Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айдын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
469 Кб
Скачать
☆

5 Қоршаған орта және еңбекті қорғау

5.1 Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігі

Қоршаған орта мен адам арасындағы қатынасты зерттейтін экология ғылымы - бүгінде көп салалы, әрі жан-жақты зерттеуді қажет ететін жалпы ғылымның іргелі салаларының бірі болып отыр. Ал экологиялық ахуалды құқықтық тұрғыдан зерттеу, оның негіздерін қалыптастыру және жетілдіру бүгінгі заман талабы, әрі көп аспектілі күрделі мәселе.

Ал қоршаған ортаны ластанудан құқықтық қорғау - бұл ғылыми еңбектерде зерттелмеген немесе жалпы негізде қарастырылып өткен.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 9-ші қаңтарда қабылданған  Экологиялық кодексінің 1-ші бабында  қоршаған орта - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын,  жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы деп көрсетеді.

Жалпы көптеген ғалымдар өздерінің еңбектерінде қоршаған ортаға әр түрлі анықтамалар бергенімен, олардың түпкілікті мазмұны, ұғымы бір болып келеді. Сондықтан да заңда берілген анықтама толыққанды деп есептейміз.

Бірақ, бұл жерде айта кететін мәселе жоғарыдағы көрсетілген атауды, яғни «қоршаған ортаны» әр жерде әр түрлі келтіреді. Мәселен,  бір еңбектерде ол «қоршаған табиғи орта», - деп келтірсе, бір еңбектерде «қоршаған орта», - деп, тіпті ертеректе «табиғат» - деп те келтірген.

Бұл мәселеге байланысты бірқатар ғалымдар өз еңбектерінде ортақ тұжырымдар жасаған және соған байланысты бұл атаулардың мазмұны бір болып айтылады немесе қабылданады.

В.В. Петровтың пікірінше «қоршаған табиғи орта» түсінігі табиғат және адамды қоршаған ортадан тұрады. Табиғат адам санасынан тыс табиғи экологиялық жүйеден тұратын және материалдық дүниенің эволюциялық дамуының нәтижесінде пайда болған табиғи орта, объективтік шындық. Табиғи орта - адамның өндірістік қызметінің әсерінен өзгермеген табиғи жаратылыс.

Ал «адамды қоршаған орта» деп табиғи ортаның бір бөлігі болып табылатын адамның антропогендік әсерінің негізінде қайта құрылған, органикалық бірлікте тұратын табиғи, модификациялық, трансформациялық экологиялық жүйе танылады.

«Қоршаған табиғи орта», «қоршаған орта», «сыртқы орта» терминдері қоршаған ортаны қорғау туралы келісім құжаттарында синоним сөздер ретінде қолданылады.

Әр түрлі мемлекеттердің тиісті саладағы заңдарының атауларының өзі әр түрлі болып келеді. Олар: «қоршаған орта», «қоршаған табиғи орта» және «орта».

Сонымен қатар «қоршаған орта» ұғымы, «қоршаған табиғи орта» ұғымынан әлдеқайда кең. Бұған қосымша бүгіндегі барлық табиғатты қорғауға байланысты ұлттық және халықаралық заң актілерінде, тиісті жасанды, әлеуметтік немесе өндірістік ортада пайда болатын қатынастарды реттейтін нормалар бар. Барлық жасанды орта табиғи ортада болатындықтан, олар қоршаған ортаның кең түсінігіне енеді.

Қоршаған ортаның түсінігінде және қоршаған ортаны қорғау объектілерінің түсінігінде әлеуметтік, өндірістік ортаны ендірмегенімен, заңдағы келесі баптарында сол өндірістік, әлеуметтік ортадағы қатынастарға құқықтық тұрғыдан шектеулер, талаптар, нұсқаулар және міндеттер қалыптастырады. Бұл дегеніміздің өзі сол орталардағы қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады, және қоршаған орта ұғымының қоршаған табиғи орта ұғымынан кең екендігін қайталап көрсетеді .

Сондықтан да «қоршаған орта» атауы, яғни негізгі заңның «қоршаған ортаны қорғау туралы» деп аталуы дұрыс деп есептеймін.

Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде көрсетілгендей, қоршаған орта - табиғи объектілердің оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы.

Бұған қосымша қоршаған ортаны қорғау туралы заңның  реттеу объектілері заңның қолдану аясында қайшылықтар тумау үшін аталған заңда айқын көрсетілген.

Сонымен нақты бір тоқтамға келген нақты теориялық тұжырымның және айтарлықтай айырмашылықтың болмауына байланысты  «қоршаған орта», «қоршаған табиғи орта», «айналадағы табиғи орта» және «табиғат» деген сөздердің негізгі мәндік ұғымын бір қабылдағанымыз дұрыс.

Осындай анықтамалардың мәндерінің дұрыс қолданылуы, оның мазмұндық шеңберінің айқындалуы - соған байланысты қатынастарды реттейтін заңдардың тиімділігін арттырады. Сондықтан да соңғы кездерде Қазақстанда, басқа да мемлекеттерде заң шығару жұмысы барысында көптеген атаулардың анықтамалары сол заңда нақты айқындалып кетеді. Бұл соңғы кездегі заң шығару жұмысндағы жетістіктердің бірі.

Сонымен «қоршаған ортаның» мәнін ашып алып, енді «қоршаған ортаны қорғау» деген ұғымды қарастырайық.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл ұғым да әр түрлі атау яғни «табиғатты қорғау», «қоршаған ортаны қорғау», «айналадағы ортаны қорғау» деп келтіре отырып, көптеген ғалымдар ол туралы өздерінің пікірлерін қалдырған.

Табиғатты қорғау - өмір сүріп отырған адамдардың, олардың ұрпақтарының материалдық және рухани қажеттілігін өтеуге байланысты, Жер ресурстарын және оның айналасындағы космостық кеңістікті тиімді пайдалануға, сақтауға және қалпына келтіруге, өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға бағытталған, құқықтық, экономикалық, өндірістік-техникалық, әкімшілік-шаруашылық, қоғамдық және мемлекеттік шаралар жүйесі болып табылады.

Табиғатты қорғау - табиғаттың өзіндік болмысын сақтау немесе оны қалпына келтіру арқылы табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Ол әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның бірі - айналадағы табиғи ортаны құқықтық қорғау .

Қоршаған табиғи ортаны қорғау - мемлекеттің экологиялық қызметінің бір түрі және ол бірнеше жаратылыстану, экономикалық, санитарлық-гигениялық, ұйымдық басқару, мәдени тәрбиелеу әдістері арқылы жүзеге асырылады деп көрсетеді.  

Қоршаған ортаны қорғаудың көптеген анықтамалары бар. Кең мағанада заңгер емес ғалымдар қоршаған ортаны қорғауды адамилық бағыттағы, биосфера заңдылығының басымдығы, технологиялық даму, үнемшілдік, экологиялық мәдениет, жүйелілік сияқты әлеуметтік экологиялық принциптерге негізделген қоғамдық әрекеттер жүйесі деп түсіндірілед. 

Ал қоршаған ортаны қорғаудың заңдық анықтамасы мынандай. Қоршаған ортаны қорғау, бұл «табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі».

Ұлттық  қауіпсіздіктің  қазақстандық  моделінде  де  мемлекет  мүддесі басым  тұр. Өзіндік ұлттық қауіпсіздік концепциясын талдап жасау мемлекеттің одан  әрі  дамуының  және  құйқылжыған  геосаяси  ахуалдар жағдайында дұрыс бағдар ұстау  қажеттілігінен  келіп  туды. Әлем тәжірибесі көрсетіп отырғандай,  ұлттық қауіпсіздік  концепциясын қабылдау  пікірталас  сипатына ие  емес, оны айтасыз,  ол  тіптен қоғамның  барлық  тараптарының  бұл  өреде  келісімге  келуін  де  талап  етпейді, мұның  өзі  аталған  мәселені  билік  басындағы төбе топ жемісіне жатқызады. Осы жерде Ресей  стратегиялық  зерттеулер институтының сарапшысы  И.А.Николайчуктің  бір  пікірімен  келіспеске  болмайды. Оның айтуынша,  билік  басына  келген  кез  келген  саяси  топ  ұлттық  қауіпсіздік концепциясын  өз  саяси  ерік-жігері,  өз мүддесі және өзінің  идеологиялық позицияларына сәйкес талдап  жасайды.

Бізде  қабылданған  «Қазақстан  Республикасы ұлттық қауіпсіздігі туралы»  заңына  талдау  жасау  Қазақстанның  өмірлік  маңызы  бар  ұлттық мүдделері,  ықтимал қатер  және олардан  қорғану жолдары нақпа-нақ айқындалғандығына қарамастан, заңды жасаушылар кейбір  баптар  бойынша  дамудың  ұтымды  перспективаларын  тірек  еткеннен  гөрі  қазіргі саяси  коньюнктураға  иек  сүйеп  кеткендігі  байқалады.

«Экологиялық қауіпсіздік» пен «қоршаған ортаны қорғау ұғымдары бір мазмұндас болып келгенімен, екі ұғымның бір-бірінен айырмашылықтары бар.

Қоршаған ортаны қорғау өзіне тиісті институттары (экологиялық мониторинг, экологиялық сараптама т.б.) арқылы динамиканы құраса, ал экологиялық қауіпсіздік – табиғатты тиімді, кешенді пайдалану және қоршаған ортаны тиісті деңгейде қорғалу нәтижесін құрайды».

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – экологиялық қауіпті жағдайларды және олардың салдарларын жою, алдын алу әрекеттерінің жүйесі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]