Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеттер.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
97 Кб
Скачать
☆

1.Мейрамхананың бөліну типологиясы

Мейрамхананың 9 түрлі типі бар:

  • Австерия. Ең алғаш Ежелгі Русь мемлекетінде, Петр патшаның бұйрығымен салынған. Алкогольді ішімдіктердің кең таңдауы бар мейрамхана типі.

  • Бистро - қарапайым тағамдар ұсынылатын кішігірім мейрамхана-кафе. Көбіне Париж мейрамханаларына тән.

  • Брассери (фр. Brasserie — «сыра қайнату орны») француздық кафенің түрі. Өткен ғасырларда француз брассерилері ақындар, суретшілер мен әншілердің сүйікті жері болған. Мәзірі әдетте грифельді тақтайларда жазылған. Бүгінгі таңда, бұл типке интерьері мен мәзірі өзгермеген мейрамхана, кафе және бистроларды жатқыза алмыз.

  • Кнайпа (польск. knaipa, укр. кнайпа, от нем. Kneipe — «сырахана») Польшадағы ішімдік ішуге арналған орынның қарапайым атауы.

  • Остерия (итал. oste — «қонақ») итальяндық стильдегі және итальяндық асханасымен ерекшеленетін мейрамхана типі.

  • Сыра бағы (Пивной сад) Сыра мейрамханасының ерекше типі.

  • Мейрамхана алаңы (Ресторанный дворик) Сауда орталығы, аэропорт немесе жеке ғимараттағы ортақ алаңда бірнеше мейрамханалардың бірдей қызмет көрсетуі.

  • Трактир (лат. tracto — тамақтандыру) ерте кездерде бұл атпен мейманханадағы мейрамхананың түрін айтатын. Қазір бұл атпен ең төменгі разрядты мейрамхана түрін атайды. I Петр патшаның билігі кезінен қолданылады.

  • Траттория – итальяндық стильдегі және итальяндық ас үйімен ерекшеленетін мейрамхана түрі. Ол классикалық мейрамханадан компьютер арқылы терілген мәзірінің жоқтығымен, қарапайым қызмет көрсету түрімен, төмен бағаларымен және тұрақты тұтынушыға деген сұранысымен ерекшеленеді.

2.III, IV, V- ші санаттағы аспаздардың міндеттері.

III - ші санаттағы аспаздардың міндеттері:

Балық және балық өнімдерін тазалау және балық өнімдерінен тағамдар жасау, жалпы гигиена талаптарын орындау.

IV - ші санаттағы аспаздардың міндеттері:

Ыстық және суық тағамдар мен тіскебасарлар дайындау, үстелдердің үстіне ыдыстарды дұрыс орналастыру, жалпы гигиена талаптарын орындау.

V- ші санаттағы аспаздардың міндеттері:

V- ші санаттағы аспаздар бас аспаз болып есептеледі. Олар тағамдардың түрлері, жасалуы мен дәміне жауапты, сонымен қатар жоғарыда аталған барлық функцияларды атқара білуі тиіс.

3.Мейманханада меймандарға қызмет көрсетудің технологиялық циклін құрастыру.

Мейманханада меймандарға қызмет көрсету түрлерінің аз-көптігі мейманхана классификациясына тікелей тәуелді. Ең негізгі қызмет – меймандарды жатын орынмен қамтамасыз ету. Мейманхана қызметтеріне мейманды қарсы алу, жүктерін бөлмесіне жеткізу, тіркеу жүргізу, үш мезгіл аспен қамтамасыз ету, қосымша тапсырыстарды орындау, мейман тапсырысы бойынша көлік дайындау секілді қызметтер кіруі мүмкін. Сонымен қатар, жанұясымен келген қонақтардың бүлдіршіндеріне арналған арнайы ойын алаңы, гольф алаңы, мейманхана ішіндегі мейрамхана, бар, spa-процедуралар, туристтерге арналған арнайы туристтік бағдарламалар қарастырылуы мүмкін.

4-билет