Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
treatise1025.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

19.3 Қара түтін құтыларын дайындау

Түтін түзетін және кіші өлшемді құтылар макеттерде зауыттың әр түрлі құбырларынан түтін шығаруды имитациялағанда, паровоз макеттерінде және қойылымдарда соғыс пен өртті, жанып жатқан техника мен үйді көрсету үшін қолданылады.

Қара түтіннің барлық құтылары жану кезінде қара түтін түзетін құрамдармен толтырылған цилиндрлік корпустан тұрады. Мұндай құтылардың корпусының құрылысы олардың жануы кезінде отты жалынның түзілмеуін ескеріп жасалған. Жалынды сөндіру үшін құтылар түтін шығатын саңылау бар диафрагмамен жабдықталған, ал жанып жатқан құрамның беті мен диагфрагма арасы 5-6мм құрайды. Осындай құрылысты құтылардың жануы кезінде артық қысым пайда болады.

Осы қысымның әсерінен жалынның сөнуі жүреді. Қара түтінді құтылардың негізгі құрамы төмендегідей:

  • Калий хлораты –53%, ылғалдылығы 2% дан аспау керек;

  • Антрацен – 43%;

  • Тиомочевина – 4%.

Егер бертолий тұзының құрамында ылғалдылық нормадан артық болса, онда оны 35-400C температурада кептіру қажет. Құрамның компоненттерін бөлек кептіреді. Мұндай қоспа үшін калий хлоратын №25 електен, ал антраценді №10 елек арқылы өткізеді.

Пиротехникада елеуіштің номері былай түсіндіріледі: №10 сызықтық сантиметрде 10 саңылау бар, №25–те 25 саңылау бар, т.с.с., номер үлкен болған сайын саңылау ұяшықтар ұсағырақ болып келеді. Калий хлоратын өткізетін електің жан-жағында «Тек калий хлораты – KClO3 үшін» деген жазу болу керек.

Құрам өте жақсы араластырылған және түсі біртекті болуы қажет.

Тығындалған қағазды станокта жабыстырылуымен қатар шығарады. Құрамына аммиак суы, глицерин және скипидар қосылған казеинді желім пайдаланылады. Желімді казеинді ерітіндіні дайындау рецепті мен технологиясы бөлек көрсетілген.

Картонды дөңгелектерді арнайы қондырғысы бар престе кесіп алады. Диафрагмаларда саңылауды қолды пресс арқылы кеседі. Үш диафрагмадан біреуін шығарады, екеуінің арасына ПВА-мен желімделген қағазды салады. Диафрагма кепкеннен кейін бұл қағаз гидроизолятор қызметін атқарып, құрамның төгілуін болдырмайды. Жану кезінде мұндай қағаз сіріңкенің көмегімен жеңіл шығады. Диафрагма құтының жоғарғы жағына орналастырылады. Мұндай құтылардың түбі өзара желімделген екі картонды дөңгелектен тұрады.

Тиомочевинаны ауалы диірменде ұнтақтайды. Оны №43 елеуіш арқылы мақта қағазды қолғап киіп өткізеді. Тұтанғыш құралды қолмен араластырғыш затқа бір килограмнан аспайтын етіп қосады. Үстелге жапқыш жаю қажет. Дайын тұтанғыш құрам, құрамды престейтін ғимаратта орналасады. Құрамды корпусқа тығындау екі сатыда жүреді.

19.1-кесте

Қара түтінді құтылардың корпустарының өлшемдері

Өлшемдер

Құты

Құты

Бөрене диаматрі

45 мм

32,5 мм

Корпус биіктігі

140 мм

140 мм

Қағазды майыстыру саны

20

20

Картонды дөңгелектер

Диаметрі

45 мм

33 мм

Қалыңдығы

2 мм

2 мм

Бір құтыға қажет саны

2

2

Картонды диагфрагмалар

Диаметрі

45 мм

33 мм

Қалыңдығы

2 мм

2 мм

Саңылау диаметрі

10 мм

10 мм

Бір құтыға қажет саны

3

3

Негізгі құрамның үстіне соңғы ұнтақты тығындау алдында құтының ортасына 10 г тұтанғыш құрамды бірдей мөлшерде себеді. Пресс қысымы 10-13кг/см2. Диафрагма құтының корпусын түгелдей жабатындай етіп орналастырады. Құтының корпусы мен диафрагманың түйіскен жерін ПВА эмульсиямен желімдейді.

Құтыларды престеу алдында кабинада міндетті түрде ылғалдан тазалау жұмысы жүргізілуі қажет. Кабинада артық заттар болмауы керек. Еденге немесе станинаға кездейсоқ төгілген құрамды тез арада тазарту қажет. Жұмыс кезінде респираторды, қолғаптарды, қол жеңдерін, алжапқыштар мен резеңкелі аяқ киімді қолдану керек.