- •Мемлекет түрлері
- •Мемлекет басқаруы бойынша
- •Қызметтері
- •Даму сатылары
- •Мемлекетаралық төлем келісімі
- •3 Мемлекетаралық экономикалық одақтар
- •Мемлекет иелігіне алу
- •Мемлекеттік айыптаушы
- •1. Жүйелердің анықтамасы мен олардың қасиеттері
- •Тақырып. Мемлекетті басқарудың функционалдық және экономикалық аспектілері
- •2. Экономикалық жүйенің құрылымдық құраушылары
- •3. Функциялардың мәні, анықтамасы және жіктелуі
- •4. Мемлекеттің функциялары және олардың жіктелуі.
- •5. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру
- •3 Тақырып. Саяси режим түсінігі және демократия формалары
- •Президенттік режим
- •Парламенттік режим
- •4 Тақырып. Мемлекеттік басқару субъектілері және объектілері және оның жүйесі
- •1.Мемлекет қоғамдық үрдістерді басқару субъектісі ретінде.
- •2. Мемлекеттің негізгі сипаттамалары.
- •3. Мемлекеттің қоғамдық функциялары және мемлекеттік басқарудың түрлері.
- •5 Тақырып. Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының тарихи аспектісі
- •1.Мемлекеттік саясатты жасақтау негіздері
- •1. Болжау;
- •2.Мемлекеттік билік түсінігі.
- •6 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттеу
- •1. Құқықтық реттеудің мәні мен маңызы
- •3. Мемлекеттік басқару ісінде заңдылықты қамтамасыз ету мен тәртіп мәселелері
- •7 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың конституциалдық негіздері
- •Қр мемлекеттік органдар жүйесінің түсінігі, біртұтастығы.
- •2. Қр Президентінің Конституциялық мәртебесі.
- •3.Заң шығарушы билік пен оның органдарының мемлекеттік басқарудағы рөлі.
- •4.Мемлекеттік басқару жүйесіндегі атқарушы билік
- •5. Сот билігінің түсінігі және оның қоғамдағы рөлі.
- •8 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың әкімшілік, экономикалық, моральді-этникалық, әлеуметтік-саяси әдістері
- •Басқару қызметінің стилі түсінігі, мазмұны, түрлері
- •2.Басқарушылық қызмет стилі және жетілдіру қажеттілігі
- •3.Мемлекеттік басқару қызметіндегі стиль мен жауапкершіліктің өзара байланысы
- •9 Тақырып. Жергілікті басқару экономикалық ғылыми саласы ретінде
- •Әкім апараты-жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.
- •10 Тақырып. Жергілікті басқарудың міндеттері, негізгі қағидалары
- •2. Орталықтандыру.
- •11 Тақырып. Жергілікті шаруашылықты басқарудың объективті қажеттілігі
- •12 Тақырып. Әкімшілік-территроиялық бөлу және жергілікті өзін-өзі басару туралы заңнама
- •13 Тақырып. Аймақтың экономикалық дербестігі және оның мәні
- •14 Тақырып. Жергілікті жерлерде мемлекеттік билік органдарының өкілеттілігі
- •Әкім апараты-жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.
- •15 Тақырып. Муницмпалды білім берудің әлеуметтік-экономикалық дамуына орталық және жергілікті басқару органдарының әсері
- •1 Қазақстан экономикасын басқарудың саяси экономикалық негіздері
- •2 Өзін-өзі басқару тұжырымдамасы және оның негізгі жағдайы
- •3 Қазақстанның реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасы
- •4 Сыртқы экономикалық қатынастардың қалыптасуын басқару
Тақырып. Мемлекетті басқарудың функционалдық және экономикалық аспектілері
Дәріс жоспары:
1. Жүйелердің анықтамасы мен олардың қасиеттері
2. Экономикалық жүйенің құрылымдық құраушылары
3. Функциялардың мәні, анықтамасы және жіктелуі
4. Мемлекеттің функциялары және олардың жіктелуі
5. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру
1. Жүйелердің анықтамасы мен олардың қасиеттері
Басқаруда жүйелілік теориясын қолдану 50-ші жылдардың аяғында пайда болды. Басқару ғылымының бұл түріне еңбегі сіңген американдық ғалым Дж.Пола Гетти. Жүйе – бұл бір-бірімен байланысты болатын бөліктерден тұрады. Бұлардың әрқайсысының өзіндік мәні бар. Бұл қарым-қатынас кейіннен қолданылып жүргендіктен, оны теорияға және практикаға әсерін толықтай бағалау мүмкіндігі болмай отыр. Дегенмен, қазір оның әсері үлкен және болашақта өсуіне сенімі мол. Жүйелі негізде, болашақта қарастырылатын жаңа білімдер мен теорияларды синтездеу мүмкіндігі бар.
Жетекшілер өзгеріп отыратын ұйымдарды жүйе ретінде білулері тиіс, себебі бұл басқару үрдісінде жүйелік теориясын қолдану үшін қажет. Жүйелілік тұрғыда жетекшілер ұйымды сыртқы орта өзгерісі жағдайында әртүрлі мақсаттарға жетуге бағытталған адам, құрылым, міндет пен технология секілді өзара байланысты элементтер жиынтығы ретінде қарастырулары керек.
Мемлекеттік басқару жүйесі – ұлттық мемлекеттің және қазіргі заманғы саяси жүйенің қалыптасу кезеңінде пайда болған тарихи феномен. Басқару мәселелеріне қызығушылық антик әлемінде (Платон, Аристотель), мемлекеттің әлеуметтік-саяси жүйелерінің аспектілерін зерттеуді бастағаннан бері пайда болды. Дегенмен, XVІІ-ХІХ ғасырларда өндірістік революция басталғаннан бері еңбектің және әкімшіліктің жоспарлы және ғылыми ұйымдастыру мәселелері шынында көтерілген кезде-ақ мемлекеттік басқару механизмдері мен институттары, сондай-ақ мемлекеттік басқару идеялары қалыптаса бастады. Осы үрдіске әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарының дифференцияциясы, әсіресе, социология, саяси мен экономика ғылымдарының бөліну үрдістері қосылды.
Басқару универсалдық феномен болып көрінеді, өйткені ол материалдық әлемнің барлық жүйелерінде орын алады деп айтуға болады. Басқару – табиғи (эволюциялық) немесе жасанды жолмен пайда болған, ұйымдасқан жүйелерінің функциясы. Биологиялық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, кибернетикалық және басқа жүйелердегі басқаруды ажыратады. Біз үшін мемлекеттік басқару аса маңызды болады. Кез-келген ұйымдық жүйені осы феноменсіз елестетуге болмайды.
Барлық айырмашылықтарға қарамастан осы жүйелерде оларға универсалдық сипат беретін жалпы белгілері мен ерекшеліктері бар. Басқару – көпқырлы және күрделі құбылыс. Бұл бірыңғай анықтама және бірыңғай басқару теориясы жоқ екенін көрсетеді. Дегенмен, басқару-кибернетикалық феномен, ол кибернетикалық принциптермен және ақпаратты қабылдау, сақтау, тапсыру мен өңдеу заңдылықтарымен байланысты. Сондықтан, мемлекеттік басқарудың негізгі принциптері мен нұсқаулары, кибернетиканың пайда болғанынан және оның принциптерінің жұмыс істеуінен біржолата қалыптасқаны анық.
