Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айдын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
469 Кб
Скачать
☆

1.4 Пайдалану жұмысын басқару және станция жұмысын шұғыл жоспарлау

Станцияның барлық өндірістік-шаруашылық жұмысын станция бастығы (ДС) басқарады, оның қарамағында станция бастығының орынбасары, бухгалтерия және кадрлар бөлімі болады. ДС жүк тиеу жұмысы жөніндегі орынбасарына тауар кеңсесі, жүкті қабылдап- тапсырушы және жұмыс тобы бағынады. Поездарды қабылдауды, жөнелту мен өткізуді станция кезекшісі басқарады, оған станса кезекшісінің (ДСП) жанындағы оператор, парк кезекшілері, сигналистерге бағынады. ДСП сонымен бірге бас және қабылдау-жөнелту жолдарындағы маневрлерді басқарады, поезд локомотивтерін депоға және кері өткізеді, маневрлік диспетчердің қарамағында СТО операторы, құрама бригадалар, РСДВ болады.

Станция жұмысын шұғыл жоспарлау міндеті әр тәуліктің немесе ауысымның нақты жағдайларында мемлекеттік тасымалдау жоспарын, қозғалыс кестесін және поездарды қалыптастыру жоспарын, станция жұмысының технологиялық процесін орындауды қамтамасыз етеді. Шұғыл жоспарлау жүйесі поездарды бөгетсіз қабылдауға, дер кезінде қалыптастыруға және жөнелтуге, вагондардың станцияда тұру уақытын қысқартуға, маневрлік құралдардың өнімділігін жоғарылатуға, тиеу жоспарларын орындауға мүмкіндік береді. Станцияларда тәуліктік, ауысымдық және ағымдағы шұғыл жоспарларды жасайды.

Станция үшін тәуліктік жоспарды жол бөлімшесі дайындайды. Ол диспетчерлік бұйрық түрінде станцияға жоспарланатын кезеңнің басына дейін үш сағаттан кешіктірілмей келіп түседі.

Тәуліктік жоспар келесі тапсырмалардан құралады: әр бағыттан қабылдауға жататын поездардың жалпы саны, транзитті және қайта өңдейтін деп бөлінетіндер; жөнелтуге бос вагондарды бөлумен, өз құрылуындағы поездарды көрсете отырып, әр бағытқа жөнелту жоспарланатын поездардың жалпы саны; бос вагондарды жылжымалы құраманың бағыты мен түрін көрсете отырып, жөнелтуге тапсырма; маршруттарға жөнелтуге жататын вагондардың санымен, маңызды жүктерді бөле отырып, тиеу және түсіру өлшемдері.

Ауысымдық жоспарды өз құрастыруындағы құраманы бөлумен қабылдауға, таратуға, құрастыруға және бағытқа жөнелту жататын поездардың саны бойынша белгілейді; маңызды жүктерді бөле отырып, тиеу және түсіру, жылжымалы құраманың бағыты мен түрін көрсете отырып, бос вагондарды жөнелтуге тапсырма; вагондарды маршруттарға жөнелту (жүктерді); вагондарды сұрыптау платформасына жіберу және алу, контейнерлік пункттер, тиеу жолдары, жүк ауласы және басқалар. 27 Ауысымдық жоспар маневрлік диспетчердің кестесінде белгіленеді. Ауысымдық жоспарды нақтылау поездардың құрамы және олардың келу уақыты туралы дәл ақпараттың негізінде ағымдағы жоспарларды құру кезінде жүзеге асырады.

Ауысымдық жоспарды нақтылауды поездардың құрамалары және олардың келу уақыты туралы дәл ақпараттың негізінде ағымдағы жоспарларды құру кезінде жүзеге асырады. Кезекшілік процесінде маневрлік диспетчер құрамалардың тарату және құрастырылуының басталу мен аяқталу мерзімін, топтық поездарды өңдеу, жергілікті вагондарды жіберу және алу мерзімін көрсете отырып, маневрлік жұмысты әрбір 1 - 2 сағатқа жоспарлайды. Маневрлік диспетчер жақын учаскелердегі вагондар тобының кестесі бойынша келісіп жеткізуді ескере отырып, құрамалар құрастырылуын аяқтауды жоспарлайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]