Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖБ ЭЛ лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160 Кб
Скачать
☆

2. Орталықтандыру.

3. мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

Мемлекет аппаратының тиімді жұмысының маңызды жағдайы болып, қабылданатын шешімнің бұқаралық және міндетті негізделген болуы керек.

Қазіргі уақытта мемлекет аппаратының жұмысын жетілдірудің бірнеше әдістері қолданылады:сапаны тоталды басқару, ең жақсы көрсеткіштер әдісі, реинжиниринг, жобалық басқару, стратегиялық басқару, ұйымдық даму, және т.б.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметті реформалаудың жалпықазақстандықбағдарламасын жүзеге асырудың және өңдеудің қажеттілігі пайда болды. Бұл бағдарлама нарықтық қатынастар жағдайындағы экономиканы мемлекеттік басқарудың тұтастай жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз етуге құралған.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 4,5

11 Тақырып. Жергілікті шаруашылықты басқарудың объективті қажеттілігі

Дәріс жоспары:

1 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізі

2 Өтпелі экономика жағдайында жұмысбастылық мәселелері

3 Еркін экономикалық аймақтарды мемлекеттік реттеу

4 Аймақта инвестицияны тарту саясаты

1 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізі

«Қазақстан Республикасы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң жобасында жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізін төмендегілер құрайтыны көрсетілген:

1. Жергілікті қоғамдастықтың мүлкі;

2. Заң шығарушылықпен тыйым салынбаған басқа мүлік.

Қоғамдық қатынастарды бекітетін және реттейтін құқықтық нормаларды және өз кезегінде муниципалдық пайда болудың тұрғындар назарындағы муниципалдық меншіктің, жергілікті бюджеттің және басқада жергілікті қаржының құрылуымен және пайдалануымен байланысты жиынтықты жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздері көрсетеді.

Экономикалық негіздер өзін-өзі басқарудың шаруашылық дербестігін қамтамасыз етеді, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға қызмет етеді. Оның өмірлік қызметі үшін шарттар құрады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалықнегіздерінің бекітілуімен және дамуы үлкен дәрежеде Қазақстанның жалпы экономикалық жағдайына әсер етеді. Осыдан, жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздерінің дамуына мемлекеттік билік органдар көмектесу» қажет деген қорытынды шығаруға болады.

Қазақстан Республикасы Қонституциясына сәйкес өкімет келесілерді қамтамасыз етеді;

- муниципалды меншікке мемлекеттік меншік объектілерін өткізу ретін заңдар көмегімен реттеу;

- органдарды заңмен үлестіріп алатын бөлек мемлекеттік

өкілдігін қамтамасыз ету үшін қажетті. Жергілікті өзін-өзі басқару органдрына қаражаттар өткізу;

- мақсатты аумақтық басқармалар арқылы мәселелерді шешуге қатысу;

- қабылданған мемлекеттік қатынастарды орындау кезінде пайда болатын қосымша шығындарды жергілікті өзін-өзі басқарудың органдарына компенсациялау;

- мемлекеттік минималды әлеуметтік стандарттарды дайындау;

Өтпелі экономика жағдайында жұмысбастылық мәселелері

Жұмыспен қамтамасыз ету мен жұмысқа қабілетті тұрғындардың жұмыссыздығының деңгейіне мемлекеттік ықпал ету, реттеудің жалпы жүйесі мен әлеуметтік саясатының бөлінбейтін бөлігі болып табылады.

Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеуде экономикалық ұйымдастыру, әкімшілік-құқықтық әдістер қолданылады.

Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

- жұмыс орындары жүйесінің дамуын реттеу;

- жұмыс орындарына сұранысты реттеу;

- мемлекеттің білім беру және қызметкерлерді кәсіби даярлау мен қайта даярлау жүйесін дамытуға мемлекеттің қатысуы.

Бұрын айтылғандай, экономиканың кез келген саласының проблемаларын, оның ішінде жұмыспен қамту проблемаларын шешетін бағдарламалық-мақсатты тәсілдемеде бастапқы тармақ ретінде даму мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ оларды шешу жөніндегі іс-шаралар белгіленуі тиіс. Мемлекет халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын жасауда, онда еңбек ресурстарының сапасын арттыру, жұмыс күшінің бәсекеге жармдылығын көтеру көзделген.

Жұмыспен қамту деңгейін арттыру және тиісінше жұмыссыздықты қысқарту жөніндегі іс-шаралар:

- қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

- жеке кәсіпкерлікті ынталандыру және халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуын көтермелеу, шағын бизнесті дамыту;

- жетіспейтін мамандықтар мен кәсіптер бойынша қайта даярлау және кәсіби даярлау;

- жұмыспен қамтудың икемді нысандарын пайдалану;

- жаңа жұмыс орындарын құру арқылы кәсіпорынның өзінде жұмысқа орналастыру;

- тұрғындарды жұмыспен қамту мүмкіндігі жөнінде ақпараттандыру, бос орындар жәрмеңкелерін, ашық есіктер күндерін және т.б. өткізу.

Экономикалық теорияда жұмыссыздық себептері, жұмысбастылық облысындағы мемлекеттік саясаттың бірнеше теориясы бар.

Классикалық теория нарықтық қатынасты экономиканы өзіндік реттеу, толық жұмысбастылықты қамсыздандырушы және мемлекеттің қатысуынсыз болатын саясатты жүргізуші ретінде қарастырады.

Жұмысбастылықтың кейнсиандық теориясы жиынтық сұраныс қоғамдағы өндірістің көлемін басқаратынына негізделеді, демек, жұмыс күшіне деген сұранысқа да негізделеді. Сондықтан, жұмыссыздық сұраныстың жеткіліксіздігінен пайда болады.

Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс Филлипс жұмысында дамыған. (Филипс қисығы).

3 Еркін экономикалық аймақтарды мемлекеттік реттеу

Аймақтандырудың мемлекеттік саясаты – бұл берілген елдің аумағындағы ерекше қалыптасуының тиімді қызмет етуге және құруға бағытталған әлеуметтік, экономикалық және құқықтық сипаттағы шаралар кешені.

Аумақтық аймақтандырудың әлемдік тәжірибесін талдай келе, еркін экономикалық аймақ (келесіде ЕЭА) негізгі міндеттерін көрсетуге болады:

1) Ұлттық экономиканың әскери-саяси, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамудың қуатты фактор ретіндегі қызметі;

2) Берілген елдің халық шаруашылық салалар деңгейімен және алдыңғы қатарлы әлемдік шаруашылықтың арасын байланыстыратын құрылым ретіндегі қызметі;

3) Өзінің дамуының белгілі бір сатысында ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлар және қызметтермен толықтыру факторы ретінде қатысу;

4) Ұлттық экономикаға шетелдік инвестициялардың түсімдердің арнасы ретінде қатыса отырып, кәсіпкерлік пен іскерлік белсенділікті ынталандыру және сонымен бірге жергілікті ресурстарды неғұрлым тиімді қолдануды ынталандыру: қаржылық, еңбектік, материалдық, табиғи;

5) Жаңа экономикалық ойлаудың, әлеуметтік психологияның жаңа жақтарын және басқа жаңалық енгізулерді құруда тексерудің орны болып қатысу.

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының болашағы бар, жаңа мақсаттарынқою мен шешудің полигоны ретінде ЕЭЗ атауға болады.

ЕЭЗ – ны осылай түсіну ұлттық экономиканың тиімді дамуын ынталандыру үшін мемлекеттік аймақтандыру саясаты шешетін мақсаттарды анықтайды.

Отандық аймақтандыру саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттері ҚР –ның аумағында құрылып жатқан ЕАЗ мыналарды істеуге тиіс дегенге әкеледі:

1) аймақтандырудың өз аймағының өндірістік қүштерін жедел дамудың күшті стимулы және маңызды факторы ретінде қарастырылуы тиіс;

2) өндірістік, еңбекті басқаруды әлемдік деңгейге сәйкес келетін, қазіргі заманғы техника мен технологияны енгізу мен дамытуды ұйымдастырудың дамыған нысаны ретінде болуы керек;

3) өзінің аумағында тұратын және жұмыс істейтіндердің әлеуметтік-мәдени және коммуналды-тұрмыстық қызмет көрсетуін шешетін стандарт болуға тиіс.

4 Аймақта инвестицияны тарту саясаты

Инвестициялық саясат — аймақтағы капиталдық ресурстарды қайтаөндіру жағдайын қамтамасыз ету бойынша қайтаөндіру қызметіндегі агенттерінің іс-әрекетінің жиынтығы.

Инвестициялық саясаттың мазмұны өндірістік және өндірістік емес саладағы негізгі қорларды және оларды кеңейту және модернизациялауды қамтамасыз ету болып табылады.

Басқару нысаны бойынша инвестициялық саясатты екі түрге бөлуге болады: либералдық және орталықтандырылған.

Инвестицияның инновациялық сипаты. Қазіргі уақыттағы ең маңызды талап — аймақтың экономикалық дамуының инновациялық сипаты.

Аймақтың экономикасындағы инновациялық белсенділікті қажетті деңгеймен қамтамасыз ету — оның дамуындағы сәттіліктің экономикалық маңызды мәселелері.

Мемлекеттік инвестицияның құрылымы және көздері

Аймақтық инвестициялардың негізгі көздері:

Мемлекеттік инвестициялар (республикалық және аймақтық деңгей), жеке ішкі инвестициялар, жеке шетелдік инвестициялар, шетелдік мемлекеттік және мемлекет аралық инвестициялар.

Аймақтың мемлекеттік инвестицияларын жатады:

• мемлекеттік бюджеттік даму қаржылары (республикалық және аймақтық);

• мемлекеттік кәсіпорындар және ұйымдар инвестициялары, министерствалар және ведомсвалар, бюджеттік емес қорлар, жоспардан тыс жүзеге асырылатын инвестициялық бағдарламалар;

• инвестициялық несиелер және салықтық жеңілдіктер, экономикалық субъектілерге және кәсіпорындарға берілетін мемлекеттік қаржылық құрылымдар несиелері.

Аймақтық бюджет аймақтық қайтаөндірістік қатынастар саласындағы мемлекеттік қатысулардың маңызды институты болып табылады.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 4,5