- •Биржалық сауданың мәні және даму кезеңдері Биржалық сауда – ұйымдастырылған нарық. Оның ерекшеліктері
- •2. Ұйымдастыру деңгейіне қарай шартты түрде үшке бөлінеді:
- •3. Нарықтың пайда болуына қарай:
- •4. Сауданың жүргізілу формасына қарай:
- •Биржалық саудаеың даму кезеңдері
- •Қазақстанда биржалық сауданың пайда болуы
- •Биржаның қызметтері және түрлері. Биржалық инфрақұрылым
- •Биржаның түрлері
- •Биржа және оның биржалық инфрақұрылым ұйымдары
- •Биржа ісін реттеу
- •Биржалық тауарлар Биржалық тауар ұғымы және оның құрамы
- •Тауар биржасының биржалық тауарларының сипаттамасы
- •Бағалы қағаздар – биржалық тауар
- •Xі тарау Базистік нарықтар Бағалы қағаздар нарығы
- •4. Нарыққа енгізілген жаңалықтар:
- •Тауар нарығы
- •Валюта нарығы
- •Xіі тарау Биржаны және биржалық сауданы ұйымдастыру Биржаны құрушылар және оның мүшелері. Биржаның басқару органдары
- •Биржадағы делдалдық қызмет
- •Биржалық сауданы ұйымдастыру
- •Биржалық саудаға қатысушылар
- •Биржалық тауарды саудаға түсіру
- •Сауда тапсырмасы
- •Биржалық сауданы жүргізу механизмі
- •Xііі тарау Биржалық мәмілелер Биржалық тауармен жасалатын мәміле туралы ұғым
- •Тауар, қор және валюта биржаларында мәліме жасасу тәртібі, олардың түрлері және ерекшеліктері
- •Xіv тарау Биржалық мәмілелер бойынша клиринг және есеп айырысу Клиринг және есеп айырысудың мәні мен қызметі
- •Тәуекелдің негізгі түрлері
- •Бағалы қағаздар нарығындағы клиринг және есеп айырысу
- •Фьюсерстік шарт нарығындағы клиринг және есеп айырысу
- •XV тарау Биржалық бағаны айқындау Биржалық баға белгілеудің мәні және маңызы
- •Аукционда баға белгілеу
- •Бірыңғай бағам белгілеу әдісі
- •Фиксинг баға белгілеу тәсілі ретінде
- •Xvі тарау Фьючерстік шартпен және опциондармен сауда Фьючерстік сауда және фьючерстік шарт түсінігі
- •Xvіі тарау Биржалық индекстер және биржалық сауданы талдау Биржалық индекстер және олардың түрлері
- •17.1. Сурет. Негізгі талдау
- •Xvііі тарау Биржа ісін компьютерлеу Биржа қызметін автоматтандыру құралдарының ролі
Биржа және оның биржалық инфрақұрылым ұйымдары
Қазіргі нарықтық экономикада биржаның маңызы артуда, ол баға белгілеу институты және биржалық сауданы ұйымдастырушы деген көзқарас қалыптасқан. Оған дәлел қор биржасының атқаратын қызметі. Ол – бағалы қағаздар нарығын ұйымдастырушы, яғни азаматтық-құқықтық мәмілеге келіп, бағалы қағаздармен сауда жасауға мүмкіндік беретін ұйым. ҚР-ның «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңында көрсетілгендей қор биржасы коммерциялық емес ұйым.
Сауданы ұйымдастырушыға төмендегідей талаптар қойылады:
оның қалыптасқан сауда жүйесі болуы керек: есептегіш құралдар, бағдарлама, телекоммуникациялық құралдар және басқа жабдықтар туралы мәліметтер, бағалы қағаздарды сатып алу-сату шартын жасасуға және оны орындауға қажетті ақпарттар;
бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру; мұндай жүйені ұйымдастырушы өз алдына ұйым құруы мүмкін, немесе бұл қызметті Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің берген лицензиясы бар маманданған ұйым шарт бойынша орындауы мүмкін;
Агенттікпен келісіп бекітілген сауданы ұйымдастыру ережесі, оны орындауға көмектесетін ішкі операциялық процедуралар, сондай-ақ листинг және делистинг жүргізу ережесі болуы керек;
өз капиталы болуы керек;
сауданы ұйымдастырушының белгіленген мөлшерден кем емес мүшелері болуы керек;
өз өкілетті мүшелерінің реестрін жүргізу керек.
Сауданы ұйымдастырушыларды жылына бір реттен кем емес сыртқы аудитпен тексеріп отыру керек.
Биржадан басқа сауданы ұйымдастыратын, оның үздіксіз қызметін қамтамасыз етіп отыратын биржалық инфрақұрылым қажет. Оған: депозитарийлер, тіркеушілер, клирингтік (есеп айырысу) палаталары, ақпараттық агенттіктер және биржалық қойма жатады. Енді осы инфрақұрылымдарды таратып айталық.
Депозитарий – ол бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеуді, депоненттердің (олардың клиентерінің) қаржы құралдары бойынша құқықтарын есепке алу мен растауды, оларды сақтауды, сондай-ақ тиісті лицензиясы болған кезде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімін жүргізуді жүзеге асыратын кәсіби қатысушы заңды тұлға, ұйым. Ол бағалы қағаздардан туындайтын құқықтарды тіркеуді және эмитент пен инвестор арасында делдалдық қызметтерді атқарады.
Депозитарийдің болуы ең алдымен өзі қызмет көрсететін биржа мәмілелерінің орындалуын жеделдетеді.
Тіркеуші – бағалы қағаздар нарығының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын биржаның кәсіби қатысушысы.
Есеп айырысу-клирингтік ұйым – ол елдің орталық банкі берген лицензиясы бойынша қор биржаларында барлық есеп айырысу операцияларын орындайтын заңды тұлға. Есеп айырысу-клирингтік ұйым қор биржасымен қатар тауар және фьючерстік нарықтарға да қызмет көрсетеді.
Есеп айырысу-клирингтік ұйымдар тек ұлттық қана емес, сондай-ақ халықаралық, ал болашақта әлемдік болып ұйымдасуы мүмкін. Мұндай өзгерістер ұлттық биржалық нарықтардың интернационалдануын көрсетеді.
Есеп айырысу-клирингтік ұйым – ол коммерциялық ұйым, оның мақсаты – пайда табу. Жарғылық қоры мүшелерінің жарнасынан құралады. Оның табысының көздері:
мәмілені тіркегені үшін ақы;
ақпарат сатудан түскен табыс;
ұйым қаражатын айналысқа түсіруден түскен табыс;
есеп айырысу технологиясын сатудан, бағдарламалық қамтамасыз етуден және т.с.с. қызметтен түскен табыс.
Есеп айырысу-клирингтік ұйым туынды бағалы қағаздарды, яғни фьючерстік шарттарды және биржалық опциондарды сатуда негізгі орын алады.
