Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖБ ЭЛ лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160 Кб
Скачать
☆
  1. әкімшілік-жергілікті атқарушы органды басқаратын өзіне қарасты территорияларда мемлекеттік саясатты жүргізу, ҚР-ның орталық атқарушы органдарының барлық территориялардың бөлімшелерінің келісімімен қызметін, сәйкес бюджеттіктен қаржыландыратын атқарушы органдарға жетекшілік етуді қамтамасыз ететін, ҚР-ның Заңына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттіне ие, өзіне қарасты территорияларының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына жауапты ҚР-ның Президенті мен Үкіметінің өкілі.

  2. Әкім апараты-жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.

Заңда айтылғандай, облыс (республикалық дәрежедегі қала, астана) әкімі Пример-Министірдің ұсынысы бойынша ҚР-ның Президентімен қызметке тағайындалады.

Облыс (республикалық дәрежедегі қала, астана) әкімі ҚР-ның Президентінің бұйрығы бойынша қызметінен басталады.

Облыс (республикалық дәрежедегі қала, Астана) әкімінің өкілеттігі ҚР-ның қайта сайланған Президенті өз қызметіне кіріскен мезгілден бастап тоқтатылады сонымен бірге, әкім өз міндеттерін орындауды ҚР-ның Президенті жаңа әкім тағайындағанға дейін жалғастыады.

Заңға сәйкес облыс (республикалық дәрежедегі қала, Астана) әкімінің құзіреті келесілерден тұрады:

  1. мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қатынаста облыс (республикалық дәрежедегі қала, Астана) мүдделерін білдіреді;

  2. заңдарды, ҚР-ның Президенті мен Үкіметінің актілерін, әкімнің және облыс акиматының актілерін орындау бөлігінде орталық атқарушы органның территориялдық бөлімшесінің қызметі туралы ұсыныстарды орталық атқарушы органдар жетекшілеріне ұсынуға құқылы;

  3. белгілі тұлғаларды мемлекеттік сыйлықпен марапаттау, оларға құрмет және т.б атақ беру туралы ҚР-ның Президентіне ұсыныстар жасайды;

  4. келесі лауазым тұлғаларды қызметтке тағайындайды және қызметінен босатады:

  5. өкіметті жоғарғы мемлекеттік органдардың келісімімен облыс (республикалық дәрежедегі қала, Астана) әкімдердің орынбасарларын; олардың саны ҚР-ның Үкіметімен анықталады;

  6. облыс (республикалық дәрежедегі қала, Астана) әкімі аппаратының жетекшісін және оның құрамдық бөлімшелерінің жетекшілерін;

  7. заңмен бекітілген тәртіп бойынша формалық мундир киген құқығы берілген және әскери немесе басқа айрықша атаққа ие жетекшілердің басқа, облыстық (республикалық дәрежедегі қала, Астана) бюджеттен қаржыландыратын барлық атқарушы органдардың жетекшілерін. Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын ішкі істер азаматтарының бөлімшілерінің жетекшілерін қызметке тағайындау және босату ҚР-ның Заңына сәйкес жүзеге асырылады;

  8. облыстық (республикалық дәрежедегі қала, астана) бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдар жетекшілеріне, сонымен бірге аудан (облыстық дәрежедегі қала, республикалық дәрежедегі қаладағы аудан, астанадағы аудан)әкімдеріне ҚР-ның заңына сәйкес дисциплиналарлы жауапкершілік шараларын қолдану

  9. мәселелерін шешеді. Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын ішкі істер органдарының қызметкерлеріне дидициплинарлы жаза қолдану тәртібі ҚР-ның заңына сәйкес жүзеге асырылады;

  10. аудан (облыстық дәрежедегі қала, республикалық дәрежедегі қаладағы аудан, астанадағы аудан) акиматтары мен әкімдерінің жұмысын үйлестіреді;

  11. аудан (облыстық дәрежедегі қала, республикалық дәрежедегі қаладағы аудан, астанадағы аудан) әкімі арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзі қызмет жасайды;

  12. маслихат бекітуіне ведомство аралық сипаттағы сұрақтар бойынша кеңес беру органының персонал құрамын ұсынады;

  13. заңмен бекітілген жағдай мен тәртіпте кәсіпкерлік қызметті лицензиялауды іске асырады;

  14. өз құзыретінің шегінде жалпы әскери міндет пен әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сонымен бірге жұмылдыру мен жұмылдырған дайындық сұрақтары бойынша заңдылықтың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

  15. мәмілелерге қол қою және жекешелендіру, жалға беру, кәсіпорындарды, кен орындарын және мемлекет меншігіндегі басқа объектілерді сату сұрақтарын қарастыратын ҚР-ның өкілетті мемлекеттік органымен тең дәрежеде мәмленің орындалуын бақылау үрдістеріне қатысады.

Негізгі әдебиеттер: 1,2

Қосымша әдебиеттер: 4,5