- •Мемлекет түрлері
- •Мемлекет басқаруы бойынша
- •Қызметтері
- •Даму сатылары
- •Мемлекетаралық төлем келісімі
- •3 Мемлекетаралық экономикалық одақтар
- •Мемлекет иелігіне алу
- •Мемлекеттік айыптаушы
- •1. Жүйелердің анықтамасы мен олардың қасиеттері
- •Тақырып. Мемлекетті басқарудың функционалдық және экономикалық аспектілері
- •2. Экономикалық жүйенің құрылымдық құраушылары
- •3. Функциялардың мәні, анықтамасы және жіктелуі
- •4. Мемлекеттің функциялары және олардың жіктелуі.
- •5. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру
- •3 Тақырып. Саяси режим түсінігі және демократия формалары
- •Президенттік режим
- •Парламенттік режим
- •4 Тақырып. Мемлекеттік басқару субъектілері және объектілері және оның жүйесі
- •1.Мемлекет қоғамдық үрдістерді басқару субъектісі ретінде.
- •2. Мемлекеттің негізгі сипаттамалары.
- •3. Мемлекеттің қоғамдық функциялары және мемлекеттік басқарудың түрлері.
- •5 Тақырып. Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының тарихи аспектісі
- •1.Мемлекеттік саясатты жасақтау негіздері
- •1. Болжау;
- •2.Мемлекеттік билік түсінігі.
- •6 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттеу
- •1. Құқықтық реттеудің мәні мен маңызы
- •3. Мемлекеттік басқару ісінде заңдылықты қамтамасыз ету мен тәртіп мәселелері
- •7 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың конституциалдық негіздері
- •Қр мемлекеттік органдар жүйесінің түсінігі, біртұтастығы.
- •2. Қр Президентінің Конституциялық мәртебесі.
- •3.Заң шығарушы билік пен оның органдарының мемлекеттік басқарудағы рөлі.
- •4.Мемлекеттік басқару жүйесіндегі атқарушы билік
- •5. Сот билігінің түсінігі және оның қоғамдағы рөлі.
- •8 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың әкімшілік, экономикалық, моральді-этникалық, әлеуметтік-саяси әдістері
- •Басқару қызметінің стилі түсінігі, мазмұны, түрлері
- •2.Басқарушылық қызмет стилі және жетілдіру қажеттілігі
- •3.Мемлекеттік басқару қызметіндегі стиль мен жауапкершіліктің өзара байланысы
- •9 Тақырып. Жергілікті басқару экономикалық ғылыми саласы ретінде
- •Әкім апараты-жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.
- •10 Тақырып. Жергілікті басқарудың міндеттері, негізгі қағидалары
- •2. Орталықтандыру.
- •11 Тақырып. Жергілікті шаруашылықты басқарудың объективті қажеттілігі
- •12 Тақырып. Әкімшілік-территроиялық бөлу және жергілікті өзін-өзі басару туралы заңнама
- •13 Тақырып. Аймақтың экономикалық дербестігі және оның мәні
- •14 Тақырып. Жергілікті жерлерде мемлекеттік билік органдарының өкілеттілігі
- •Әкім апараты-жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.
- •15 Тақырып. Муницмпалды білім берудің әлеуметтік-экономикалық дамуына орталық және жергілікті басқару органдарының әсері
- •1 Қазақстан экономикасын басқарудың саяси экономикалық негіздері
- •2 Өзін-өзі басқару тұжырымдамасы және оның негізгі жағдайы
- •3 Қазақстанның реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасы
- •4 Сыртқы экономикалық қатынастардың қалыптасуын басқару
2. Экономикалық жүйенің құрылымдық құраушылары
Экономикаға жоғары дәрежедегі динамикалылық пен өзгерістік тән. Бір шаруашылық кезең ішінде халық шаруашылығында өндірілетін және нарыққа жіберілуді И. Шумпетер әлеуметтік өнім деп атады. Бірақ оның ерекшелігі, бірыңғай жоспар бойынша жұмыс істейтін, кейбір адам топтарының немесе қоғам бөлігінің жоспарлық қызметінің нәтижесі деп есептелмеді. Әлеуметтік өнім барлық қоғамның өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылады.
Бірақ та бір мәселені айтпай кетуге болмайды, өйткені оның мағынасын дұрыс түсіну үшін аса маңызды болады. Экономикалық жүйе әрбір нақты тарихи кезеңінде ерекше және нақты түрде болып көрінеді. Мысалы, алғашқы қауымдық, антикалық, феодалдық, капиталистік дәуірдегі экономикалық жүйелері туралы айтуға болады. Әлі күнге дейін әр түрлі мемлекеттерде әр түрлі экономикалық жүйенің түрлері бар. Мысал ретінде, сыртқы экономикалық байланыстары шектелген, тәуелсіз өндірістік-шаруашылық жүйесі болып саналатын жабық немесе автаркиялық экономика туралы келтіруге болады.
Автаркиялық экономикалық жүйені құру әрекеттерінің біреуі – бұл айтулы орталықтандырылған-жоспарлық немесе әміршілдік-әкімшілік, көбінесе тоталитарлық мемлекеттерде, оның ішінде бұрынғы Кеңес Одағында үстемдік жағдайда болған экономикалық жүйе. Дегенмен, оның нағыз автаркиялық экономика моделінен маңызды параметрлері бойынша айырмашылығы бар. Себебі, халықаралық сауда-саттықтың қажеттілігін теріске шығармай, ол жан-жақты өзара тиімді сауда – экономикалық байланыстарды басқа мемлекеттермен орнатуға әрекеттенген. Ақырында, осы экономикалық жүйенің түрі де өзінің тиімсіздігін көрсетіп, басқа ашық экономика түріне жол берді.
Ашық экономикалық жүйе әлемнің шаруашылық байланыстарымен қарым-қатынаста болуына және халықаралық еңбектің бөлінісіне барынша бағытталған. Негіз болатын принциптері мен параметрлері бойынша ол нарық экономикаға сай келеді. Нарық принциптеріне негізделген экономикалық жүйенің ең басты айырмашылық ерекшелігі, әр түрлі контрагенттердің арасындағы еркін бәсекелестіктің, жеке өндірушілер арасында еңбек бөлінісінің және жеке меншіктің үстемділік орнатқан экономикасында болып табылады. Оның басқа бір ерекешелігі – бұл тауар мен қызмет нарығында бір-бірінен тәуелсіз анонимдік сатушылар мен сатып алушылардың қызметінен және өзара әрекетінен туындайтын ұсыныс пен сұраныстың небір тепе-теңдік дәрежесі.
Қарастырылып жатқан мәселені түсіну үшін, экономиканың түрі едәуір мөлшерде қоғамдық түріне байланысты екенін ескерту керек. Шынында да, азаматтық қоғам мен нарық экономикасы бір-бірінен жеке бола алмайды. Сондықтан, кәсіпкершілік қызмет белгілі бір ортада атқарылатынын ескерту керек. Біздің айтып тұрғанымыз бұл физикалық немесе географиялық, әлеуметтік немесе құқықтық, технологиялық немесе экономикалық орта.
Экономикалық, өндірістік-шаруашылық жүйе немесе сала барлық қоғамның қызмет салаларының жұмыс істеуінің материалдық базасы болып табылады. Оның негізгі функциясы жалпы қоғамның, сондай-ақ оның жеке мүшелерінің материалдық қажеттіліктерін қанғаттандыру. Адамдарды қажет игіліктермен барынша көп қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар экономикалық жүйе ең жақсы деп саналады. Тарихи тәжірибеде көрсеткендей, нарық экономикасы басқа экономикалық жүйелерінің түрлерімен салыстырғанда, ең тиімді екенін көрсетті. Ол адамзатқа материалдық прогреске қарқынды қадамдар жасауға мүмкіндік берді, қалың бұқара топтарының материалдық әл-ауқатының көтерілуіне теңдесі жоқ жағдай туғызады.
Экономикалық жүйенің құрылымдық жоспарына барлық қарапайым және күрделі өндірістік-шаруашылық бірліктері және олардың құқықтық, салалық және кеңістік тұрғыдан шыққан жинақтары жатады. Бұл біріншіден, заңды тұлға статусы бар (қоғамдар мен серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, несиелік және сақтандыру мекемелер, қаражатты-өнеркәсіптік топтар) алуан түрлі кәсіпорындар.
