- •Биржалық сауданың мәні және даму кезеңдері Биржалық сауда – ұйымдастырылған нарық. Оның ерекшеліктері
- •2. Ұйымдастыру деңгейіне қарай шартты түрде үшке бөлінеді:
- •3. Нарықтың пайда болуына қарай:
- •4. Сауданың жүргізілу формасына қарай:
- •Биржалық саудаеың даму кезеңдері
- •Қазақстанда биржалық сауданың пайда болуы
- •Биржаның қызметтері және түрлері. Биржалық инфрақұрылым
- •Биржаның түрлері
- •Биржа және оның биржалық инфрақұрылым ұйымдары
- •Биржа ісін реттеу
- •Биржалық тауарлар Биржалық тауар ұғымы және оның құрамы
- •Тауар биржасының биржалық тауарларының сипаттамасы
- •Бағалы қағаздар – биржалық тауар
- •Xі тарау Базистік нарықтар Бағалы қағаздар нарығы
- •4. Нарыққа енгізілген жаңалықтар:
- •Тауар нарығы
- •Валюта нарығы
- •Xіі тарау Биржаны және биржалық сауданы ұйымдастыру Биржаны құрушылар және оның мүшелері. Биржаның басқару органдары
- •Биржадағы делдалдық қызмет
- •Биржалық сауданы ұйымдастыру
- •Биржалық саудаға қатысушылар
- •Биржалық тауарды саудаға түсіру
- •Сауда тапсырмасы
- •Биржалық сауданы жүргізу механизмі
- •Xііі тарау Биржалық мәмілелер Биржалық тауармен жасалатын мәміле туралы ұғым
- •Тауар, қор және валюта биржаларында мәліме жасасу тәртібі, олардың түрлері және ерекшеліктері
- •Xіv тарау Биржалық мәмілелер бойынша клиринг және есеп айырысу Клиринг және есеп айырысудың мәні мен қызметі
- •Тәуекелдің негізгі түрлері
- •Бағалы қағаздар нарығындағы клиринг және есеп айырысу
- •Фьюсерстік шарт нарығындағы клиринг және есеп айырысу
- •XV тарау Биржалық бағаны айқындау Биржалық баға белгілеудің мәні және маңызы
- •Аукционда баға белгілеу
- •Бірыңғай бағам белгілеу әдісі
- •Фиксинг баға белгілеу тәсілі ретінде
- •Xvі тарау Фьючерстік шартпен және опциондармен сауда Фьючерстік сауда және фьючерстік шарт түсінігі
- •Xvіі тарау Биржалық индекстер және биржалық сауданы талдау Биржалық индекстер және олардың түрлері
- •17.1. Сурет. Негізгі талдау
- •Xvііі тарау Биржа ісін компьютерлеу Биржа қызметін автоматтандыру құралдарының ролі
Фьюсерстік шарт нарығындағы клиринг және есеп айырысу
Фьючерстік шарт нарығындағы есеп айырысу-клирингтік процесінде негізгі екі ерекшелік бар. Олар:
Біріншіден, Есеп айырысу палатасы биржада бекітілген және тіркелген кез-келген фьючерстік шартты тапсыратын орын (14.1. Сурет). [6; 163].
Екіншіден, ол бекітілген мәмілелердің орындалуының кепілі, яғни ол маржалық жинақ механизмі арқылы кепілдік беру.
Жалпы Есеп айырысу палатасы фьючерстік саудада сатып алынған және сатылған барлық шарттар бойынша клиринг және есеп айырысу қызметін атқарады. Сондай-ақ олардың орындалуын ұйымдастырып, оған кепіл болады.
Клиринг және есеп айырысу жүйесін дамытудың міндеттері:
клиринг және есеп айырысу бойынша бір мәмілеге қатысты шығынды азайту немесе оның өсуін тежеу;
клиринг және есеп айырысу процесін осы операцияларды жүргізу мерзімін қысқарту жолымен жеделдету;
әлемдік қор нарықтарында және фьючерстік нарықтарда клиринг және есеп айырысуды интернационалдандыру.
Осы міндеттерге жету үшін:
Біріншіден, бағалы қағаздарды бейматериалдандыру керек, яғни компьютер жүйесіндегі шотқа электрондық жазу арқылы бағалы қағаздардың қағазсыз (құжатсыз) формасына өту керек. Болашақта ол біртұтас ұлттық (кейіннен әлемдік) бағалы қағаздар электрондық депозитарийіне көшуге мүмкіндік береді. Электрондық жүйе атаулы бағалы қағаздарды сатып алу-сатуға байланысты оларды қайта тіркеудің барлық процестерін оңайлатып, әрі шығындарды азайтады. Бағалы қағаздардың қағазсыз формасын пайдалану бағалы қағаздардың жоғалуын, жалған жасалуын, жеткізіп беруді тежеуді және басқа келеңсіз проблемаларды жояды.
Екіншіден, бағалы қағаздармен және фьючерстік шарттармен жүргізілетін электрондық саудаға өту экономиканы компьютерлендіру және байланыс құралдарын дамыту нәтижесінде жүзеге асты. Бұл биржалық нарықты кеңітуге және оны жаһандандыруға, сауданы арзандатуға, биржалық сауданың көптеген процедурасын оңайлатуға, клиринг және есеп айырысу процестерін автоматтандыруға мүмкіндік ашты. Болашақта электрондық сауда биржалық делдалдар институтынсыз қор нарығында әрбір клиент өзі тікелей мәміле бекітуіне мүмкіндік береді.
Үшіншіден, әлемдік биржалық нарықта есеп айырысу кезеңін үйлестіру керек. Әр түрлі елдердің есеп айырысу кезеңдерін бір ізге келтіру (унификация) деген ұлттық нарықтарды интернационалдандыру үшін қажетті негіз құру.
XV тарау Биржалық бағаны айқындау Биржалық баға белгілеудің мәні және маңызы
Биржалық баға белгілеуде екі жақты көзқарас қалыптасқан:
Біріншісі, баға белгілеу – ол биржалық сауда кезінде бағаны айқындау процесі.
Екіншісі, баға белгілеу – ол биржалық сауда процесінде белгіленген баға туралы мәліметтерді өңдеу, оларды биржалық бюллетеньдерде жариялау үшін дайындау және саудаға қатысушыларға көрсету.
Биржалық саудада бағаның белгіленуі – тіркелген сауда жүргізушілердің өзара істеген қызметтерінің нәтижесі. Сөйтіп, биржа бағаның объективті қалыптасуына мүмкіндік жасап, тек оны айқындаумен шұғылданады.
Биржа бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуға түскен ұсыныс пен сұранысты шоғырландырып, ағымдағы сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасын анықтап, соның нәтижесінде уақытша және салыстырмалы тепе-теңдіктің көрінісі түрінде бағаны айқындайды. Бекітілген мәмілелер бойынша бағалы қағаздардың қолдан қолға өту бағасы оның бағамы деп аталады. Сондықтан биржалық бағам биржалық мәмілені бекіткенде де және биржадан тыс айналымда да бағдар ретінде қолданылады.
Биржа туралы заңдар мен нормативтік актілер бағалы қағаздардың биржалық бағамын бекіту ережесін ұсынбайды. Баға белгілеудің негізі болып саналатын принциптерге байланысты баға белгілеуде әртүрлі әдістер қолданылуы мүмкін.
Әдетте биржалық бюллетеньдерде мәміле бағасының барлығын тіркемей, биржалық күні бойғы баға динамикасын толық сипаттайтын ең ақырғысын тіркейді. Ең ақырғы баға вертикаль және горизонталь тұрғысынан алынады, яғни биржалық күн бойғы жоғарғы және төменгі; сондай-ақ алғашқы минуттардағы және биржалық күн соңындағы қорытынды баға алынады.
Тіркелген мәмілелердің көрсеткіштері мен инвесторлардың мәлімдемелерін сараптап баға белгілеуші комиссия бағалы қағаздардың түрлері бойынша жоғарғы және төменгі ең ақырғы бағаны анықтайды. Әлемдік алдыңғы қатардағы биржаларда баға белгілеу қағазына енгізілген жабылу алдындағы баға немесе соңғы мәміле бағасы биржалық баға болып есептеледі. Биржалық баға көпшілік ақпарат құралдарында жарияланады.
Экономикасы дамыған Батыс елдерінің қор биржасында бағалы қағаздармен сауда автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізіледі. Акция бағамының оның көрсетілген (номинал) құнынан көтерілуін лаж немесе ажио, ал бағамның көрсетілген құннан төмен ауытқуын дизажио деп атайды.
