- •1 Станса және телімдер жұмыстарын басқару технологиясы
- •1.1 Темiржол стансаларының технологиялық және өндiрiстiк жұмысы
- •1.2 Темiржол және көлiк тораптарының жұмысын ұйымдастыру
- •1.1. Сурет .Құрамды таратуға дайындау кезінде техникалық қарау оталары
- •1.2 Сурет - Құрамның құрастыруға және жөнелтілуге дайындауға кететін технологиялық графигі
- •1.3 Вагондарды поезд құрамына жинақтау үрдісі
- •1.4 Пайдалану жұмысын басқару және станция жұмысын шұғыл жоспарлау
- •1.5 Поездардың жақындағандығы туралы ақпарат
- •1.6 Стансаның техникалық тексеру бекетінің жұмысын ұйымдастыру
- •2 Пойыз және оның тасымалдау құжаттары туралы түсінік
- •2.1 Пойыздардың түрлері
- •2.2 Стансалардың тағайындалуы. Станса жұмыстарын реттейтін негізгі құжаттар
- •2.3 Жүк шептерінде вагондарды өндеу технологиясы.
- •3 Техникалық бөлім
- •3.1 Айлалық операцияларды шама-шарттау. Айлалық жұмыстарды ұйымдастыру
- •3.2 Пойыздардың қозғалыс керегенін құрастыруға арналған есептік мәліметтер
- •3.3 Теміржол желісінің өткізгіштік және тасымалдау қабілеттілігі. Өткізгіштік және тасымалдау қабілеттіліктері туралы ұғым
- •4 Экономикалық бөлім
- •4.1 Теміржол көлігінде жүрісті басқару
- •4.2 Тиелген ресурстарды жоғары өзіндік критерийі бойынша бөлу
- •5 Қоршаған орта және еңбекті қорғау
- •5.1 Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігі
- •5.2 Өндірістік зиянды және қауіпті факторларды саралау
- •5.3 Тeмiр жoл көлiгiндeгi қayiпсiздiк тәртiбi
- •5.4 Стaнсaлық жoлдaрдaғы тeхникa қayiпсiздiгi
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
2.3 Жүк шептерінде вагондарды өндеу технологиясы.
Тиеп-түсіру бекеттеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың негізгі міндеттері - көліктік жабдықтардың ең төменгі бос тұру уақыты мен тиеп-түсіру жұмыстарын ең төменгі шығынмен қамтасыз ете отырып, жүктік операцияларды орындау және өнеркәсіптік теміржол көлігі кәсіпорындарының өндірісі үшін жүктік кешен құру. Бұл жүктік кешенде тиеп-түсіру, вагондарды қою, жүрістік және басқа да жолдар; тиеп-түсіру жабдықтарын механикаландыру және автоматтандыру жабдықтары (құрылғылар мен механизмдер), жол аумағындағы қоймалар, вагондардың қозғалысына арналған айлалық жабдықтар, жүктерді жылытуға және босатуға (вагондарды жүк қалдықтарынан тазалауға) арналған құрылғылар мен механизмдер болуы керек.
Әрбір стансада оның жұмысының технологиялық үрдістері негізінде құрамалар мен вагондарға жекелеген операцияларды жасау және әрбір парктегі құрамаларды өңдеу уақытының технологиялық шама-шарты бекітіледі. Бұл межеленген уақыт мөлшерлері еңбек ұжымдары мен жұмыскерлердің жеткен жетістіктерін, жұмыс нәтижелерін ескере отырып белгіленеді және еңбек өнімділігінің артуын, стансада вагондарды өңдеу үрдісін жылдамдатуды, пойыздарды қабылдап жөнелту және вагондарды тиеп-түсірудің бекітілген уақыт межесін орындауды қамтамасыз етеді. [6]
Теміржол көлігіндегі жылжымалы құрамалардың қозғалысы пойыздық және айлалық деп екі топқа бөлінеді. Пойыздық - деп құрамында қызметтік локомативі, бекітілген номері және арнаулы белгілері бар жылжымалы құрамалардың жекелеген бекеттердің жоларалығындағы жүрісін айтады. Жылжымалы құрамалардың, жекелеген немесе топтасқан вагондардың, сонымен қатар дара локомотивтердің станса жолдары арқылы пойыздар мен вагондарды өндеудің әртүрлі түрлерін орындауға, тиеп түсіру және басқа да операцияларды жасауға арналған барлық қозғалысы айлалық деп аталады.
Айлалық жұмыстың негізгі бөлігі вагондарды жүк шептеріне беру, алу және қайта қоюды, құрамаларды сұрыптауды және жаңа пойыздарды құрастыруды, жөндеу операцияларын орындау барысында вагондарды беруді, алуды сонымен қатар вагондарды жабдықтауды қаитамассыз ететін мамандандырылған айлалық локомотивтермен атқарылады. Айлалық жұмыстар кейбір жағдайларда пойыз локомотивтерімен де атқарылады. Мысалы, жол телімінде жинақталған пойыздардың жұмысы кезінде жекелеген вагондарды құрамаға тіркеу және ағытып алу жағдайларында.
Айлалық жұмыстарды тікелей құрастырушы бригадалар мен айлалық локомотив бригадасы атқарады. Құрастырушы бригада екі адамнан тұрады: пойыздарды құрастырушы және парк кезекшісі. Айлалық локомотив бригадасының құрамына локомотив жүргізуші және оның көмекшісі кіреді. Жол бөлімшесі бастағының рұқсаты бойынша кейбір стансаларды құрастырушы өзі жалғыз жұмыс істейді. Сол сияқты «ҚТЖ» ҰК АҚ бұйрығы және жол бөлімшесі бастығының бекітуіне сәйкес айлалық локомотив жүргізушісіне станса аумағында өзі жалғыз жұмыс істеуге рұқсат етіледі
Айлалық жұмыстардың дұрыс орындалуына пойыз құрастырушы жауап береді. Айлалық локомотив бригадасы тікелей айлалық қозғалыстарды тек қана оның нұсқауы бойынша орындайды. Станса жолдарындағы айлалық жұмастар тек станса кезекшісінің, айлалық диспетчердің, станса диспетчерінің, пойыз диспетчерінің бұйрығы бойынша немесне техникалық тарқату актісінде көрсетілген тәртіптерге сәйкес жүзеге асады.
Сұрыптау айласы. Стансаға келген пойызға тиеуге немесе түсіруге жататын жергілікті вагондар қосылады және стансада құрастырылған басқа да вагон құрамалары қосылады.
Вагондарды баратын бағытына, тағайындалуына сәйкес жинақтау жолымен қою - сұрыптау айласы деп аталады.
Құрастыру айласы. Қазақстан Республикасының теміржолдарын техникалық пайдалану ережесінде және Пойыздардың қозғалысы мен айлалық жұмыстарға арналған нұсқаулықтарда пойызға вагондарды қоюдың белгіленген тәртібі бекітілген.
Бүлдіргіш (жарылғыш және уландырғыш заттары), қауіпті (сығылған газ, тез бүлінетін заттар, кислота) және тез жанатын жүктері бар вагондарды пойызға қою кезінде оларды адамдары бар вагондардан, жолсеріктері бар вагондардан, локомотивтерден, ал қажет болған жағдайларда бір-бірінен тасалау (алыс орналастыру), яғни олардың алдына қауіпсіз вагондарды қою керек.
Жоғарыда аталған вагон түрлерін қауіпсіз вагондармен тасалау тәртібі Пойыздардың қозғалысына арналған нұсқаулықта бекітілген. Вагондарды тасалауға негізінен қауіпсіз жүктері бар вагондар мен бос вагондар қолданылады. Құрастырылған құрамадағы тіркелген автотіркелгіштердің горизонталь ось деңгейіндегі ауытқуы 100 мм аспауы керек.
Жол бойында тіркеу, ағыту жасалатын жинақталған және басқа да пойыздар құрамындағы вагондар жол теліміндегі жұмыстарды ескере отырып ыңғайымен қойылады. Келтірілген ережелер мен тәртіптер және басқа да шарттар құрастыру айласын тиімді жасауды қажет етеді.
