Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27.11.09 book by Koshenova.B.A.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
558 Кб
Скачать
☆

Биржалық саудаға қатысушылар

Биржалық саудаға биржа мүшелері және заңдар мен биржа ережесіне сәйкес саудаға қатысуға құқығы бар жақтар қатысушы бола алады. Биржалық саудаға қатысушылардың құрамы биржаның түріне (қор биржасы немесе тауар биржасы) және қабылданған заң актілеріне байланысты анықталады. Биржалық залдағы қатысушыларды шамамен мынадай топтарға бөлуге болады:

мәміле жасаушылар;

мәміле жасауды ұйымдастырушылар;

биржалық сауда барысын бақылаушылар;

сауда жүргізуді қадағалаушылар.

Биржалық операцияларды биржалық қызметтің әртүріне маманданған тек кәсіби қатысушылар ғана жүргізеді. Биржалық операциялардағы делдалдарды әр елде әртүрлі атайды: маклер, курьте, комиссионер, брокер, маркет-мейкер, дилер. Олар өз қызметі үшін процентпен белгіленген не сыйақы немесе мәміленің жалпы сомасының процентпен есептелген бір бөлігін алады, не өз есебінен қызмет көрсетеді.

Тауар биржасындағы мәміле жасаушы-қатысушылар құрамы биржаның ашық немесе жабық түріне байланысты өзгеруі мүмкін.

Ашық биржада сауда залында мәміле жасауға мыналардың құқығы бар:

биржа мүшелері және олардың өкілдері;

биржалық саудаға қатысуға құқық алған тұрақты немесе бір рет қатысушылар;

биржада аккредитивтенген брокерлер.

Жабық биржада мәміле жасауға құқығы барлар:

биржа мүшелері және олардың өкілдері;

биржада аккредитивтенген брокерлер.

Саудаға тұрақты және бір рет қатысушылардың биржа мүшелерімен және олардың өкілдерімен салыстырғанда құқығы шектеулі. Біріншіден, заң бойынша тұрақты қатысушының саудаға қатысуға үш жылдан аспайтын құқығы бар. Екіншіден, тұрақты қатысушылар саны биржа мүшелерінің жалпы санының 30 процентінен аспауы тиіс. Одан басқа, тұрақты қатысушылар жарғылық капиталды қалыптастыруға және биржаны басқаруға қатыспайды.Тұрақты қатысушылардың биржада делдал болуға құқығы болса, ал бір рет қатысушылардың ондай құқығы жоқ. Себебі, олар өз атынан және өз есебінен нақты тауар сатып алуға құқылы.

Қор биржасының тауар биржасынан елеулі ерекшеліктері бар. Оның мүшесі болып бағалы қағаздар нарығының тек кәсіби қатысушылары ғана саналады. Қор биржасына мүше болып кіру тәртібі және оның саны қор биржасының ережесінде айқындалады.

Биржалық саудаға қатысушы-делдалдардың саны және құрамы,олардың клиенттерімен қарым-қатынас кестелері елдегі биржалық сауданың даму деңгейіне және қалыптасқан дәстүрге сай әртүрлі болуы мүмкін. Мыс., АҚШ биржаларындағы операциялық залдағы сауда жүргізушілер бірнеше категорияға бөлінеді. Нью-Йорк қор биржасында олардың төрт категориясы бар:

комиссиялық брокерлер – олар тек клиенттердің тапсыр­масын орындайды, өз есебінен операция жүргізуге тиым салынған;

мамандар (дилерлер) – олар өз есебінен және өз атынан қызмет етеді;

сауда залының брокері немесе «екі долларлы брокерлер» – олар комиссиялық брокерлер өз тапсырмасын үлгере алмаған жағдайда солардың тапсырмасын орындайды;

тіркелген трейдерлер – олар да дилерлер, бірақ дилерлерден айырмашылығы белгілі бір акцияға кесінді жауап бермейді.

Ресейде сауданың жүру барысын мемлекеттік комиссар мен биржа өкілінен тұратын топ бақылайды [6; 131.]. Биржадағы мемлекеттік комиссар биржаның және биржалық делдалдардың заңнамаларды орындалуын тікелей бақылайды. Сондықтан комиссардың:

биржалық саудаға қатысуға;

биржа мүшелерінің жалпы жиналысына және биржа секцияларының (бөлімдер, бөлімшелер) жалпы жиналысына кеңесші дауыспен қатысуға;

биржа қызметтері туралы ақпараттармен танысуға, яғни барлық жиналыстардың және биржаның басшы органда­рының мәжілісінің хаттамасымен, олардың шешімімен, оның ішінде құпия сипаттағыларымен танысуға;

ұсыныс жасауға құқығы бар.

Мемлекеттік комиссардан басқа сауданың жүру барысын биржалық комитеттің және тексеру комиссиясының мүшелері, аға маклер және сауданы ұйымдастыру бөлімінің бастығы бақылауы мүмкін. Сондай-ақ, Ресейде сауданы жүргізу барысын қадағалайтын биржа қонақтары деп аталатын топ құрылады. Оған баспасөз өкілдері (биржада үнемі немесе бір рет аккредитивтенген), сондай-ақ мәміле жасауға құқығы жоқ, бірақ өздерінің тапсырмасын орындайтын брокерлерге қажетті үкім беруге құқығы бар саудаға бір рет қатынасатын қатысушылар кіреді.

Қорыта айтқанда, кез-келген елде биржалық саудаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері биржаның ішкі нормативтік құжаттарымен, ең бірінші кезекте биржаның жарғысымен және биржалық сауданың ережесімен айқындалады. Мыс., Қазақстанда ол құжаттар «Тауар биржалары туралы» және «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңдардың негізінде шығарылған.