Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
treatise1025.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

11.1. Пиротехникалық өнімдерді сынау

11.1.1 Жалпы жағдайлар

Технологиялық шешімі берілген бөлім өндірістік және тұрмыстық тағайындалған пиротехникалық өнімдердің қауіпті факторлар сынау түрлерін анықтайды. ПҚ міндетті түрде сертификат бөлуі керек.

Сынаудың кез келген түрін қолдану барысында белгілі бір пиротехникалық өнімге сертификациялық сынау бағдарламасы арқылы жүргізілетінін ескеру қажет.

Қолданалатын барлық сынақ түрлерінде заттың жарамды уақыты көрсетілген құжат болуы қажет (куәлік, аттестат, формуляр, эксплуатация бойынша басшылық). Көрсетілген сынау және өлшеу әдістерін басқа да техникалық сипаттамасы бар әдістеріне алмастыруға болады.

Сынақ кезінде жұмыс журналын жүргізген дұрыс, онда пиротехникалық өнімдер туралы мәліметтер (аталуы, шифр, индекс т.б), сынақ күні, қолданылатын өлшеу заттары туралы мәліметтері (аталуы, түрі, өлшеу диапозоны, жарамды уақыты және т.б), сынақ талаптары (керек болса), сынақ нәтижесі (егер сынақ кезінде алынса) немесе сынаушының және сынақ басшысының аты – жөні жазылады.

11.2–кестеде сертификация бойынша анықталатын пиротехникалық өнімдердің және параметрлерінің түрлері келтірілген.

Кесте 11.2

Сертификация бойынша анықталатын пиротехникалық өнімдердің және параметрлерінің түрлері

ПҚ түрлері

Тексерілетін параметрлер номенклатурасы

1

2

  1. Пиротехникалық жылытқыштар

    1. Беттік ауданның температурасы

    2. Қабықшалардың бүтіндігі, ГОСТ 14839.20-77

  1. 2. Бенгал шамы, пиротехникалық алау (жарықтандырушы)

    1. Өртке қауіпті аймақтың өлшемі (жалындар)

    2. Стерженьнің температурасы

    3. Жоғары бөлігінің ұшуы

    4. Жарықтық сәуле

    5. Гигиеналық қауіпсіздік (түрлі-түсті жалындары бар өнімдерге)

  1. Тарсылдақ (хлопушка)

    1. Өртке қауіпті аймақтың өлшемі (алаулар)

    2. Тасталатын сюрприздардың қауіпсіздігі

    3. Дыбыс деңгейі

  1. Пистондар

    1. Оқсауыттан оқталу, жиналу, алшақтау кезіндегі қауіпсіздік

    2. Құрамының шашылуы

    3. Алаудың өлшемі (ұшқынның шашырауы)

    4. Дыбыс деңгейі

  1. Фонтандар

    1. Жұмыс кезіндегі деңгей тұрақтылығы

    2. Болаттың шашылу ескегендегі өртке қауіпті аймақтың өлшемі

    3. Баяулау уақыты

    4. Бөлмеде қолданылатын өнімдердің қауіптілік гигиенасы.

  1. Петардалар, ысқырғыштар

    1. Өртке қауіпті аймақтың өлшемі (жанатын элементтердің шашырауын ескеру)

    2. Шашыраған ұшқын корпустарының радиусы

    3. Дыбыс деңгейі

    4. Баяулану уақыты

    5. Басының ұшуы

  1. Жер беті зырылдауығы

    1. Өртке қауіпті аймақтың өлшемі (жұмыс кезіндегі қозғалысты ескеру)

    2. Баяулау уақыты

    3. Қозғалыс кезіндегі деңгей тұрақтылығы

  1. Ұшатын зырылдауық

    1. Сипаттамаға тән нүкте траекториялары (көтерілу биіктігі, жану радиусы мен биіктігі)

    2. Қозғалыс энергиясы

    3. Баяулау уақыты

  1. Шағын зымырандар

    1. Ұшудың бағыттылығы

    2. Сипаттамаға тән нүкте траекториялары (көтерілу биіктігі, жану радиусы мен биіктігі)

    3. Қозғалыс энергиясы

    4. Дыбыс деңгейі (дыбыстық және жинақталған элементтер үшін)

    5. Баяулау уақыты

  1. Шағын отшашулар, шағын римдік шырақтар, шағын-кометалар

    1. Баяулау уақыты

    2. Сипаттамаға тән нүкте траекториялары (көтерілу биіктігі, жану радиусы мен биіктігі)

    3. Элементтердің жұмыс істелу толықтығы

    4. Функциялану кезіндегі деңгей тұрақтылығы

    5. Дыбыс деңгейі (жинақталған эффекттер үшін)

    6. Элементтердің қозғалыс энергиясы

  1. Шағын отшашулар

    1. Баяулау уақыты

    2. Дыбыс деңгейі

    3. Жұмыс процесі және бұзылудың жоқтығы кезінде пусктік трубканың тұрақтылығы

    4. Сипаттамаға тән нүкте траекториялары (бөліну, жану, көтерілу биіктігі), бөліну және жану радиусы

  1. Бау мен бақшаларды қорғау, тұрмыстық жәндіктерден сақтану заттары

    1. Өртке қауіпті аймақтың өлшемі

    2. Гигиеналық қауіпсіздік

    3. Болу уақыты

  1. Автономдық балқыту мен кесу заттары

    1. Пайдалануға дайындық кезіндегі қауіпсіздік (құлау, үйкелу, статжарықтану (статэлектричество)

    2. Корпустың бүлінбеуі

    3. Қауіпсіздік қимылдары

    4. От пен к-фазалардың ұшу өлшемі

    5. Оптикалық және ИҚ сәулелену

    6. Дыбыс деңгейі

    7. НД бойынша спецификалық факторлар

  1. Сигналдық, айдап кетуге қарсы, сақтық-сигналдық, құтқару заттары

    1. Монтаж және қозғалысқа келтіру кезіндегі қауіптілік

    2. Алдын-ала қорғану құрылғыларының тиімділігі

    3. Сипаттамаға тән нүкте траекториялары (тасталатын элементтер үшін)

    4. Өртке қауіпті аймақтың өлшемі (алаулар мен ұшқындар)

    5. Жарықтық, ИҚ және акустикалық сәулелену

    6. Гигиеналық қауіпсіздік

    7. НД бойынша ерекше факторлар

  1. Отшашу өнімдері

    1. Монтаж және қозғалысқа келтіру кезіндегі қауіптілік

    2. Сипаттамаға тән нүкте траекториялары (тасталатын элементтер үшін)

    3. Жұмыс істемейтін элементтердің ұшу радиусы

    4. Жарықтық, ИҚ және акустикалық сәулелену

    5. Жұмыс істемейтін элементтердің құлауы

    6. Баяулау уақыты

  1. Техникалық тағайындалуы бар басқа да ПҚ, оның ішінде жарылатын және шіритін заттар

    1. Монтаж және қозғалысқа келтіру кезіндегі қауіптілік

    2. Алдын-ала қорғану құрылғыларының эффективтілігі

    3. Барлық қауіпті факторлар бойынша қауіпті аймақтардың өлшемі

    4. Өнімдерге НД бойынша ерекше факторлары мен талаптары.

    5. Гигиеналық қауіпсіздік