Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖБ ЭЛ лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160 Кб
Скачать
☆

3. Функциялардың мәні, анықтамасы және жіктелуі

Кейнсиандық пен этатизмнің жақтаушылары, керісінше тура қарама-қарсы бағытты ұстанады. Яғни, олар еркін нарықтың күші жетпейтін әлеуметтік пен экономикалық міндеттердегі сол функциялардың орындалуы үшін мемлекеттің кең түрде араласуын қолдайды. Ал, авторитаризм мен тоталитаризм жақтарына келетін болсақ, олардың көпшілігі экономиканы жаппай мемлекеттендіру мен азаматтық қоғам институттарының мемлекетке толық бағынуы үшін келіседі. Сонымен бірге, патерналистік деп аталатын келісім бар, олардың жақтастарының үлкен әсері ХІХғ. Англияда өкімет басында тори болған кезеңде және ХХғ 60 жылдарында Францияда Ш.деГолля президент болғанда болды. Олар өздерінің азаматтары туралы мемлекеттің отандық қамқорлығын жақтады, өйткені оларға азды-көпті өміріне қанағат етерлік жағдай қамтамасыз етеді.

Қоғам мен экономика функциялары тұрақты өзгерістерге шалдығатын динамикалық организм болып саналады. Осы мәнде қоғам мен экономика көптеген функцияларды бірге орындайды. Мемлекет туралы да айтуға болады және де барлық жағдайларда кез келген қоғамға, әр экономикаға және әр мемлекетке тән жалпы функцияларды бөліп алуға болады. Сонымен қоса функциялары, сипаты, қалпы мен мазмұны тарихымен, жүйесімен, ұлттық-мәдени сипаттамасымен анықталатын әрбір жеке алынған мемлекеттің, ұлттық, аумақтық немесе олардың жергілікті типтерінің әрбіреуі үшін сипатталатын арнайы функцияларын айтуға болады.

Жалпы алғанда, мемлекеттік басқару жүйесі келесі функцияларды орындайды:

  • елдің экономикалық, әлеуметтік және технологиялық дамуының негізгі

бағыттарын жоспарлау мен даярлау;

  • адамдардың өзара іс-әрекетінің қолайлы жағдайларын жасау немесе

ұйымдастыру;

  • қоғамдық өмірдің түрлі саласындағы іс-әрекетін реттеу;

  • еңбектік қатынастарды бақылау мен реттеу;

  • ғылыми-техникалық дамуды қамтамасыз ету;

  • барлық деңгейдегі білім жүйесін қолдау;

  • әлеуметтік саланың үздіксіз қызмет істеуін қамтамасыз ету.

«Мемлекет функциясы» түсінігі мемлекеттің іс-әрекетінің, оның заңдылық, атқарушылық және сотқа жататын органдарының негіз болатын бағыттарын белгілеу үшін қолданылады. Олардың басты міндеті – қоғамның тиімді тіршілік әрекетін қамтамасыз ету. Атап айтқанда, функцияларында мемлекеттің мәні, оның қоғам алдында тұрған негізгі міндеттерін шешудегі ролі көрсетіледі.

4. Мемлекеттің функциялары және олардың жіктелуі.

Кез келген тарихи тұрпаттағы мемлекетті ғылыми тұрғыдан танып-білу биліктің ерекше ұйымы ретіндегі мемлекеттің ғана емес, жалпы қоғамның да негізгі сапалық сипаттамалары мен бағыт-бағдарын білдіретін оның функцияларын қарастыруды көздейді.

Мемлекеттің функциялары - бұл мемлекеттің жалпы адами мәні мен әлеуметтік тағайындалуы көрініс табатын және нақтыланатын оның ішкі және сыртқы қызметінің негізгі бағыттары.

Мемлекет функцияларын қоғамдық өмірдің салаларына байланысты, атқаратын міндеттеріне қарай ішкі және сыртқы деп топтастыруға болады. Мысалы, экологияны қорғау, экономиканы, мәдениетті, ғылым мен білім беруді дамыту — бұл оның ішкі функцияларын қүрайды. Елдің қорғанысы, бейбітшілікті қамтамасыз ету мен әлемдік тәртіпті қолдау және тағы басқалар мемлекеттің сыртқы функцияларына жатады.

Бүгінде экономикалық функция адамға, мемлекетке, әлемдік нарыққа аса қажетті өнімдерді өндіретін экономиканың қүрылымын қайта құру, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және Қазақстан үшін стратегиялық, әлеуметтік маңызды өндіріске қолдау көрсету, өндірушілерді, оның ішінде шағын кәсіпкерлікті қолдау, мақсатты бағытталған инвестициялық саясат, ішкі және әлемдік нарықта қазақстандық компаниялардың мүдделерін қорғау, аграрлық секторда жүргізілген реформалар, ең алдымен, жерге жеке меншік қүқығын қамтамасыз ету, инфляция қарқынын төмендету және баға өсуін тежеу сияқты мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды.