Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айдын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
469 Кб
Скачать
☆

1.5 Поездардың жақындағандығы туралы ақпарат

Станция жұмысын шұғыл жоспарлау поездардың жақындағандығы туралы дер кезінде ақпарат беруге негізделген. Станция екі түрлі ақпарат алады: алдын ала және дәл. Алдын ала ақпаратты жол бөлімшесінен тапсырмамен бірге кезекті ауысымға жібереді. Ол әр бағыттан ауысым ішінде станцияға келетін поездар туралы деректерден, оның ішінде қайта өңдеуге келіп түсетіндер, осы станцияға түсіруге келе жатқан вагондар туралы деректерден тұрады. Әрбір 4-6 сағаттан кейін жол бөлімшесі станцияға әрбір поезд туралы келесі деректермен түзетілген ақпаратты 28 жіберіп отырады: нөмірі, индексі, болжанатын келу уақыты, вагондардың жалпы саны және олардың массасы, құру жоспарының міндеттері бойынша вагондардың саны (қайта өңделетін поездар үшін), және де осы станцияға жүк түсіру үшін вагондар саны.

Толық немесе жартылай қайта өңдеуге келіп түсетін барлық поездарға (құрамалардан басқа) станция жеделхат – натура парақтары түрінде дәл ақпарат алу қажет. Оны поездарды жөнелту шамасына қарай (жөнелткеннен кейін 10 мин. кешіктірмей) орнатылған жол нұсқауларымен, құру станциясынан немесе ақпарат жіберу станциясынан береді. Құру станциясынан тарату станциясына дейін жүріс уақыты аз поездарда жеделхат – мәліметтер жібереді, онда поездың нөмірін, индексін, белгіленген жөнелту уақытын, санын, тарату станциясының міндеттері бойынша вагондар топтарының шартты ұзындығы мен массасын көрсетеді. Жеделхат – мәлімет құраманы құру аяқталған соң, 10 мин. кешіктірілмей берілу керек.

Тасымалдау процесін шұғыл басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің даму шамасы бойынша ақпарат алмасу өзара әрекеттесетін жол және тораптық есептеуіш орталықтардың ЭЕМ байланысының жанасқан каналдары арқылы қамтамасыз етіледі. ЭЕМ-нің осы деректерінің негізінде поездардың келу уақытын болжайды, байланыс каналдары бойынша пайдаланушыларға қажет деректерді қалыптастырады және жібереді.

1.6 Стансаның техникалық тексеру бекетінің жұмысын ұйымдастыру

Стансаның техникалық тексеру бекетіне (СТО) келетін және жөнелтетін поездарға жүк құжаттарын өңдейді және таңдайды, станциядағы вагондарға құжаттарды сақтайды, локомотивтік бригадалардан құжаттарды қабылдайды және тапсырады. СТО қызметкерлері станция жолындағы вагондардың болуы мен орналасуына үздіксіз нөмірлік есепке алу жүргізеді, есептілік құрайды, сонымен бірге станция жолдарында вагондарды дер кезінде жөнелтуді бақылайды, поездар мен вагондар туралы ақпаратты қабылдайды және жібереді. СТО- да вагон парктерінің болуы және қолданылуы туралы есептілікті, вагондардың жолдан жолға және бөлімшеден бөлімшеге өтуін жасайды. СТО құру жоспарының сақталуын, толық салмақты және толық құрамды поездарды жөнелтуді бақылайды.

Құрамаларды өңдеуді жеделдету үшін станция аумағында СТО дұрыс орналастырудың мәні үлкен. СТО-ны телімдік станцияда ИЦ мен маневрлік диспетчер орналасады. Ол оң жағынан қайта өңдеу паркі мен сұрыптау паркінің арасында орналасады. Осы жерде сол жағынан сұрыптау паркінің шыға берісінде шығынға жазудың телетайпты посттарымен СТО филиалы ұйымдастырылған. Олар үлкен диаметрлі пневмопочтамен қосылған. СТО штаты аға оператордан және станциядағы жұмыс көлеміне байланысты бір, екі ауысым операторынан құралады.

СТО операторы немесе поезды келгеннен соң өңдейтін ИЦ операторы кезекті ТГНЛ алады, берілген әрбір вагонның қарсы жағына құру жоспарының міндеттері немесе СП жолының нөмірін қоя отырып, айырады. Жүгі бар вагондардың міндетін бірыңғай желілік таңбалау кодтары бойынша, бос вагондар үшін вагондардың түрі бойынша анықтайды. Одан әрі топтағы вагондардың массасы мен санын есептейді: сұрыптау парағы үшін құру (ағыту) жоспары бойынша бірдей міндеттегі. Осыдан соң оператор әрбіреуі үшін қорытынды деректердің міндеті – вагондар массасы мен санын көрсете отырып, құру жоспарының міндеті бойынша барлық вагондарды бөлу кестесін құрайды. Өңделген ТГНЛ екі данасын станция жұмысын жоспарлау үшін маневрлік диспетчерге жібереді: жақын уақытқа поездарды қабылдау, тарату және құру үшін, поезды қабылдау жолдарын таңдау үшін. Диспетчер, поездың құрамы және қалыптасатын міндеттері туралы қорытынды деректерді басшылыққа ала отырып, құрамаларды тарату кезектілігін анықтайды. ДСЦ ТГНЛ бір данасын келгеннен соң поездарды өңдеумен айналысатын СТО операторына береді. Құрама мен тасымалдау құжаттарын тексерген соң, осы дананы төбешіктегі кезекшіге құраманы тарату кезінде сұрыптау табағы ретінде қолдануға береді. Екінші данасын вагондардың жинақталуын есепке алу жөніндегі операторға, белгіленген ТГНЛ үшінші данасы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің операторына жіберіледі. Жергілікті вагондар поездының құрамында күтілетін келуі туралы ақпаратты жүкті қабылдап алушыларға және жергілікті жұмыс жөніндегі диспетчерге жібереді.

Егер поездға ТГНЛ алынбаса, онда анықтама қағазды шынында келген құраммен салыстыру үшін телетайп немесе радионың көмегімен шығынға жазуды ұйымдастырады. Егер келу паркте құжаттарды жеткізу үшін тасымалдаушы құрылғылар болса, локомотивтік бригада пакетті (анықтама қағаздағы деректердің салыстырып түзетілгенмен сәйкестігін тексереді) қабылдау бункеріне тастайды. Егер мұндай құрылғылар болмаса, құжаттарды локомотив машинисті немесе оның көмекшісі СТО- ға тапсырады. Келген поездға құжаттарды алып, СТО операторы пакетті ашып, анықтама қағаздың деректерінің салыстырып түзетілген ТГНЛ-ға және вагонның құжаттарына сәйкестігін тексереді.

Салыстырып түзетілген ТГНЛ және таңбаланғанды маневрлік 31 диспетчер орындаған, СП жолдары бойынша жеке вагондардың міндеттерінің өзгерістерін ескере отырып, сұрыптау қағазын түзету үшін қолданады. Құрама мен құжаттарды өңдеуді аяқтаған соң, таңбаланған ТГНЛ данасын және транзитті вагондардың құжаттарын СТО операторы жөнелтуге жібереді. Вагондардың жолдан жолға ауысуын ескеретін пункттерде вагондардың тапсыруға жататын құжаттарын штампылайды. Таңбаланған және салыстырып түзетілген ТГНЛ бір данасын станция жолдарында вагондардың болуын үздіксіз нөмірлік есепке алу үшін қолданады (1.3 – сурет). Ағытып жөндеуді қажет ететін вагондарда тексерушілер бормен жазып қояды. Осы вагондарға ПТО қызметкерлері станция кезекшісіне, техникалық кеңсеге ВУ-23 формадағы мәлімдеме жібереді. Құраманы коммерциялық қатынас жағынан тексеру нәтижелері туралы поездарды қабылдаушы станция кезекшісіне хабарлайды және ол туралы ГУ-98 формадағы кітапшаға белгі қояды. Коммерциялық ақаулықты жою немесе жүкті тексеру үшін жүк ауласына жіберуді қажет ететін вагонға ГУ-23 жалпы формадағы акт жасалады.

Локомотивті ауыстырып, қайта өңдеусіз, ТГНЛ және транзитті поезды өңдеу графигі 1.3, 1.4 - суретінде көрсетілген.

Операциялардың атауы

Поезд келгенге дейін

Уақыты, миин

Орындаушылар

0 5 10 15 20

ТГНЛ алу, таңбалау және ТК, ПТО және маневрлік диспетчерге жіберу

ТК операторы

Сұрыптау парағын толтыру

ТК операторы

ДНЦ-дан поездың нөмірі және оның келгендігі туралы хабар алу

ДСП

ПТО және ПКО қызметкерлеріне поездың келу уақыты және жолы туралы хабарлау

ДСП

Кіріс басында құраманы тексеру

ТК операторы, телетайпист

Жүк құжаттарын техникалық кеңсеге жеткізу

5

ТК операторы

Жүк құжаттарын тексеру және ТГНЛ таңбасына және сұрыптау парағына өзгерістер енгізу

10

ТК операторы

Автотежегіш жеңдерді техникалық тексеру, ажырату және ілу

15

ПТО жұмыскерлері

Құраманы коммерциялық тексеру

15

ПТО жұмыскерлері

Келген поезды өңдеудің жалпы ұзақтығы

15

1.3 - сурет - ТГНЛ болған жағдайда қайта өңдеуге келіп түсетін транзитті поезды өңдеу графигі

Компрессорлық қондырғы бар станцияда автотежегіштерді локомотивті келген поездан ағытқан соң сынайды, ал ол жоқ жерде оны поезд локомотивімен істейді. [4]

Операциялардың атауы

Келгенге дейін

Поезд келгенге дейін

Орындаушылар

Уақыты, мин

0 5 15 20 30

ДНЦ-дан поездың нөмірі, міндеті, келу уақыты туралы хабар алу

ДСП

СТЦ, ПТО жұмыскерлеріне, депо кезекшісіне поездың нөмірі, келу уақыты және қабылдау жолы туралы хабарлау

ДСП, ДСП операторлары

Поезды өңдеуде жұмыскерлерді қабылдау жолына шығару

ПТО, ПКО жұмыскерлері

Локомотивті құрамадан ағыту, автотежегіштерді босату және құраманы қоршау

2

Сигналист, лок.бригада

Жүк құжаттарын локомотивтік бригададан қабылдау

5

ДСП, лок.бригада

Құрамаға техникалық қызмет көрсету

20

ПТО жұмыскерлері

Коммерциялық тексеріс және ақаулықтарды жөндеу

20

ПКО жұмыскерлері

Локомотивті тіркеу, автотежегіштерді сынау, жүк құжаттарын алу, соңғы сигналды ілу және жөнелту

10

ДСП, лок.бригада

Поезды өңдеудің жалпы ұзақтығы

30

1.4 - сурет - Локомотивті ауыстырып, қайта өңдеусіз транзитті поездың кестесі

Транзитті поездан ақау вагондарды ағыту кезінде маневрлік диспетчер оны станциядағы сондай міндеттегі вагондармен толықтырылуын қамтамасыз етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]