- •Биржалық сауданың мәні және даму кезеңдері Биржалық сауда – ұйымдастырылған нарық. Оның ерекшеліктері
- •2. Ұйымдастыру деңгейіне қарай шартты түрде үшке бөлінеді:
- •3. Нарықтың пайда болуына қарай:
- •4. Сауданың жүргізілу формасына қарай:
- •Биржалық саудаеың даму кезеңдері
- •Қазақстанда биржалық сауданың пайда болуы
- •Биржаның қызметтері және түрлері. Биржалық инфрақұрылым
- •Биржаның түрлері
- •Биржа және оның биржалық инфрақұрылым ұйымдары
- •Биржа ісін реттеу
- •Биржалық тауарлар Биржалық тауар ұғымы және оның құрамы
- •Тауар биржасының биржалық тауарларының сипаттамасы
- •Бағалы қағаздар – биржалық тауар
- •Xі тарау Базистік нарықтар Бағалы қағаздар нарығы
- •4. Нарыққа енгізілген жаңалықтар:
- •Тауар нарығы
- •Валюта нарығы
- •Xіі тарау Биржаны және биржалық сауданы ұйымдастыру Биржаны құрушылар және оның мүшелері. Биржаның басқару органдары
- •Биржадағы делдалдық қызмет
- •Биржалық сауданы ұйымдастыру
- •Биржалық саудаға қатысушылар
- •Биржалық тауарды саудаға түсіру
- •Сауда тапсырмасы
- •Биржалық сауданы жүргізу механизмі
- •Xііі тарау Биржалық мәмілелер Биржалық тауармен жасалатын мәміле туралы ұғым
- •Тауар, қор және валюта биржаларында мәліме жасасу тәртібі, олардың түрлері және ерекшеліктері
- •Xіv тарау Биржалық мәмілелер бойынша клиринг және есеп айырысу Клиринг және есеп айырысудың мәні мен қызметі
- •Тәуекелдің негізгі түрлері
- •Бағалы қағаздар нарығындағы клиринг және есеп айырысу
- •Фьюсерстік шарт нарығындағы клиринг және есеп айырысу
- •XV тарау Биржалық бағаны айқындау Биржалық баға белгілеудің мәні және маңызы
- •Аукционда баға белгілеу
- •Бірыңғай бағам белгілеу әдісі
- •Фиксинг баға белгілеу тәсілі ретінде
- •Xvі тарау Фьючерстік шартпен және опциондармен сауда Фьючерстік сауда және фьючерстік шарт түсінігі
- •Xvіі тарау Биржалық индекстер және биржалық сауданы талдау Биржалық индекстер және олардың түрлері
- •17.1. Сурет. Негізгі талдау
- •Xvііі тарау Биржа ісін компьютерлеу Биржа қызметін автоматтандыру құралдарының ролі
Xvіі тарау Биржалық индекстер және биржалық сауданы талдау Биржалық индекстер және олардың түрлері
Алғашқыда индекстер нарықта болып жатқан ақпараттан хабардар болу үшін қажет болды. Сөйтіп биржалық индекстер баға белгілеуді болжау мүмкіндігін туғызды. Қор нарығының даму барысында индекстер сауда объектісі ретінде, мысалы, фьючерстік шарт жасасқанда базалық тауар ретінде қолданылады. Бұдан басқа индекстер портфельдік инвестициялау кезінде де кең түрде қолданылады. Бұл кезде олар:
Біріншіден, бағалы қағаздарды портфельге таңдау кезінде инвестициялау пропорциясы мен оның басты бағытын анықтағанда бағдар ретінде қолданылса;
Екіншіден, индекстік қор әдісін қолданып портфельді пассивтік басқару тактикасында дилерлік шығындарды қысқартады.
Индекстер салалық, аймақтық, құрама және жаһандық болуы мүмкін. Олар кез-келген нарықта, яғни тауар, валюта, қор нарықтарында қолданылады. Алғашқыда индекстер қор нарығында пайда болған. Сондықтан қазіргі кезде де олар сол нарықта кең қолданыста болуда.
Индекстер оны есептеу әдісін құраған адамның атымен немесе оларды есептеген және хабарлаған ақпараттық агенттіктердің атауымен аталады. Мысалы, Доу-Джонс индексі әлемдік индекстердің ең көнесі, ең белгілісі. Ол Доу-Джонс компаниясының иесі Чарльз Доудың атымен аталады. АҚШ-та ол 1884ж. сол кездегі ең ірі 11 өнеркәсіп компанияларының акция бағамын өзгертетін орташа көрсеткішті есептеуге кіріскен. Алайда бұл индекстің пайда болуын техникалық тұрғыдан қарастырғанда ол индекс емес, оны орташа сан деп айтуға болады. Бұл индекстің атауы тектен-тек Доу-Джонс индексі деп аталмаған, себебі оның сөзбе-сөз аударылымы Доу-Джонстың өнеркәсіптік орташа көрсеткіші дегенді білдіреді.
Биржалық орташа көрсеткіш – ол кейбір биржалар үшін өлшенген немесе өлшенбеген орташа нарықтық баға. Керісінше, индекс – ол бар болғаны сан, бір өлшемнің, мысалы, доллардың немесе басқа да бірліктер өлшемінің құнын көрсетпейтін сан.
Биржалық орташа көрсеткіш және биржалық индекс – олар бағалы қағаздар нарығындағы көрсеткіштердің негізгі екі типі. Бұл индекстің екі типінің негізі бірдей, яғни белгілі бір датадағы тізімнен таңдап алған акцияның орташа бағасы болғанымен, алайда биржалық орташаға қарағанда биржалық индекс ең дәлірек, ең қолайлырақ деп есептелінеді.
Биржалық орташаны есептеу үшін екі әдіс – арифметикалық орташа және геометриялық орташа әдістер қолданылады. Арифметикалық орташа әдісте орташа шаманы есептеу үшін сауда жабылу кезіндегі көрсеткішке кіретін барлық эмитенттер акциялары бағасының қосынды сомасы құрамдас бөліктердің санына бөлінеді. Акцияны шығарушы компанияның шығарған барлық акциясының көлемі мен оның айналыс санына қарамай-ақ, әрбір акцияның бағасы бірдей болады.
Нарықта қазіргі қолданылып жүрген индекстер – ол шын мәнінде ірі компаниялардың индекстері. Классикалық биржалық индекстер Доу-Джонс индексімен есептеліп шығарылады. Егер геометриялық орташа әдіс қолданылса, онда индексті құрайтын акциялар бағасына көбейтіледі. Сол көбейтіндіден п-дәрежесіндегі түбір шығарылады, онда п-индекстегі акция саны. Осы әдіс Англия және АҚШ-та әлемге белгілі екі индикаторды: Англиядағы ҒТ-30 және АҚШ-тағы The Value Line Composite Average индикаторларын есептегенде қолданылады.
Биржалық саудаға қатысушы барынша көп табыс алуды және көптеген жоғары бағаланған активтерден ең тиімдісін таңдап алуды көздейді. Бірақ биржалық бағамға тікелей немесе жанама әсер ететін көптеген және кенет туындайтын себептерді қалай талдауға болады? Осы және көптеген басқа сұрақтарға жауапты қор нарығының теориясы мен практикасы қалыптастырған талдау әдістерінен алуға болады.
Активтің тартымдылығын екі тұрғыдан:
біріншіден, биржалық активтің нарықтық құнын талдау арқылы;
екіншіден, актив эмитентінің қаржылық-экономикалық жағдайын зерттеп білудің негізінде оның «ішкі» немесе нақты құнын білу арқылы бағалауға болады.
Талдаушылардың қорытындысы мәміле жасаудың негізі ретінде алынады. Нарықты талдауда тарихи екі бағыт қалыптасқан. Міне, бірінші тұрғыда жасалған талдауды жақтаушылар техникалық талдау мектебін, ал екіншіні жақтаушылар негізгі талдау мектебін құрайды.
Негізгі талдау жалпы нарықтық жағдайды бағалаудан құралады және ол 17.1. Суретте көрсетілгендей төрт бөліктен тұрады.
