстарды жоғары өзіндік критерийі бойынша бөлу
- •5 Қоршаған орта және еңбекті қорғау
- •5.1 Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігі
- •5.2 Өндірістік зиянды және қауіпті факторларды саралау
- •5.3 Тeмiр жoл көлiгiндeгi қayiпсiздiк тәртiбi
- •5.4 Стaнсaлық жoлдaрдaғы тeхникa қayiпсiздiгi
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
3.2 Пойыздардың қозғалыс керегенін құрастыруға арналған есептік мәліметтер
Қозғалыс керегенін құрастыруға арналған есептік мәліметтер: пойыздардың жоларалықтағы жүріс уақыты және түрлері бойынша пойыздардың екпіндеу, тежелу уақыттары; станса аралық арақашықтықтар, яғни пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, қажетті операцияларды орындай отырып бір пойыздың белгілі бір бекетке келуі немесе жөнелтілуі кезеңдеріндегі ең аз уақыт; пойыз аралық арақашықтықтар, яғни пойыздардың қозғалысына қатысы бар байланыс жабдықтарына байланысты пойыздардың жоларалықтардан өту аралықтарын белгілейтін ең аз уақыт шамасы; белгіленген операцияларды орындау үшін пойыздың стансада аялдау уақытының шама – шарты (автоматтандырылған тежегіштерді тексеру, жолаушыларды түсіріп-отырғызу және т.б.); негізгі және айналымды депосыбар стансаларда, жұмыс тобын ауыстыру бекеттерінде локомотивтердің тұру уақытының шама-шарты; телімдік, жүктік, жолаушылық және сұрыптау стансаларында пойыздаоды өңдеу уақытының шама-шарты.
Жүрістің жоларалықтағы уақыты пойыз қозғалысының жекелеген бекеттеріндегі аялдау және тоқтаусыз өтуін есепке алатын тартымдық есептемелермен, сонымен бірге жекелеген бекеттердің осьтерінің аралығы бойынша, ал өтпелі бағдаршамдары бар аралықтарда жол бекеттерінің немесе өтпелі бағдаршамдар аралығымен анықталады. Осы жүріс уақытының шамаларының арасындағы ауытқу екпіндеу және тежелу уақыттарының шама-шартын айқындайды.
Пойыздың стансада аялдау уақытының шамасы: жылжымалы құрамаларды техникалық өңдеу үшін (тежегіштерді және вагондардың техеикалық күйін тексеру, вагондарды ағыту және тіркеу т.б.); жүк және жолаушыларға қатысты операцияларды жасау үшін; жекелеген бекеттерге пойыздарды қабылдау, жөнелту және өткізу барысында ерекше қырағылықты қажет ететін жерлердің болуы (пойыздардың қиылысуы және басып озуы) кезіндегі жүріс уақытын анықтау үшін керек. Жекелеген бекетердегі пойыздардың аялдау уақыты стансаның жұмыс технологиясының үрдісі бойынша операцияларды жасау уақытының шама-шарты болып бекітіледі.
Стансалық аралықтар пойыздарды қабылдап-жөнелту және өткізу операцияларын орындау үшін қажетті уақытпен, пойыздардың кіру бағдаршамына келген кезде белгіленген жылдамдықпен кедергісіз өту, ал тоқтаусыз өту кезінде жекелеген бекеттердің шығу бағдаршамына дейін пойыздардың жүріс қауіпсіздігін қамтамассыз ету шатттарын сақтай отырып жүріп өту уақытымен анықталады.
Стансалық аралықтар келесі түрлерге бөлінеді:
-
пойыздардың әртүрлі уақытта келу аралығы
(
- біржолды телімдегі стансағабір
бағыттағы пойыздың келу уақытынан,
қарсы бағыттағы пойыздың осы стансаға
келу немесе өту сәтіне дейінгі ең төменгі
шекті уақыт);
-
пойыздың айырылысу аралығы (
-
пойыздың стансаға келу немесе өту
уақытынан сол жоларалықтан оған қарсы
бағыттағы келесі пойыздың жөнелтілуіне
дейінгі ең аз уақыт);
-
пойыздың жол бойындығы жүріс аралықтары
(
-
іргелес орналасқан жекелеген бекетке
пойыздың келу уақытынан, осы стансадан
босаған жоларалыққа сол бағыт бойынша
келесі пойызды жөнелту уақытына дейінгі
ең аз уақыт);
-
пойыздардың әртүрлі уақытта келу және
жол-жөнекей жөнелту аралықтары -
(
-
пойыздың стансаға келу және осы
стансадан жолай қосылатын оған бағыттас
пойызды жөнелту уақыттарының ең аз
шамасы);
- пойыздардың әртүрлі уақытта жөнелтілуі және жол-жөнекей келу аралықтары ( - пойыздың стансадан жөнелтілу уақытынан, осы стансаға іргелес стансадан жолай қосылған бағыттас пойыздың келу уақытына дейінгі ең аз уақыт).
Әрбір стансалық аралықтың шамасы осы аралық уақытында жасалынатын әрбір операцияның ұзақтығы бойынша аналитикалық есептеулер мен графикалық сызбалар жасау арқылы анықталады.
Стансалық аралықтардың шамасы пойыздық байланыс түріне, бағыттамалар мен белгілерді басқару тәсіліне, жекелеген бекеттердің орналасуына, бекеттерге келуіне, локомотивтің түріне және сериясына пойыздың салмағына және ұзындығына тәуелді болады.
