Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖБ ЭЛ лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160 Кб
Скачать
☆

3 Қазақстанның реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасы

Экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика Үкіметі нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап шығарды.Тұжырымдама мемлекеттік және экономикалық егемендіктің қағидаларына негізделген.Онда нарыққа өтудің статегиялық бағыттары анықталған.Реттеулі нарықтық экономикаға өту келесі бағыттардан құралады:

-меншікті мемлекет иелігінен алу-ол мемлекеттік меншік монополиясын жою және өндірушілердің бәсекесін дамытуға жағдай туғызу.Қазақстан жағдайына орай: акционерлік, ұжымдық, кооперативтік, мемлекеттік және жекеменшікке ауыстыру;

-мополиясыздандыру және монополияға қарсы шаралар-аталмыш заңды қабылдау,еркін кәсіпкерлікке жағдай туғызу және қатарлы өндірістік құрылымдарды дамыту,шетелдік капиталды ұдайы қарастыра отырып бірлескен кәсіпорындарын ұйымдастыру;

-қаржылық сауықтыру және экономиканы тұрақтандыру;

-баға құрылымы саясаты(басты тағам өнімдерін басқа тұтыну өнімдері мен қызмет түрлеріне бағаны нарық талабына қарай қалыптастыру).

Аталған реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасында негізгі қағидалар белгіленген.Олар төменде көрсетілгендей:

-Республика территориясында заңдылықтың басымдылығы мен үстемдігі;

-меншік түрлерінің сан алуандығы және олардың еркін дамуы мен бәсекесі;

-дербес баға белгілеу саясаты,еркін бағалау;

-сыртқы экономикалық саясатты жүргізудегі толық дербестік.

Нарық жүйесін ұйымдастыру мен оларды реттеу тетіктері келесіні қамтиды:

-нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру(коммерциялық банктер,тауар және қор биржалары,маркетинг орталықтары,көлік қызметі,коммерциялық ақпарат орталықтары,т.б);

-өндірістік құралдар нарығы;

-тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету нарығы;

-еңбек нарығы;

-қаржы нарығы.

4 Сыртқы экономикалық қатынастардың қалыптасуын басқару

Өтпелі кезеңде реттеулі нарықтық экономикаға айтарлықтай әсер ететін факторлардың бірі-республиканың сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту. Ол байланыстарды кеңіту үшін серіктестіктердің өзара ынталарын кепілдендіретін,шетел фирмаларының меншігін сақтайтын,валюталық операцияларды реттейтін,бірлескен кәсіпорындардың қызметін қамтамасыз ететін заңдар қабылдануы талап етіледі.

Басқару барысында Қазақстан экономикасын әлемдік шаруашылық байланыстарына тарту мынандай қағидаларға негізделеді:

сыртқы экономикалық қызметті іске асыру республиканың дербестігіне байланысты және ақша-қаражат,валюта жүйелері бірлігін сақтауы;

сыртқы экономикалық байланыстарда барлық субъектілерінің теңдігі;

мемлекеттік реттеу-экономикалық тұтқалар негізінде(кедендік баждар,субсидиялар,салықтар,пайыздық мөлшерлемелер,лицензиялау және т.б.).

Республиканың сыртқы экономикалық қатынастарының дамуындағы негізгі мәселе-ол экспорт мәселесі. Сондықтан, республиканың экспорттық әуелетінің жүзеге асырылуы екі бағытта жүргізілуі керек:

экспортқа мамандандырылған өндірісті дамыту;

экспорттық өнімді көпшілік өндіріс үшін басты бөлім деп есептеу.

Қазақстанның экспорттық саясатын басқару-ол ең алдымен валюталық ресурстарды молайту және экспорттың құрылымын, шикізаттың бағытты өзгерту (азайту).

Келтірілген шаралардың бәрі еліміздің валюталық ресурстарын ұлғайтуға,нығайтуға тікелей және халықаралық экономикалық қатынастарды білікті басқаруға әсер етеді.

Негізгі әдебиеттер: 3,4,5

Қосымша әдебиеттер: 4,5