Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
treatise1025.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

20. Жарылғыш заттар

20.1 Жарылғыш заттар сипаттамасы

Жарылғыш заттар бұл сыртқы орта әсерінен (қыздыру, соққы, үйкеліс, басқа заттың жарылуы) өте жылдам жанып, газ және көп мөлшерде жылу бөлетін заттар немесе олардың қоспасы.

Ядролық қаруда энергия атом ядроларының бөлінуі не бірігуі арқылы бөлінеді. Қопарылыс бұл аз көлемде энергияның өте жылдам бөлінуі. Бұл жағдайда ауа өте жылдам қызып, лезде ұлғайып, қиратқыш әрекетті соққы толқыны пайда болады. Егер динамитті айда жарсақ, айда ауа болмағандықтан жердегіге қарағанда оның қиратқыш әрекеті өте аз болады. Жарылыс пайда болу үшін энергияның өте жылдам бөлінуі қажеттігін тағы бір мынадай факт дәлелдейді. Мысалы, сутегі мен хлор қоспасын тікелей күн сәулесіне қойсақ қопарылыс пайда болады, ал егер оған аз мөлшерде жарық түсіретін болса реакция қопарылыссыз бір қалыпты өтеді. Бұл жерде де дәл сол энергия бөлінеді, бірақ секундтың жүзден бір бөлігінде емес, бірнеше сағат ішінде бөлініп, нәтижесінде түзілген энергия қоршаған ортаға таралып кетеді. Кез келген экзотермиялық реакция кезінде бөлінген жылу энергиясы қоршаған ортаны ғана емес, сонымен бірге реагенттердің өздерін де қыздырады. Бұл реакция жылдамдығының артуына алып келеді, ал бұл өз кезегінде реакцияны жылдамдатып, температураның одан әрі артуына алып келеді. Егер бөлінген жылу қоршаған ортаға таралып үлгермесе, онда қоспа қатты қызып қопарылыс пайда болады. Бұл жылулық қопарылыс деп аталады. Сол себепті экзотермиялық реакцияларды жасау кезінде химиктер температураны мұқият қадағалап, қажет жағдайда оны салқындатып отырады.

Детонация кезінде энергия өте жылдам бөлінеді. Бұл сөз (латынның detonare-қопарылу) энергияның жоғары жылдамдықпен бөлініп, зат бойына жылдам толқынмен таралуымен қабаттаса жүретін жарылғыш заттың химиялық өзгеріске түсуі дегенді білдіреді. Химиялық реакция интенсивті соққы толқыны арқылы қоздырылады. Соққы толқыны аймағындағы қысым ондаған мың мегапаскальға (жүзмыңдаған атмосфералық қысым) дейін жетеді, оның қиратқыш әрекеті де осы қасиетімен байланысты. Детонация көптеген қоспаларда және олардың қосылыстарында пайда болады. Мысалы, тетранитрометан С(NO2)4–өткір иісті, түссіз, ауыр сұйықтық-қопарылыс қауіпті емес, бірақ оның көптеген органикалық қосылыстармен қоспасы өте үлкен қуатпен детонацияланады. Дәл осылай 1919 жылы Германияда лекция кезінде тетранитрометанның толуолмен қоспасының жануын көрсету кезінде көп студент қопарылысқа ұшыраған.

Қандай заттар қопарылыс береді? Ең алдымен бұлар жай заттардан энергия бөлмей керісінше сіңіре жүретін эндотермиялық қоспалар. Мұндай қоспаларға, негізінен, ацетилин, озон, хлор оксидтері, пероксидтер жатады. Сондықтан 1 моль С2Н2–нің жай заттардан түзілуі кезінде 227 кДж энергия жұмсалады. Бұл ацетилен тұрақсыз қоспа дегенді білдіреді, оның ыдырауы өте көп мөлшерде энергия бөле жүреді. Сол себепті де, ешқашан ацетилен басқа газдар сияқты баллондарға сығылған күйде болмайды, өйткені жоғары қысым қопарылыстың пайда болуына алып келеді.

Ауыр металдар ацетелинидтері қопарылыс бере ыдырайды. Таза озон 1 молі ыдырау кезінде 142 кДж энергия бөледі. Дегенмен, көптеген потенциялдық тұрақсыз заттар іс–жүзінде жеткілікті дәрежеде тұрақты болуы мүмкін. Мысалы, этилен, оның тұрақты болуының себебі - жай заттарға ыдырауының жылдамдығы өте аз болуынан.

Тарихта адамдар ойлап тапқан ең алғашқы жарылғыш зат қара оқдәрі- майда селитра, ағаш көмір және калий нитраты қоспасынан тұрады.

Ежелгі Гректер мен Римдіктер селитра болмағандықтан оларда қара фосфор болмады. Шамамен V ғасырда селитра Үндістан мен Қытайдан Византияға-Грек империясының астанасына жеткізілді. Византияда селитраның жанғыш заттармен қоспасы өте интенсивті жанатынын және оны сөндіру мүмкін емес екендігі анықталды, неге бұлай болатыны тек кейін ғана белгілі болды, мұндай қосылыстардың жануына ауа қажет емес (селитраның өзі оттегінің көзі болып табылады). «Грек алауы» деп аталатын құрамында селитра қоспасы бар жанғыш қоспалар әскери мақсаттарда қолданыла бастады. Мысалы, олардың көмегімен 670 және 718 жылдары Константинопольге келген араб флотының кайықтары өртелген. Ал Х ғасырда Византия «грек алауы» көмегімен болгарлардың шабуылына төтеп берді.

Содан бері жүздеген жылдар өтті, орта ғасырлық Еуропада оқдәріні қайта ойлап тапты. Ол ХІІІ ғасырда болған және ойлап табушысы белгісіз. Бір аңыз бойынша Фрайбург монахы Бертольд Шварц ауыр металл ұнтақтағыш ыдыста күкірт, ағаш көмірі және селитра қоспасын ұнтақтап араластырған. Сол кезде кездейсоқ металл шар түсіп кетіп, қопарылыс беріп металл шар ыдыстан үлкен жылдамдықпен жоғары атылып шыққан. Содан қара оқдәрінің қуатты қопарғыш қабілеті анықталған. 1242 жылы қара оқдәріні ағылшын философы Роджер Бекон сипаттаған. 1300 жылы алғашқы зеңбірек жасалынды, кейінірек қаруларда пайда бола бастады. Ең алғашқы оқдәрі заводы 1340 жылы Еуропа жеріндегі Баравияда құрылды.

Барлық жерде оқдәрі өндіретін заводтар көптеп пайда бола бастады.

Заводтарда қара оқдәрі минаға, зеңбірекке, отты қаруға және т.б. мақсаттарға арналған әр түрлі сорттары шығарылды. Зерттеулер көрсеткендей қара оқдәрі өте жылдам жану қасиетіне ие. Оқ дәрінің ең көп таралған түрінің жануы келесідей теңдеумен сипатталады: 2KNO3+S+3C→K2S+3CO2+N2. Жану өнімінің нақты құрамы жану кезіндегі қысымға тәуелді болады. Бұл сұрақты талқылаған Д.И. Менделеев әскери қарулардан қалған қатты өнім қалдығының құрамында әр түрлі заттар болатынын атап көрсеткен.

Оқ дәрінің жануының кез келген жағдайында көп мөлшерде газ бөлінеді. Егер оқ дәріні жерге сеуіп жағатын болсақ, ол жай ғана жылдам жанып кетеді.