- •Мемлекет түрлері
- •Мемлекет басқаруы бойынша
- •Қызметтері
- •Даму сатылары
- •Мемлекетаралық төлем келісімі
- •3 Мемлекетаралық экономикалық одақтар
- •Мемлекет иелігіне алу
- •Мемлекеттік айыптаушы
- •1. Жүйелердің анықтамасы мен олардың қасиеттері
- •Тақырып. Мемлекетті басқарудың функционалдық және экономикалық аспектілері
- •2. Экономикалық жүйенің құрылымдық құраушылары
- •3. Функциялардың мәні, анықтамасы және жіктелуі
- •4. Мемлекеттің функциялары және олардың жіктелуі.
- •5. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру
- •3 Тақырып. Саяси режим түсінігі және демократия формалары
- •Президенттік режим
- •Парламенттік режим
- •4 Тақырып. Мемлекеттік басқару субъектілері және объектілері және оның жүйесі
- •1.Мемлекет қоғамдық үрдістерді басқару субъектісі ретінде.
- •2. Мемлекеттің негізгі сипаттамалары.
- •3. Мемлекеттің қоғамдық функциялары және мемлекеттік басқарудың түрлері.
- •5 Тақырып. Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының тарихи аспектісі
- •1.Мемлекеттік саясатты жасақтау негіздері
- •1. Болжау;
- •2.Мемлекеттік билік түсінігі.
- •6 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттеу
- •1. Құқықтық реттеудің мәні мен маңызы
- •3. Мемлекеттік басқару ісінде заңдылықты қамтамасыз ету мен тәртіп мәселелері
- •7 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың конституциалдық негіздері
- •Қр мемлекеттік органдар жүйесінің түсінігі, біртұтастығы.
- •2. Қр Президентінің Конституциялық мәртебесі.
- •3.Заң шығарушы билік пен оның органдарының мемлекеттік басқарудағы рөлі.
- •4.Мемлекеттік басқару жүйесіндегі атқарушы билік
- •5. Сот билігінің түсінігі және оның қоғамдағы рөлі.
- •8 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың әкімшілік, экономикалық, моральді-этникалық, әлеуметтік-саяси әдістері
- •Басқару қызметінің стилі түсінігі, мазмұны, түрлері
- •2.Басқарушылық қызмет стилі және жетілдіру қажеттілігі
- •3.Мемлекеттік басқару қызметіндегі стиль мен жауапкершіліктің өзара байланысы
- •9 Тақырып. Жергілікті басқару экономикалық ғылыми саласы ретінде
- •Әкім апараты-жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.
- •10 Тақырып. Жергілікті басқарудың міндеттері, негізгі қағидалары
- •2. Орталықтандыру.
- •11 Тақырып. Жергілікті шаруашылықты басқарудың объективті қажеттілігі
- •12 Тақырып. Әкімшілік-территроиялық бөлу және жергілікті өзін-өзі басару туралы заңнама
- •13 Тақырып. Аймақтың экономикалық дербестігі және оның мәні
- •14 Тақырып. Жергілікті жерлерде мемлекеттік билік органдарының өкілеттілігі
- •Әкім апараты-жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.
- •15 Тақырып. Муницмпалды білім берудің әлеуметтік-экономикалық дамуына орталық және жергілікті басқару органдарының әсері
- •1 Қазақстан экономикасын басқарудың саяси экономикалық негіздері
- •2 Өзін-өзі басқару тұжырымдамасы және оның негізгі жағдайы
- •3 Қазақстанның реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасы
- •4 Сыртқы экономикалық қатынастардың қалыптасуын басқару
13 Тақырып. Аймақтың экономикалық дербестігі және оның мәні
Дәріс жоспары:
1 ҚР-ның мемлекеттік басқару саясаты
2 Аймақтық экономикалық саясаттың мақсаттары және міндеттері
3 Жаңа аймақтық саясатты жасау қажеттілігі
4 Аймақтық саясаттың қағидаттары
1 ҚР-ның мемлекеттік басқару саясаты
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді.80-жылдардың екінші жартысынан бастап бұрынғы Кеңес Одағында,сондай-ақ Қазақстанда қоғамдық-саяси ахуал қарама-қайшылықтармен сипатталып,қоғамдық тұрақсыздықтыкөрсетті.
Орталықтың Республика мен оның аймақтарының мүдделерін ескермеуі,қоғамдық және территориялық еңбек бөлінісінде орын алып отырғандай,мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама-қайшылығын үдете түсіп,табиғи ресурстардың бей-берекет пайдалануына мүмкіндік береді,мұның ақыры экономикалық ахуалдың шиелене түсуіне әкеліп соқтырады.Тұрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталынғандай жүйенің ішкі тоқырауында болды.Кеңестік жүйенің күйреу алдындағы айқын дәлел ауқымды кезекке тұру,талондық жүйенің үдей түсуі,ақшаның құнсыздануы болып табылады.Тіпті 1993 жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады.Сонымен қатар көптеген мемлекеттердің тәжірибесі айқын дәләлдегендей,барлық шаруашылық жүргізу жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады.Ол еңбекті ынталандыруды жетілдіреді,өнім өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етеді,өндірушілердің монополиясына жол бермейді және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды.
Республикамызда терең де батыл өзгерістерді жүзеге асыруда нақтылы алғышарттар қажет етілді.Осы бағытта 1990 жылы 25 қазанда “Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы” және 1993 жылдың 28 қаңтарында Республиканың Ата Заңының (Конституциясының) қабылдануы мемлекетіміздің тарихындағы жаңа сәт болып табылады.Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған екінші Конституциясы және 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы ”конституциялық заң еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында айрықша орын алады.
Аталып өткен құжаттардың Республикадағы саяси-экономикалық үрдістерді басқаруда маңызы зор. Оларда экономикалық тәуелсіздіктің негіздері,нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың маңыздылығы көрсетілген .Бұл жәйтреспублика дербестігінің экономиаклық алғышарты мен өмір тіршілігін басқарудыңбарлық аясын анықтайды.Атап айтқанда, олар Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің негізі:жерге,оның қойма байлықтарына,ішкі және территориялық су ресурстарына,өсімдік пен жан-жануарлар әлеміне,тарихи,мәдени құндылықтарына,материалдық,қаржылық ресурстарына,өндірістік және өндірістік емес объектілігіне деген төтенше меншігі.
2 Аймақтық экономикалық саясаттың мақсаттары және міндеттері
Экономикалық саладағы аймақтық саясаттың мақсаты болып ауданаралық еңбек бµлінісінің объективті артықшылықтарын, территориялық агломерация және кооперациясын тиімді қолдану жолындағы µмір сапасын және деңгейін арттыру мақсатындағы әр түрлі шектеулі µндірістік ресурстарды ұтымды пайдалану болып табылады.
Аймақтық дамудың мақсаты бірінші кезекте аймақтың табиғи, капиталдық, еңбек ресурстарын ұтымды пайдаланумен, шаруашылық, әлеуметтік және табиғи-экологиялық кешендік аймақтық дамудағы жүйелік тұрғыны қамтамасыз етумен тығыз байланысты.
Мемлекеттік аймақтық саясаттың мақсаты жеткілікті кµптүрлі Солардың ішінде келесідей түрде бµлінеді:
• Қазақстандық мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық негізін нығайту және оның тұтастығын сақтау, әскери және экономикалық қауіпсіздікті және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
• ҚР аймақтарының µмір сүру деңгейін арттыру;
• ҚР барлық халқының ұлттық- мәдени дамуы үшін жағдай жасау
• жеке аймақтармен әлеуметтік топтардың омір деңгейін әлеуметтік теңдігін қамсыздандыру және олардың мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатыммен қызығушылықтарын арттыру;
• халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, аймақтардағы нарықтық экономиканы қалыптастыру.
Аймақтық дамуды реттеудің басты мақсаты территориялырдың салыстырмалы артықшылықтарын қолдану және мамандандыру саласының дамуын ынталандыру базасындағы негізделген ішкі аумақтық пропорцияларды қалыптастыру үшін жақсы жағдай жасаудан тұрады.
1. Аймақтың индустриалдық дамуының кµрсеткіштері.
2. Аймақтың дамуының әлеуметтік факторлары.
3. Аймақтың қаржылық кµрсеткіштері
4. Потенциалдың ресурстың кµрсеткіштері.
Аймақтық қызығушылық аумақтарда орналасқан аймақтардың өндірістік, еңбектік және табиғи ресурстарын тиімді қолдануда жүзеге асырылады.
Экономикалық қызығушылық — аймақтың экономикалық және саяси дамуының тенденциясын анықтауға қажетті түсінік. Оның анықталуы шаруашылық қызметіндегі түрлі субъектілерінің іс-әрекетін зерттеуді болжамдайды, оның объективті жағдайын талдауын, халықтың жеке топтарының қызуғышылықтарының трансформа иясының бағыттарын және қалыптасуының перспективаларын анықтайды.
3 Жаңа аймақтық саясатты жасау қажеттілігі
Қазіргі уақытта аймақтық шаруашылықты қайта құрудың, мазмұны бойынша күрделі үрдісі жүріп жатыр.
Ғылым мен тәжірибе аймақтық басқару жүйесін жетілдірудің анағұрлым оптималды жолдарын белсенді түрде іздеу, сонымен бірге аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуын мемлекеттік реттеудің ұйымдастырылу тұрғыларын құру сатысында.
Нарыққа өту кезінде аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінде айырмашылықтар шаруашылықты аймақтық ұйымдастыруда терең диспропорция болуы онымен бірге қалыптасқан шаруашылық байланыстарының алшақтап кетуі салдарынан арта түсті. Тігінен және көлбеу бойынша әркелкі және келісілмеген мемлекеттік және аймақтық басқару құрылымдарының нарықтық реформалары реформалардың біріңғай мемлекеттік саясатын мақсатқа бағыттап жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Аймақтардың дағдарыстан шығудың жеке жолын таңдау кезінде басқарудың аймақтық органдары көп жағдайда стратегиялық мақсаттарды шешуді ескермей қалады, ал жалпы мемлекеттік деңгейде- шешім қабылдау кезінде аймақтық ерекшеліктер қажетті түрде бағалама бермейді, сонымен бірге экономиканы басқарудың аймақтық деңгейі нарықтың қайта құруға мүлде дайын еместігін көрсетті. Басқарудың бұйрық - әкімшілік жүйесі жағдайында кез келген аймақтың экономикасы одақтық, республикалық, салалық органдармен басқарылады, ал аймақтық экономиканы біртұтас басқару жүйесі болмады. Трансформациялық үрдістер және шаруашылық жүргізудің жаңа шарттары бойынша нарықтық қатынастардың құрылуының аймақтық ерекшеліктерімен байланысты қосымша мәселелер пайда болады. Бұл мемлекеттік жаңа даму сатысында дәлелденген аймақтық саясатты жасау мен жүзеге асыру қажеттілігін тудырып отыр.
Бұрынғыдай, жаңа аймақтық саясат негізінде жалпы мемлекеттік құрылымда аймақтық дәрежеге ауыстыру, өзін-өзі басқарудың жалпы дамуы, жергілікті органдарында кәсіпкерлікті қолдау, аймақ шегінде әлеуметтік мәселелерді, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін шешу жатқызылуы тиіс, сонымен қоса, бұрынғысына қарағанда, жаңа аймақтық саясат қазіргі нарықтың тұжырымдамаға негізделуі керек.
4 Аймақтық саясаттың қағидаттары
Қазақстана мемлекеттік басқарудың тиімді схемасын іздеу қайшылықтарымен өтіп жатыр. Бір жағынын, ол Қазақстанның унитарлы мемлекет ретіндегі мемлекеттік бірлігін сақтаумен нығайтуға сүйенеді. Екінші жағынын, Конституциямен бекітілген жергілікті өзін-өзі басқару құқығы жергілікті мәселелерді шешу бойынша өкілеттіліктерді аймақтар деңгейіне беруді ұйғарады. Қазіргі уақытқа дейін аймақтық саясаттың негізгі қағидаттары жасалмағандықтан, мемлекеттік басқаруды қайта құру жүйессіз түрде орындалып жатыр, тиісті ғылыми және экономикалық дәлелдеудің жоқтылығынан, әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекералары өзгертіліп, арнайы экономикалық зоналар құрылып жатыр, инвестициялар мен трансферттер бөлініп жатыр. Бұл аймақтық басқаруың іске асыратын мемлекеттік органдардың жергілікті басқару органдарымен өзара әрекет ету механизмдерін және қоғамдық, коммерциялық, мемлекеттік құрлымдарды толық пайдалану мүмкіншіліктерін жеткілікті түрде нақты ұйғармайтындығын көрсетеді.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік аймақтық саясат басқару жүйесінің барлық деңгейлерінде оның негізгі қағидаттарын іске асыратын әр түрлі механизмдерді қолданады. Негізінен, келесілер арқылы:
экономикалық реформалар;
құрлымдық қайта құру;
нарық инфрақұрлымды құру;
қоғамдық және әкімшілікпен басқарудың ұйымдық формалары.
Соңғы кезде қолданылып жүрген аймақтық саясаттың қағидаттары өздері құрылатын және дамитын ішкі және сыртқы жағдайлармен шарттасылған. Оларға жататындар:
Дәстүрлі табиғатты пайдалану ерекшеліктері бойынша Қазақстанның экологиялық тұрғыда қорғалуы, осының негізінде жекелеген аймақтардың аумақтық мәселелерін шешудің біртұтас бабына жетуге болады.
Негізгі әдебиеттер: 1,2,3
Қосымша әдебиеттер: 4,5
