Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
treatise1025.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

16. Электр құралдарың қолданысымен жұмыс істейтін бөлмелер мен сыртқы құрылыстардың жарылыс және өртке байланысты классификациясы

Негізгі талаптарды химия өнеркәсібінде көп қолданатын құралдар дұрыс таңдалуына және қолдануына негізделген, себебі тізбектерді тұйықтау және ажырату кезінде шыққан ұшқындар, электр және басқа құралдардың қызған беттері тұтану көздері болып табылады.

«Электр құралдарының құрылысы» (ЭҚҚ) ережесі бойынша барлық бөлмелер мен сыртқы құрылыстар жарылысқа қауіпті және өртке қауіпті болып екіге бөлінеді. Бөлмелер мен сыртқы құрлыстардын жарылыс және өрт қауіптілігін қолданатын заттарға, материалдарға және жарылысқа қауіпті заттар жиналу мүмкіндігіне байланысты ажыратады.

Жарылысқа қауіпті заттарға тұтану температурасы 450C–тан төмен жаңғыш сұйықтықтардың булары мен газдары және төменгі тұтану шегі 65г/м3–тен төмен болатын жаңғыш шаңдар мен талшықтарды жатқызады.

Өртке қауіпті заттарға тұтану температурасы 4500C-дан жоғары жанғыш сұйықтықтар булары және төменгі тұтану шегі 65г/м3–тен жоғары болатын жанғыш шаңдар мен талшықтарды жатқызады.

Жарылысқа қауіпті бөлмелер мен сыртқы құрылыстар 6 классқа бөлінеді:

В-I класқа жарылысқа және өртке қауіпті булары мен газдары, авариялық жағдайда емес қалыпты жұмыс кезінде, жиналуы мүмкін жерлер жатады, мысалы люктерді ашып-жапқанда, жанғыш сұйықтықтарды бір ыдыстан екіншісіне құйғанда және т.б. Осы классқа жататын жерлерде электр құралдарына аса қатал бақылау жүргізіледі.

В-Iа класқа жарылысқа және өртке қауіпті булары мен газдар тек авариялық жағдайда және дұрыс жұмыс істемейтін құралдар болғанда жиналатын жерлер кіреді.

В-Iб классқа сорғыш шкафтар немесе сорғышы бар аумақтарда ұстауға тиісті жарылысқа және өртке қауіпті булары мен газдар, төменгі тұтану концентрациясы жоғары (15%-тен жоғары) газдар бөлек бұрыштарда жиналу қаупі бар жерлерді жатқызады.

В-Iв классқа жарылысқа қауіпті булары мен газдар және жанғыш сұйықтықтар.

Сыртқы құрылыстар үшін шегі берілген аумақтар жарылысқа қауіпті болып саналады:

а) ашық құйып толтыру орнынан тігінен және көлденең 20 м-ге дейінгі қашықтықта.

б) жарылысқа қауіпті жабық құралдардан тігіннен және көлденең 30 м-ге дейінгі, ал басқа құралдардың тыныс алу және сақтандыру клапондарынан тігінен және көлденең 5 м қашықтықта.

Сыртқы жанғыш газдарға арналған ашық құбырлы эстакадалар және жеңіл тұтанатын суйықтықтар жарылысқа қауіпті болып саналмайды.

В-II және В-IIа кластарға жарылысқа қауіпті шаң және жанғыш талшықтар бар бөлмелер жатады. В-II классқа жататын бөлмелерде тек аварияларда ғана емес қалыпты жағдайда жарылғыш шаңдар және жанғыш талшықтар жиналуы мүмкін. В-IIа классқа жататын бөлмелерде жарылғыш шаңдар және жанғыш талшықтар тек аварияларда ғана жиналуы мүмкін.

Жарылысқа қауіпсіз жерлерді, өртке қауіптілігіне байланысты 4 классқа бөледі:

П-I класқа жататын бөлмелерге тұтану температурасы 450C-ден жоғары жанғыш сұйықтықтар сақтайтын жерлер жатады, мысалы минералды майлар сақтайтын қоймалар.

П-II класқа жанғыш шаңдар және талшықтар бар, бірақ физикалық қасиеттеріне байланысты немесе максималды концентрациясы арқылы ауамен қосылысы жарылғыш қоспалар түзбейді.

П-IIа класқа жанғыш қатты заттар және талшықтар сақтайтын қоймалар жатады.

П-III классқа буларының тұтану температурасы 450C-дна жоғары жанғыш сұйықтықтар және жаңғыш қатты заттар қолданатын немесе сақталатын жерлер жатады.

Жарылысқа немесе өртке байланысты класты бөлмелерді немесе сыртқы құрылыстарды технологтар және жобалаушы электриктер немесе қолданушы өндіріс анықтайды. Бекітілген класқа сәйкес дұрыс электр құралдар таңдалады.